Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 7-6-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

7-6-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 7-6-бап. Атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шаралары және оларды қолдану тәртібі Атом энергиясын пайдалану туралы Заңы 

      1. Бақылау және қадағалау органы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда, егер бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) қызметі жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, мүлікке, қоршаған ортаға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін болса, атом энергиясын пайдалану саласындағы жедел ден қою шараларын (бұдан әрі – жедел ден қою шаралары) қолданады.

      2. Тексеруді және (немесе) тергеп-тексеруді жүзеге асыру барысында және (немесе) оларды жүргізу нәтижелері бойынша бақылау мен қадағалау субъектілеріне (объектілеріне) қолданылатын ықпал ету тәсілдері жедел ден қою шаралары болып саналады, олардың түрлері осы бапта көзделеді.

      3. Жедел ден қою шаралары мынадай түрлерді қамтиды:

      1) бақылау мен қадағалау субъектілерінің (объектілерінің) қызметін тоқтата тұру;

      2) бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) атом энергиясын пайдалану саласында өнім өндіру, аспаптар мен қондырғылар дайындау, қызметтер көрсету, жұмыстарды орындау жөніндегі қызметіне немесе кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу;

      3) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді, аспаптар мен қондырғыларды әкелуге, Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға және өткізуге тыйым салу;

      4) адамдарды жұмыстан уақытша шеттету.

      4. Адамдардың өмiрi мен денсаулығына қатер төндiретiн, қоршаған ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтiк ластануына алып келетін, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарды бұзу жедел ден қою шараларын қолдануға негiз болады.

      Бұзылуы жедел ден қою шараларын қолдануға алып келетін талаптардың тізбесін, сондай-ақ талаптарды нақты бұзуға қатысты жедел ден қою шараларының нақты түрін айқындауды осы шараның қолданылу мерзімін (қажет болған жағдайда) көрсете отырып, уәкілетті орган бекітеді.

      5. Бақылау және қадағалау органы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды бұзушылықтарды анықтаған кезде уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша қадағалау актісін ресімдейді.

      Қадағалау актісі рәсімделеді және бақылау мен қадағалау субъектісіне төменде санамаланған тәсілдердің бірімен жіберіледі және мынадай жағдайларда:

      1) қолма-қол – қорытындыда алғаны туралы белгі жасалған күннен бастап;

      2) поштамен – хабарламасы бар тапсырысты хатпен;

      3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларына, оның ішінде "цифрлық үкімет" веб-порталында тіркелген құрылғыларға, жедел хабар алмасу сервистеріне, электрондық поштамен жіберілген жағдайда, бақылау және қадағалау органы бақылау мен қадағалау субъектісінің (объектісінің) ресми өзара іс-қимыл жасау үшін пайдаланылатын мекенжайына жіберген күннен бастап тиісті түрде табыс етілді деп есептеледі.

      6. Қадағалау актісін қолма-қол табыс етілген кезде оны қабылдаудан бас тартылған жағдайда, оған тиісті жазба енгізіледі және актіні қабылдаудан бас тарту фактісін тіркеп-белгілейтін бейнежазба жүзеге асырылады. Қадағалау актісі оның табыс етілгені туралы хабарламасы бар хатпен бақылау мен қадағалау субъектісінің заңды мекенжайына, тұрған жеріне немесе нақты мекенжайына жіберіледі.

      7. Қадағалау актісін алудан бас тарту оны орындамауға негіз болмайды.

      8. Мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында және (немесе) оның нәтижелері бойынша анықталған, жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын, талаптарды бұзушылықтар тексеру, тергеп-тексеру нәтижелері туралы актілерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада және жедел нұсқамада көрсетіледі.

      9. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды анықталған бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада және жедел нұсқамада көрсетілген мерзімдерде жоюға міндетті.

      10. Тексеру, тергеп-тексеру және тұрақты мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелері бойынша талаптарды анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері өткеннен кейін жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын анықталған бұзушылықтардың жойылғанын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      Бақылау және қадағалау органы осы Заңның 7-2-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жоспардан тыс тексеру нәтижелері туралы актінің негізінде жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғанын растаған жағдайда қадағалау актісінің қолданысы тоқтатылады.

      11. Жедел ден қою шараларын қолдануға негіз болатын талаптарды анықталған бұзушылықтар жойылмаған жағдайда жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген адамдарды Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тарту жөнінде, сондай-ақ сотқа талап қою арқылы мәжбүрлеп орындату жөнінде шаралар қабылданады.

      12. Бақылау мен қадағалау субъектісі тергеп-тексеру нәтижелері туралы актіде, Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы және (немесе) радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада және жедел нұсқамада көзделген мерзімдер өткенге дейін бұзушылықтардың жойылу фактісін дәлелдейтін материалдарды қоса бере отырып, талаптарды анықталған бұзушылықтардың жойылғаны туралы ақпарат беруге міндетті.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген ақпарат берілген жағдайда осы баптың 10-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізіледі.

      13. Бақылау мен қадағалау субъектісі жедел ден қою шараларын қолдануға алып келген мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда қадағалау актісін жарамсыз деп тану және оның күшін жою туралы шағым бере алады.

      Шағым Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 29-тарауында көзделген тәртіппен жоғары тұрған мемлекеттік органға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа беріледі.

      Шағым беру қадағалау актісінің орындалуын тоқтата тұрмайды.

      14. Қадағалау актісін жарамсыз деп тануға және оның күшін жоюға:

      1) жедел ден қою шараларын қолдануға негіздердің болмауы;

      2) жедел ден қою шараларының осы шараларға сәйкес келмейтін негіз бойынша қолданылуы;

      3) бақылау және қадағалау органының жедел ден қою шараларын өз құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша қолдануы негіз болады.

      15. Жедел ден қою шараларын қолдану туралы ақпарат өз құзыреті шегінде мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы айқындаған тәртіппен жіберіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 442-V ҚРЗ. 

Осы Заң адамдардың өмiрi мен денсаулығын, олардың мүлкін, қоршаған ортаны қорғау мақсатында атом энергиясын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеудiң құқықтық негiзi мен қағидаттарын айқындайды және ядролық қаруды таратпау режимiн, атом энергиясын пайдалану кезiнде ядролық, радиациялық және ядролық физикалық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталады. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау