Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

580-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы құжаттарды дайындау және сұрау салуларды жіберу тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайда және тәртіппен, қылмыстық процесті жүргізетін орган Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған және оның аумағын тастап кеткен адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхатқа қажетті құжаттарды қоса бере отырып, осы өтінішхатпен Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына өтініш жасайды.

      2. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхат жазбаша нысанда жасалады және онда:

      1) іс жүргізуінде қылмыстық іс жатқан органның атауы;

      2) күдіктінің (сотталған адамның) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған жылы, азаматтығы туралы деректер, фотосуреттері;

      3) жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауаптылық көзделетін заңның мәтінін келтіріп, санкциясын міндетті түрде көрсете отырып, осы қылмыстың нақты мән-жайларының жазылуы;

      4) заңды күшіне енген үкімнің не күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулының шығарылған жері мен уақыты туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.

      3. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы өтінішхатқа:

      1) егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін сұратылса, күдіктінің іс-әрекетін алдын ала саралауды айқындау туралы қаулының, айыптау актісінің, айыптау хаттамасының, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру хаттамасының, тергеу судьясының немесе соттың адамды күзетпен ұстау туралы қаулысының куәландырылған көшірмелері;

      2) егер адамды ұстап беру (экстрадициялау) үкімді орындауға келтіру үшін сұратылса, оның заңды күшіне енгендігі туралы анықтамамен бірге үкімнің көшірмесі;

      3) Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінен қылмыс сараланып отырған және олар бойынша ескіру мерзімдері көзделген бапты қамтитын үзінді көшірмелер;

      4) Қазақстан Республикасының уәкілетті органының ұстап беру (экстрадициялау) сұратылып отырған адамның азаматтығы туралы қорытындысы;

      5) егер сот тағайындаған жазаның бір бөлігін өтеген адамды ұстап беру (экстрадициялау) сұратылса, жазаның өтелмеген бөлігі туралы анықтама;

      6) аумағында іздестіріліп жатқан адам анықталған шет мемлекет үшін де қолданылатын Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген өзге де мәліметтер қоса берілуге тиіс.

      4. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры немесе оның орынбасары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген негіздер болған кезде шет мемлекеттің құзыретті органына Қазақстан Республикасына адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салумен жүгінеді.

      Ескерту. 580-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 27.12.2021 № 88-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

579-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

579-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салуды жіберу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) тур...

Толық оқу »

585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)кезінде күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

585-бап. Транзит және уақытша ұстап беру (экстрадициялау)кезінде күзетпен ұстау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Шет мемлекеттің құзыретті органы...

Толық оқу »

590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан)бас тарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

590-бап. Адамды ұстап беруден (экстрадициялаудан)бас тарту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Егер: 1) өзіне қатысты ұстап беру (экстрадициялау) т...

Толық оқу »

591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

591-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы сұрау салу бойынша шешім ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасының Бас Про...

Толық оқу »

592-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

592-бап. Адамды ұстап беру (экстрадициялау) туралы шешімге шағым жасау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қазақстан Республикасы Бас Про...

Толық оқу »

589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

589-бап. Экстрадициялық қамаққа алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сұрау салушы тараптан іздестіріліп жатқан адамды ұстап беру (экстрадициял...

Толық оқу »