426-бап. Бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының
1 Жазасын өтеп жүрген немесе алдын ала қамауға алынған адамның бас бостандығынан айыру орындарынан, қамақтан немесе күзеттен қашуы –
үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2 Мынадай:
1) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған;
2) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып не сондай күш қолдану қатерін төндіріп;
3) қаруды немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданып
жасалған дәл сол іс-әрекет –
үш жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың
нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы