⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 79-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi басқару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

79-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi басқару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

79-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктегi басқару Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 

      1. Серiктестiк органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi осы Кодекске, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi.

      2. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мыналар жатады:

      1) серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталы мөлшерiн өзгерту;

      2) атқарушы органның мүшелерiн (мүшесiн) сайлау (тағайындау) және олардың (оның) өкiлеттiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiктi немесе оның мүлкiн сенiмгерлiк басқаруға беру туралы шешiм қабылдау және осындай беру шарттарын айқындау;

      3) серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;

      4) серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм шығару;

      5) серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын (тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ серiктестiк тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын бекiту;

      6) iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн реттейтiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда бекiту;

      7) серiктестiктiң өзге де шаруашылық серiктестiктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы туралы шешiм шығару;

      8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту;

      9) осы Кодекстiң 82-бабына сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару.

      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi ол серiктестiктiң атқарушы органының шешуiне бере алмайды.

      Ескерту. 79-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1997.07.11. № 154, 1998.03.02. № 211, 1998.04.22. № 221, 2007.01.12. № 225, 2007.02.19. № 230 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 28.10.2019 № 268-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы 

15-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы  4-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi басқару Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы

15-бап. Өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң жалпы жиналысы4-тарау. Өндiрiстiк кооперативтi басқару Өндiрiстiк кооператив туралы Заңы       1. Кооперативтiң жоғары органы оның м...

Толық оқу »

Комментарий к статье  99. Управление производственным кооперативом Гражданского кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 99. Управление производственным кооперативом Гражданского кодекса Республики Казахстан Организация управления кооперативом основана на демократических...

Толық оқу »

358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені осындай адамның басқаруына беру немесе осындай адамның басқаруына жол беру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

358-бап. Алкогольдік, есірткілік және (немесе)уытқұмарлық масаң күйдегі адамның әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе шағын көлемді кемені басқаруы, әуе, теңіз, өзен кемесiн немесе...

Толық оқу »

Спорт басқармасы бұйрығының күшін жою және аккредиттеу туралы куәлік пен бұйрықты қолданыстағы деп тану туралы

Спорт басқармасы бұйрығының күшін жою және аккредиттеу туралы куәлік пен бұйрықты қолданыстағы деп тану туралы №6001-23-00-6ап/76 27.07.2023 ж. Талапкер: "қалалық шахматшыла...

Толық оқу »

7-бап. Кредиттiк серiктестiктiң органдары  4-тарау. Кредиттік серіктестіктерді басқару Кредиттiк серiктестiктер туралы Заңы

7-бап. Кредиттiк серiктестiктiң органдары 4-тарау. Кредиттік серіктестіктерді басқаруКредиттiк серiктестiктер туралы Заңы      1. Кредиттiк серiктестiктiң органдары:      1) ж...

Толық оқу »

5-бап. Инновациялық кластерді басқару "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы

5-бап. Инновациялық кластерді басқару"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы      1. Инновациялық кластерді дамыту және оның жұмыс істеуін қамтама...

Толық оқу »

8-бап. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын басқару "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы

8-бап. "Инновациялық технологиялар паркі" арнайы экономикалық аймағын басқару"Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы Заңы      "Инновациялық технология...

Толық оқу »

Оспаривание предписаний о назначении налоговой проверки Управлением государственных доходов

Оспаривание предписаний о назначении налоговой проверки Управлением государственных доходов Товарищество с ограниченной ответственностью Г (далее ТОО) обратилось в суд об ос...

Толық оқу »

226-бап. Ғылыми қызметті басқару Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы  кодексі

226-бап. Ғылыми қызметті басқару Қазақстан Республикасының Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексі 1. Уәкілетті орган биомедициналық зерттеулерді дамыту...

Толық оқу »

69-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі

69-бап. Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару Қазақстан РеспубликасыныңЖер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыкодексі 1. Мемлекеттік жер қойнауы қоры Қазақстан Респуб...

Толық оқу »