Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 59-бабына түсініктеме. Тергеу бөлімінің бастығы
1. Тергеу бөлімінің бастығы — сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның тергеу бөлімшесінің бастығы және өз құзыреті шегінде әрекет ететін оның орынбасарлары.
2. Тергеу бөлімінің бастығының өкілеттіктері:
1) тергеуді немесе жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді тергеушіге тапсыруға;
2) тергеушінің оның өндірісіндегі істер бойынша тергеу әрекеттерін уақтылы орындауын, тергеушінің тергеп-тексеру және күзетпен ұстау мерзімдерін сақтауын, прокурордың нұсқауларын, басқа тергеушілердің тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыруға;
3) тергеп-тексеруді жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсыруға;
4) тергеушіні іс бойынша іс жүргізуден шеттетуге;
5) қылмыстық істерді зерделеуге және олар бойынша нұсқаулар беруге;
6) өз құзыреті шегінде өзіне бағынысты алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның бір тергеу бөлімшесінен қылмыстық істі алып қоюға және оны осы немесе өзіне бағынысты алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа органның өзге тергеу бөлімшесіне беруге;
7) прокурорға айыптау актісімен бірге қылмыстық істерді, сондай-ақ бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен — онша ауыр емес қылмыстар туралы қылмыстық істерді жолдауға;
8) тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою туралы өтінішхатпен прокурорға жүгінуге;
8-1) тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы прокурорға жүгінуге;
9) өз құзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беруге;
10) тергеушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген шағымдарды қарауға құқылы.
3. Тергеу бөлімінің бастығы өзінің қаулысымен істерді өз өндірісіне қабылдауға және бұл ретте тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, тергеп-тексеруді жеке өзі жүргізуге құқылы.
4. Тергеу бөлімінің бастығының іс бойынша нұсқаулары тергеушінің дербестігін, оның осы Кодекстің 60-бабында белгіленген құқықтарын шектемеуге тиіс. Нұсқаулар орындау үшін міндетті, бірақ оларға тергеу бөлімінің жоғары тұрған бастығына немесе прокурорға шағым жасалуы мүмкін. Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығының әрекеттеріне шағым жасауы олардың орындалуын тоқтатпайды, күдіктінің іс-әрекетін саралау және күдік көлемі, істі айыптау актісімен бірге прокурорға жолдау немесе қылмыстық істі тоқтату туралы нұсқауларды қоспағанда.
Ескерту. 59-бапқа Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 118-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) өзгерістер енгізілді.
Тергеу бөлімінің бастығы қылмыстық қудалау органдары жүйесінде және қылмыстық процесс саласында елеулі орын алады. Бұл мән-жай оның процестік мәртебесі туралы арнайы норманың болуымен де расталады, оны пайдалану прокурорлық қадағалауды толықтырады және сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде заңдылық режимін нығайтады. Қылмыстық істер бойынша тергеушінің жұмысын ведомстволық процестік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі процестік өкілеттіктер алғаш рет 1959 жылғы 22 шілдедегі Қазақ КСР ҚІЖК-не Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 21 ақпандағы Жарлығымен енгізілді (ҚІЖК-нің 121-1-бабы). Содан бері ол тергеушілер үшін өзіндік «ведомстволық прокурор» болып келеді және солай болып қала береді. Ол тергеушілерге прокурорға қарағанда жақынырақ орналасқан және қылмыстық істі тергеп-тексерудің барысына, мазмұнына және нәтижесіне елеулі ықпал етеді. Белгілі бір жылдары (Мемлекеттік тергеу комитеті жұмыс істеген кезеңде) тергеу бөлімінің бастығына тергеушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тарту, оны тоқтата тұру және тоқтату туралы заңсыз қаулыларының күшін жою құқығы да берілген болатын (Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақ КСР-нің және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң күші бар Жарлығының редакциясындағы Қазақ КСР ҚІЖК-нің 121-1-бабы). Алайда 1997 жылғы 13 желтоқсанда қабылданған кезекті ҚІЖК бойынша тергеу бөлімінің бастығынан бұл құқық алынып тасталды.
ҚІЖК-нің 59-бабының 1-бөлігіне, 60-бабының 1-бөлігіне сәйкес, тергеу бөлімдерінің бастықтары лауазымдары ұлттық қауіпсіздік органдарының, ішкі істер органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің және экономикалық тергеп-тексеру қызметінің жүйесінде көзделген.
