Жылжымайтын мүлікті сату бойынша сот орындаушысының әрекеттері заңсыз деп танылды
Сот шешімімен ЖШС-нің әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылып, ЖСО-ның жылжымайтын мүлікті өткізу жөніндегі әрекеттері, сондай-ақ тыйым салынған мүлікті өткізуге беру туралы қаулы шығару әрекеттері заңсыз деп танылды. Сонымен қатар, ЖСО-ның атқарушылық іс жүргізу тарапына материалдармен танысуға мүмкіндік бермеу түріндегі әрекетсіздігі заңсыз деп танылып, тыйым салынған мүлікті өткізуге беру туралы қаулы заңсыз деп танылып, күші жойылды.
Сот ЖСО-ның «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 10-бабы 5-тармағының талаптарын бұза отырып, 10 күндік мерзімнің өтуін күтпестен, тыйым салынған мүлікті өткізуге беру туралы қаулыны мерзімінен бұрын шығарғанын анықтады. Аталған процестік бұзушылық электрондық сауда-саттықтың күшін жоюға негіз болды.
Осыған байланысты сот атқарушылық заңнама нормаларының талаптары мен атқарушылық іс жүргізу тарапының құқықтары елеулі түрде бұзылған деген қорытындыға келді.
Азаматтық процестік кодекстің 270-бабының нормасынан туындайтындай, жеке ұйғарымдар міндеттілік қасиетіне ие. Соттың жеке ұйғарымдарына әкімшілік органдардың тиісінше ден қоюы және болашақта осындай бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында олардың нақты орындалуы мәселесі де кем емес маңызды болып табылады.
Жеке ұйғарымдар жолданған әкімшілік органдар қажетті шараларды қабылдамайды. Олардың жауаптары сот анықтаған бұзушылықтарды мойындағанын және оларды жою жөнінде шаралар қабылдағанын көрсеткенімен, қабылданатын шаралар формальды сипатта болады не болмаса Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті шараларды қабылдау мүмкін еместігі туралы жауаптармен шектеледі.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер орғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Конвенция Келісімшарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Мақала Түсініктеме Қарар Регламент Хаттама Жоба Жолдау