Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Сұрау салушы тараптан іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды пошта, телеграф, телекс, факс және өзге де байланыс түрлері арқылы алғаннан кейін прокурор адамды күзетпен ұстау орны бойынша аудандық және оған теңестірілген сотқа ұстап беру (экстрадициялау) мақсатында адамға экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы өтінішхат енгізеді.

      2. Тергеу судьясының қарауына өтінішхатпен бірге:

      1) шет мемлекеттің құзыретті органының адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуының Қазақстан Республикасының тиісті орталық органы куәландырған көшірмесі;

      2) адамның азаматтығы туралы құжаттар;

      3) қолда бар экстрадициялық тексеру материалдары ұсынылады.

      3. Тергеу судьясы өтінішхатты қарайды және экстрадициялық қамаққа алуды қолдану туралы не экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарады.

      4. Тергеу судьясы өтінішхатты қарау кезінде іздестіріліп жатқан адамның азаматтық тиесілігін, сондай-ақ кінәлілігі туралы мәселені зерттеместен және ұстап берілуі (экстрадициялануы) сұратылып отырған адамға қатысты іс бойынша шет мемлекеттің құзыретті органдары қабылдаған процестік шешімдердің заңдылығын тексерместен, оны ұстап беруге (экстрадициялауға) сұрау салынуына байланысты іс-әрекет бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін қылмыс болып табылатынын-табылмайтынын тексереді.

      5. Тергеу судьясының осы қаулысына шағым жасау және оны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау осы Кодекстің 107-бабында көзделген тәртіппен облыстық немесе оған теңестірілген сотқа жүзеге асырылады, ол осы баптың төртінші бөлігіне сәйкес оның заңдылығы мен негізділігін тексереді.

      6. Тергеу судьясы экстрадициялық қамаққа алуды қолданудан бас тарту туралы қаулы шығарылған жағдайда, сонымен бір мезгілде қаулыны прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және облыстық немесе оған теңестірілген сотта істі қарау кезеңінде іздестіріліп жатқан адамды күзетпен ұстау туралы шешім қабылдайды.

      7. Ұстап берілуге (экстрадициялануға) жататын адамға қатысты экстрадициялық қамаққа алу оны ұстап алған кезден бастап он екі ай мерзімге, ал сот үкімін орындауға келтіру үшін сұратылып отырған адамға қатысты – ол сұрау салушы мемлекетте сотталған мерзімнен аспайтын мерзімге қолданылады.

      8. Күзетпен ұстау орнының әкімшілігі экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды күзетпен ұстау мерзімі аяқталардан он тәулік бұрын бұл туралы прокурорға хабарлауға міндетті.

      9. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешім қабылданғаннан кейін экстрадициялық қамаққа алудың он екі айлық мерзімі өткен жағдайда, егер:

      1) ұстап берілген адамды ұстап беруді сұратып отырған мемлекеттің аумағына этаппен апаруды ұйымдастыру;

      2) ұстап берілген адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының немесе оның орынбасарының ұстап беру туралы қаулысына шағымын қарау үшін қосымша уақыт қажет болса, оны күзетпен ұстау мерзімін тергеу судьясы, ұстап берілген адамды шет мемлекетке нақты бергенге дейін прокурордың өтінішхаты бойынша, жасалуына ұстап беріліп отырған адам айыпталатын (күдіктелетін) қылмыс бойынша шет мемлекеттің қылмыстық заңының санкциясында көзделген бас бостандығынан айырудың ең көп мерзімі шегінде ұзартады.

      10. Экстрадициялық қамаққа алу қолданылған адамды босату прокурордың қаулысы негізінде, оның ішінде осы бапта көрсетілген мерзім аяқталған соң да жүргізіледі, егер осы мерзімде ұстап беру (экстрадициялау) жүргізілмесе, бұл туралы дереу Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабарланады.

      11. Адамды экстрадициялық қамаққа алудан босату, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, оны ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімді орындау үшін шет мемлекетке адамды нақты беру мақсатында қайтадан қолдануға кедергі келтірмейді.

      Ескерту. 589-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

579-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

579-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) турал...

Толық оқу »

580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Ос...

Толық оқу »

585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)кезінде күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)кезінде күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Шет мемлекеттің құзыретті органыны...

Толық оқу »

591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасының Бас Проку...

Толық оқу »

592-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

592-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасы Бас Проку...

Толық оқу »

590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан)бас тарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан)бас тарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер: 1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) т...

Толық оқу »

426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға ал...

Толық оқу »

84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі

84-бап. Қамаққа алуға сотталғандарды жазасын өтеу үшін жіберу Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексі      1. Сотталғандар сот үкімі заңды күшіне енген күннен баста...

Толық оқу »

Тергеу судьясының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мазмұнын айқындауға санкция беруі жүзеге асырылады үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстамай, бірақ судья белгілеген шектеулерді қолдана отырып, қоғамнан оқшаулаудан тұрады

Тергеу судьясының үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мазмұнын айқындауға санкция беруі жүзеге асырылады үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстамай, бірақ судья белгіл...

Толық оқу »

162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

162-бап. Мүлікке тыйым салу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мүлікке тыйым салу қажет болған кезде сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзе...

Толық оқу »

222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi  22-тарау. КЕМЕНІ ТҰТҚЫНДАУ Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

222-бап. Кеменi тұтқындау негiздерi 22-тарау. КЕМЕНІ ТҰТҚЫНДАУСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Кеменi тұтқындау теңiз талабын қамтамасыз ету үшiн кеменi кiдiр...

Толық оқу »

Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы өтініші ҚР

Әділет департаментінің жылжымайтын мүлікті тыйым салудан босату туралы өтінішіНазар аударыңыз!Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне...

Толық оқу »

Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау туралы тергеу судьясы бұлтартпау шарасына үйқамақ түріндегі санкция беруге Не кепіл қолдануға құқылы

Күдіктіні күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішхатты қарау туралы тергеу судьясы бұлтартпау шарасына үйқамақ түріндегі санкция беруге Не кепі...

Толық оқу »

213-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (оларға тыйым салу), тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру, кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқтамау салдарлары  Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

213-бап. Кедендік рәсіммен орналастырылған тауарларды алып қою (оларға тыйым салу), тәркілеу немесе мемлекет меншігіне айналдыру, кедендік рәсімді белгіленген мерзімдерде аяқт...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабына түсініктеме. Үйқамақ

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 146-бабына түсініктеме. Үйқамақ1. Үйқамақ күдіктіні, айыпталушыны күзетпен ұстамай, бірақ осы Кодекстің 147-бабында көзде...

Толық оқу »