72-бап. Тұрғынжайға мұқтаждарды есепке қоюдан бас тарту негіздері Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы
Қазақстан Республикасының азаматтарын, қандастарды, егер:
1) "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрғынжайлары немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестері бар болған немесе болған;
2) мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайлары немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестері болған;
3) мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қойған кезде олардың соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасында меншік құқығында тұрғынжайлары немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу немесе елуден астам пайыз үлестеріболған;
4) мемлекеттік тұрғын үй қорынан пайдалануға берілген тұрғынжайы немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайы болған;
5) ұсынылған құжаттарда және (немесе) мәліметтерде анық емес деректер болған;
6) олар бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғынжайларды алған және жекешелендірген;
7) олардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған, басқа елді мекенде орналасқан жалғыз тұрғынжайы болған;
8) олар және олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламалары, саланы (аяны) дамыту тұжырымдамасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, меншігіне тұрғынжай сатып алған немесе олардың сатып алу құқығымен тұрғынжайды ұзақ мерзімді жалдау шарттары бойынша міндеттемелері болған жағдайларда тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.
Қазақстан Республикасы азаматтарының, қандастардың отбасы мүшелерінде соңғы бес жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында және осы елді мекенде меншік құқығында тұрғынжайы немесе жалғыз тұрғынжайдағы елу және елуден астам пайыз үлесі болған жағдайда "Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы" электрондық базасына тұрғынжайға мұқтаждар есебіне қоюдан бас тартылады.
Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.
Бапқа өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасының Заңымен 2026 жылғы 14 шiлдедегi № 350-VIII ҚРЗ
Қазақстан Республикасының
Президенті
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау