Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

186-бап. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арызды немесе хабарды тергеулігі бойынша беру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Қылмыстық құқық бұзушылық туралы тіркелген арыздар немесе хабарлар:

      1) қылмыстық құқық бұзушылық осы ауданнан, астанадан, облыстан, республикалық маңызы бар қаладан тысқары жерде жасалғанда және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшiн қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жерде тергеу әрекеттерін жүргізу қажет болғанда;

      2) қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жүргізу басқа қылмыстық қудалау органының айрықша тергеулігіне жататын болғанда, тергеулігі бойынша берілуге жатады.

      2. Қылмыстық қудалау органының басшысы арыздарды, хабарларды қолда бар материалдармен бірге прокурор арқылы тергеулігі бойынша жібереді.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінің қағидалары кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу талап етілетін қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздар, хабарлар келіп түскен жағдайларға қолданылмайды. Мұндай жағдайларда жиналған материалдар арыз, хабар тіркелген кезден бастап бес тәуліктің ішінде тергеулігі бойынша беру үшін прокурорға беріледі.

      4. Арыздар, хабарлар оқиға болған орынды, жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезінде анықталған не ұйымдар, лауазымды адамдар немесе азаматтар берген нәрселермен және құжаттармен бірге тергеулігі бойынша беріледі.

      5. Жәбірленушілердің (жекеше айыптаушылардың) жекеше айыптау тәртібімен қудаланатын қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арыздары ғана соттылығы бойынша берілуге жатады.

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау