94-бап. Бюджетті нақтылау туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
1. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау – қаржы жылы ішінде республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы республикалық және жергілікті бюджеттердің бекітілген (нақтыланған) көрсеткіштерін өзгерту процесі.
2. Ағымдағы қаржы жылы ішінде республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылау:
1) Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіретін ахуалды жою қажет болған;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын іске асыру қажет болған;
3) осы Кодекстің 99-бабының 7-тармағында, 116-бабының 7-тармағында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының, әкімдердің, мәслихаттар депутаттарының және (немесе) жергілікті қоғамдастық жиналыстары мүшелерінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
3. Тиісті бюджет комиссиясының республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстары негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджет қаражатын қысқарту туралы шешім қабылданған бюджеттік бағдарламалар бойынша операцияларды тоқтата тұруға құқылы.
4. Республикалық және жергілікті бюджеттерді нақтылау туралы заң жобасын әзірлеу кезінде осы Кодекстің 70-бабының 2, 3, 5 және 7-тармақтарында белгіленген талаптар сақталады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII Кодексі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
______________________________
Күші жойылды-Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VIII Бюджет кодексінің қабылдануымен.
94-бап. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару не оларды берешекті өтеу есебіне есепке жатқызу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі
1. Бірыңғай бюджет сыныптамасының бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының кодтары бойынша түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруды және (немесе) есепке жатқызуды мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары негізінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған төлем тапсырмасы оларды алуға жауапты уәкілетті органдардың қорытындысы негізінде жасалады.
Мемлекеттік кіріс органдары әкімшілік ететін негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды қоспағанда, бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнауды мемлекеттік қорға түсетін салықтық емес түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға арналған қорытындыны жасайды және мемлекеттік кіріс органдарына ұсынады.
Осы қорытындылардың анықтығын және олардың ұсынылу негізділігін уәкілетті органдардың басшылары қамтамасыз етеді.
2. Бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға жауапты уәкілетті орган өзі әкімшілік ететін түсімдердің толықтығы мен уақтылылығын қамтамасыз етеді және олардың түсуіне, түсімдердің артық (қате) төленген сомаларының қайтарылуына немесе олардың бюджетке берешектерді өтеу есебінен есепке жатқызылуына мониторингті жүзеге асырады.
3. Республикалық бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға түсетін түсімдерді алуға, сондай-ақ салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, Жәбірленушілерге өтемақы қорына, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына, Арнаулы мемлекеттік қорға артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді алуға, артық (қате) төленген сомаларды бюджеттен қайтаруға және (немесе) есепке жатқызуға жауапты және салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдердің, трансферттердің, бюджеттік кредиттерді өтеу сомаларының, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің, қарыздардың бюджетке түсуіне бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органдардың тізбесін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органы айқындайды.
4. Төлем тапсырмалары Қазақстан Республикасының банк заңнамасында белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
Қорытындылар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша ұсынылады.
5. Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан, Жәбірленушілерге өтемақы қорынан, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан, Арнаулы мемлекеттік қордан қайтару және (немесе) есепке жатқызу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 94-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.07.2023 № 23-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Бюджет кодексі Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы