77-бап. Қауіпті техникалық құрылғыларды және қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою және есептен шығару Азаматтық қорғау туралы Заңы
1. Қауіпті өндірістік объектілерді есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым басшысы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесіне қауіпті өндірістік объектілерді сәйкестендіру жөніндегі ақпаратты қоса бере отырып өтініш береді.
Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны пайдаланатын ұйым басшысы:
өнеркәсіптік объектілерде – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтың бөлімшесіне өтініш береді;
әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға өтініш береді.
2. Өтініште есепке қою немесе есептен шығару үшін қауіпті техникалық құрылғыны сәйкестендіру негіздері көрсетіледі.
ЗҚАИ-ның ескертпесі! 3-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР 24.06.2025 № 196-VIII (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Қауіпті техникалық құрылғыны есепке қою, есептен шығару кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің немесе әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғылардың қауіпсіз пайдаланылуын қадағалау функциясын жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесінің қауіпті техникалық құрылғыларды есепке алу журналында тиісті жазба жасалады.
4. Әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріндегі қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару тәртібін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 188-V ҚРЗ.
Осы Заң азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы