Аукцион сауда саттығына дау айту бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне шағыммен
Атқарушылық іс жүргізу тараптары сауда-саттық өткізілгеннен кейін АІЖК-нің 250-бабының бірінші бөлігінде көзделген тәртіппен сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану жолымен сотта сауда-саттық нәтижелеріне дау айтуға құқылы. Атқарушылық іс жүргізу тараптарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін уақтылы қалпына келтіру мақсатында сот орындаушысы АІЖК-нің 250-бабының бірінші бөлігіне байланысты өндіріп алушы мен борышкердің назарына сауда-саттық нәтижелерін жеткізуі, оларға шағымдану тәртібін түсіндіруі қажет. Егер атқарушылық іс жүргізу тарабы сотқа сот орындаушысының сауда-саттыққа дау айту жөніндегі іс-әрекетіне шағыммен жүгінген болса, онда сот орындаушысы сатып алу-сату шартын жасасудан қалыс қалуға тиіс, тарап шағым берумен бір мезгілде талап қоюды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау туралы мәселені (мысалы, шағым мәні бойынша шешілгенге дейін сатып алу-сату шартын жасасуға тыйым салу) сот алдына қоюға құқылы және т. б.).
Электрондық аукционның қорытындылары туралы хаттама борышкердің тыйым салынған мүлкін сатып алу-сату шартын жасасу үшін негіз болып табылады, демек, АК-нің 7-бабы 7) тармақшасына сәйкес сот орындаушысының әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымданумен қатар, хаттама да шағымдануға жатады. АІЖК-нің 15-бабының екінші бөлігіне сәйкес тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғаудың тәсілдері мен құралдарын дербес және сотқа, басқа органдар мен адамдарға тәуелсіз сайлайды. Осыған байланысты өткізілген сауда-саттық нәтижелері бойынша сот орындаушысы мен сатып алушы арасында жасалған сатып алу-сату шартына талап қою ісін жүргізу тәртібімен дау айтылуы мүмкін. Егер сот сауда-саттықтың нәтижелері борышкердің немесе өндіріп алушының құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әсер еткенін немесе әкелгенін анықтаса, сот орындаушысының сауда-саттыққа дау айту жөніндегі әрекеттеріне дауларды қарау кезінде шағым қанағаттандырылуға жатады.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы