Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Заңдар / 64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

64-бап. Теріс қылықтар мен жазалар Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы Заңы 

      1. Қызметкердің тәртіптік теріс қылығы (бұдан әрі – теріс қылық) – қызметкердің өзіне жүктелген міндеттерді құқыққа қайшы, кінәлілікпен орындамауы немесе тиісінше орындамауы, лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануы, қызметтік тәртіпті, қызметтік әдеп қағидаларын бұзуы, сол сияқты қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді сақтамауы. 

      2. Елеулі емес теріс қылық жасаған қызметкерге басшының қызметтік тәртіпті қатаң сақтаудың қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасаумен шектелуге құқығы бар. 

      Жазбаша ескертуді лауазымды адам тиісті басшының тапсырмасымен жасайды. 

      Жазбаша ескерту қызметкерге қол қойғыза отырып, жеткізіледі, тіркеледі және қызметкердің жеке ісіне қосу үшін кадр бөлімшесіне беріледі. Алты ай өткеннен кейін ол алынады және оны кадр бөлімшесі белгіленген тәртіппен жояды. 

      Жазбаша ескерту жаза болып саналмайды. 

      3. Алдын алу мақсатында қызметкерлердің теріс қылықтары басшының шешімі бойынша: 

      1) қатардағы қызметкерлер үшін – жеке құрамның жиналыстарында; 

      2) сержанттар үшін – сержанттар құрамының жиналыстарында; 

      3) офицерлер үшін – офицерлер жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін. 

      4. Аға офицерлер құрамындағы офицерлердің теріс қылықтары тек аға және жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің жиналыстарында, жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің теріс қылықтары тек жоғары офицерлер құрамындағы офицерлердің жиналыстарында қаралуы және талқылануы мүмкін. 

      5. Кейінге қалдыруды күттірмейтін ерекше жағдайларда қызметкер оның жауаптылығы туралы мәселені шешкенге дейін лауазымынан уақытша шеттетілуі мүмкін. 

      Қызметкерге лауазымынан уақытша шеттету ол жасаған теріс қылық оның қызметтік міндеттерін атқаруға немесе басқа қызметкердің қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі келтірген не қызметкердің лауазымдық міндеттерін атқаруы оның теріс қылық жасауының мән-жайын жан-жақты, толық, объективті және уақытылы анықтауға, оның жасалуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтауға кедергі келтіретін (келтіруі мүмкін) жағдайларда қолданылуы мүмкін. 

      6. Қызметкерді лауазымынан оны лауазымға тағайындау құқығы берілген басшы шеттетеді. 

      Бағынысты қызметкерді лауазымынан шеттеткен басшы лауазымынан шеттетуді тудырған себептер мен мән-жайларды нақты жазып, бұл туралы команда бойынша баяндауға міндетті. 

      Бағынысты қызметкерді оған жеткілікті негізсіз лауазымынан шеттеткен басшы ол үшін тәртіптік және өзге де жауаптылықта болады. 

      7. Тәртіптік жаза (бұдан әрі – жаза) – қызметкерге уәкілетті басшы қолданатын тәртіптік ықпал ету шарасы. 

      8. Қызметкерлерге қатысты мынадай тәртіптік жазалар қолданылуы мүмкін: 

      1) ескерту; 

      2) сөгіс; 

      3) қатаң сөгіс; 

      4) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту; 

      5) арнаулы атағын бір сатыға төмендету; 

      6) теріс себептер бойынша қызметтен шығару. 

      9. Әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына қатысты мынадай тәртіптік жазалар қолданылады: 

      1) ескерту; 

      2) кезектен тыс нарядқа қою (бөлімшені күзетуді қамтамасыз ету бойынша нарядқа қоюды қоспағанда); 

      3) әскери, арнаулы оқу орнының орналасқан жерінен кезекті шығуынан айыру; 

      4) сөгіс; 

      5) қатаң сөгіс; 

      6) теріс себептермен қызметтен шығару. 

      10. Теріс қылық жасаған қызметкерге осы Заңда белгіленген жазалар ғана қолданылуы мүмкін. 