Тергеу бөлімінің бастығының қылмыстық істер бойынша процестік өкілеттіктерінің көлемі (ҚІЖК-нің 59-бабының 2-бөлігі) оның процестік қызметі нақты қылмыстық істер бойынша тергеуді жүзеге асыру кезінде прокурордың, процестік прокурордың қадағалауын едәуір толықтыратынын тұжырымдауға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, тергеу бөлімінің бастығының ведомстволық бақылауы процестік емес нысандарға (тергеушінің оның өндірісіндегі істер бойынша тергеу әрекеттерін уақтылы орындауын, тергеушінің тергеп-тексеру және күзетпен ұстау мерзімдерін сақтауын, прокурордың нұсқауларын, басқа тергеушілердің тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыру) және оны іске асырудың процестік нысандарына (тергеуді немесе жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуді тергеушіге тапсыру; тергеп-тексеруді жүргізуді бірнеше тергеушіге тапсыру; тергеушінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген шағымдарды қарау, негіздер болған кезде тергеушіні іс жүргізуден шеттету; қылмыстық істерді зерделеу және олар бойынша нұсқаулар беру; өз құзыреті шегінде өзіне бағынысты алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын органның бір тергеу бөлімшесінен қылмыстық істі алып қою және оны осы немесе өзіне бағынысты алдын ала тергеп-тексеруді жүзеге асыратын басқа органның өзге тергеу бөлімшесіне беру; айыптау актісімен бірге қылмыстық істерді прокурорға жолдау және т.б.; тергеушінің негізсіз процестік шешімінің күшін жою туралы, сондай-ақ тергеу судьясының қаулысына өтінішхат келтіру туралы прокурорға өтінішхатпен жүгіну; өз құзыреті шегінде анықтау органдарына орындау үшін міндетті тапсырмалар мен нұсқаулар беру) бөлінеді. Тергеу бөлімінің бастығының аталған өкілеттіктерін жай ғана тізіп шығудың өзі оның қызметінде процестік әрекеттер мен шешімдердің едәуір көлемі бар екенін көрсетеді. Тергеу бөлімінің бастығының қылмыстық іс бойынша процестік қызметі міндетті түрде қылмыстық іс материалдарында көрсетілуге тиіс. Бұл ретте тергеу бөлімінің бастығының қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттерін жеке өзі жүргізуі мынадай жағдайларда ғана мүмкін болады: а) ол сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, кейін оны тергеушіге береді; б) басталған қылмыстық істі өз өндірісіне қабылдап, тергеушінің өкілеттіктерін пайдалана отырып, оны жеке өзі тергеп-тексереді (ҚІЖК-нің 59-бабының 3-бөлігі).
Тергеу бөлімінің бастығының өкілеттіктерінің ішінде оның қылмыстық іс бойынша тергеушінің әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды қарау құқығын ерекше атап өту қажет (ҚІЖК-нің 59-бабы 2-бөлігінің 10-тармағы). Бұл досудебный қылмыстық процесте прокурорға немесе тергеу судьясына жүгіну қажеттілігінсіз адамның құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру жолын қысқартады.
Тергеушінің өтінішхаты бойынша шығарылған тергеу судьясының қаулысына апелляциялық сотқа өтінішхат келтіру жөніндегі прокурордың өкілеттіктерін пайдалану тергеу бөлімінің бастығы тарапынан тергеушінің жұмысына жүргізілетін ведомстволық бақылаудың үздіксіздігіне әсер етпейді және қылмыстық іс бойынша ақиқатты анықтауға ықпал етеді (ҚІЖК-нің 59-бабы 2-бөлігінің 8-1-тармағы).
Тергеу бөлімінің бастығының қылмыстық құқық бұзушылықты саралау және күдік көлемі, істі айыптау актісімен бірге айыптау қорытындысын бекіту және айыпталушыны сотқа беру үшін прокурорға жолдау немесе қылмыстық істі тоқтату мәселелері бойынша нұсқаулары ғана (ҚІЖК-нің 59-бабының 4-бөлігі) тергеудің негізгі, шешуші мәселелеріне жатады. Осы мәселелер бойынша тергеуші тергеу бөлімінің бастығының пікірімен (жазбаша нұсқауымен) келіспеуге және мәселе тергеу бөлімінің жоғары тұрған бастығымен немесе прокурормен шешілгенге дейін оларды орындамауға құқылы.
Ал тергеуші прокурордың тергеудің негізгі және басқа да мәселелері бойынша жазбаша нұсқауларымен келіспеген жағдайда (олардың орындалуын тоқтатпай), оларға жоғары тұрған прокурорға да шағым жасауға құқылы, оның шешімі түпкілікті болып табылады, оның ішінде тергеу бөлімінің бастығы үшін де міндетті (ҚІЖК-нің 60-бабының 8-бөлігі, 193-бабының 4-бөлігі). Прокурордың жазбаша нұсқауларын сөзсіз орындаудың мұндай тәртібі оның қылмыстық процестегі ерекше рөлімен, атап айтқанда, қылмыстық қудалау мен айыптау тарапының басшыларының бірі ретіндегі мәртебесімен, оның ішінде сот сатыларындағы (онда, айтпақшы, тергеуші мен тергеу бөлімінің бастығы қатыспайды) рөлімен негізделеді.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсініктеме. Авторы: Марат Чекишевич Қоғамов, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.
Конституция Закон Кодекс Норматив Указ Приказ Решение Постановление Адвокат Алматы Юрист Юридическая услуга Юридическая консультация Гражданские Уголовные Административные дела споры Защита Арбитражные Юридическая компания Казахстан Адвокатская контора Судебные дела Декларация Указ Приказ Постановление Решение Доклад Заключение Заявление Заключение Конвенция Контракт Меморандум Методика Нормы Нота Правила Программа Устав Хартия Статья Комментарий Резолюция Регламент Протокол Проект Программа Правила Послания