      11. Қызметкерлердің топ болып жасаған теріс қылығы кезінде жазалар әрбір кінәліге оның жауаптылық шамаларына қарай жеке қолданылады. 

      12. Дәл сол теріс қылығы үшін бірнеше жаза қолдануға немесе бір жазаны басқасымен біріктіруге, тікелей кінәлілерді жазалаудың орнына бөлімшенің барлық жеке құрамына жаза қолдануға тыйым салынады. 

      13. Жаза қолдану теріс қылық жасаған қызметкерді оны орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жаза қолданылған міндеттерді атқарудан босатпайды. 

      14. Егер уәкілетті басшы бағынысындағы адам жасаған теріс қылықтың ауырлығына қарай, өзіне берілген тәртіптік құқықтар жеткіліксіз деп санаса, ол жоғары тұрған басшының құқығымен кінәліге жаза қолдану туралы өтініш жасайды. 

      15. Жоғары тұрған басшының бағынысындағы басшы қолданған тәртіптік жазаны қатаңдық себебі бойынша алып тастауға немесе төмендетуге, егер соңғысы оған берілген өкілеттікті асыра пайдаланбаса, құқығы жоқ. 

      16. Жоғары тұрған басшы осы жаза, жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкес емес деп тапса, бағынысындағы басшының қолданған тәртіптік жазасын алып тастауға және неғұрлым қатаң жаза қолдануға құқығы бар. 

      Жаза заңсыз қолданылған жағдайда, ол жоғары тұрған басшының құқығымен алынып тасталуы мүмкін. 

      Заңсыз жаза қолданған басшы ол үшін жауапты болады. 

      17. Қызметкерге жаза қолдану оны заңмен көзделген жауаптылықтың басқа да түрлерінен босатпайды. 

      18. Қызметкерлерге қолданылатын жазалар олар жасаған теріс қылықтың ауырлығына және олардың кінәсінің дәрежесіне сәйкес келуге тиіс. 

      Егер кінәлі теріс қылықты бірнеше рет жасаған немесе топ болып тәртіп бұзуға қатысқан болса, егер теріс қылық кезекшілік, наряд уақытында және қызметтік міндеттерді атқару кезінде немесе алкогольдік, есірткілік, психотроптық, уыттық (оларға ұқсас) мас күйде жасалған болса, жазаның қатаңдығы арттырылады. 

      19. Тәуліктік наряд құрамына кіретін (кезекшілік өткеретін) қызметкерге қызмет өткеру уақытында оның жасаған теріс қылықтары үшін жаза қолдану нарядтан ауысқаннан немесе оны басқа қызметкермен ауыстырғаннан кейін жүргізіледі. 

      20. Қызметкерге жаза қолдану кезінде оның жеке ар-намысын кемсітуге, оған дене азабы мен моральдық азап келтіруге және дөрекілік көрсетуге жол берілмейді. 

 

 

Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 552-IV Заңы. 

Осы Заң Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының (бұдан әрі – арнаулы мемлекеттік органдар) мәртебесін айқындайды, арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке тұруға, оны өткеруге және тоқтатуға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің құқықтық жағдайын, материалдық қамтамасыз етілуі мен әлеуметтік қорғалуын айқындайды. 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы сотқа талап

Кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға алименттердің алынбаған сомасын өндіріп алу туралы сотқа талапТалапкер: А. Г. (С. Г. А.)ЖСН ..Алматы қ., с. даңғ., 547/1 үй,183 пәте...

Толық оқу »

Материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық іс материалдарымен танысу туралы сотқа өтінішхат

Материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы азаматтық іс материалдарымен танысу туралы сотқа өтінішхатАлматы қаласы Алмалы ауданының№2 аудандық сотынаТөрағалық е...

Толық оқу »

Соманы өндіріп алу туралы талап қою ісінің қағидалары бойынша дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхат

Соманы өндіріп алу туралы талап қою ісінің қағидалары бойынша дауды жалпы тәртіппен қарау туралы өтінішхатМамандандырылған ауданаралықАлматы қаласының экономикалық сотыТөреші...

Толық оқу »

Жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламаны және жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламаны және жеке тұлғаның берешегін өндіріп алу туралы салық бұйрығын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы2025 жылғы 05 науры...

Толық оқу »

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын даулар

Баспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру туралы тұрғын үй құқықтық қатынастарынан туындайтын дауларБаспана мен коммуналдық қызметтер үшін төлемақыны өндіру тур...

Толық оқу »

2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы

2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шарал...

Толық оқу »

Авторлық, сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу, жоғалған пайданы қоса алғанда, залалдарды өтеу туралы талап-арыздар

Авторлық, сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін өтемақы өндіріп алу, жоғалған пайданы қоса алғанда, залалдарды өтеу туралы талап-арыздарАвторлық, сабақтас құқық объектілерін заңсыз...

Толық оқу »

Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы ратификациялау туралы

Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық...

Толық оқу »

Кепілді мүлікке өндіріп алу | кепілге қойылған мүліктің бастапқы сату бағасын белгілеу | жылжымайтын мүлік бағасын ұлғайту жағына қарай айқындау

Кепілді мүлікке өндіріп алу | кепілге қойылған мүліктің бастапқы сату бағасын белгілеу | жылжымайтын мүлік бағасын ұлғайту жағына қарай айқындау2020 жылғы 09 қаңтарда Алматы қ...

Толық оқу »

851-3-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұру Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

851-3-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруӘкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Қазақстан Республикасы Жоғарғы...

Толық оқу »

Автокөліктің кепілімен банктік қарыз шарты бойынша борышты өндіріп алу туралы банктің талап арызына кері қайтарып алу бланкі

Автокөліктің кепілімен банктік қарыз шарты бойынша борышты өндіріп алу туралы банктің талап арызына кері қайтарып алу бланкіАлматы қаласы Бостандық аудандық сотына...

Толық оқу »

Қарыз шарты бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы сот шешіміне апелляциялық шағым

Қарыз шарты бойынша берешек сомасын өндіріп алу туралы сот шешіміне апелляциялық шағымАзаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасынаҚызылорда облыстық сотының істерінеҚаз...

Толық оқу »

Қарызды өндіріп алу туралы бұйрықтың күшін жою туралы сотқа өтінішті қалай жазуға болады

Қарызды өндіріп алу туралы бұйрықтың күшін жою туралы сотқа өтінішті қалай жазуға боладыНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »

Бланк жалпы үй мүлкіне қызмет көрсеткені үшін борыш сомасын өндіріп алу туралы талап арызға Қарсылық ҚР

Бланк жалпы үй мүлкіне қызмет көрсеткені үшін борыш сомасын өндіріп алу туралы талап арызға ҚарсылықАлматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты судьяға ......

Толық оқу »

ДАУДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМ Берешек сомасын өндіріп алу туралы банктік қарыз шарты бойынша

ДАУДЫ МЕДИАЦИЯ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕУ ТУРАЛЫ КЕЛІСІМБерешек сомасын өндіріп алу туралы банктік қарыз шарты бойыншаНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды...

Толық оқу »

Шарт бойынша берешек пен залал сомасын өндіріп алу туралы сот медиациясы арқылы дауды реттеу туралы келісім

Шарт бойынша берешек пен залал сомасын өндіріп алу туралы сот медиациясы арқылы дауды реттеу туралы келісімНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды ос...

Толық оқу »

Жоғары білім беру жүйесінде төлеу үшін алимент түріндегі қосымша қаражатты ата анадан өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу үлгісі бланкі

Жоғары білім беру жүйесінде төлеу үшін алимент түріндегі қосымша қаражатты ата анадан өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу үлгісі бланкіНазар аударыңыз! Заң және...

Толық оқу »

Тұрғын емес кепіл мүлкін өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу үлгісі бланкі

Тұрғын емес кепіл мүлкін өндіріп алу туралы талап арызға кері қайтарып алу үлгісі бланкіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі...

Толық оқу »