Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушының іс-әрекетін заңсыз деп тану

Атқарушылық іс жүргізу бойынша сот орындаушының іс-әрекетін заңсыз деп тану

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Атқарушылық іс жүргізу бойынша  сот орындаушының іс-әрекетін заңсыз деп тану

Талап қоюшы К. жауапкер Арыс қаласының аумақтық сот орындаушылары бөлімінің сот орындаушысы Т. (бұдан әрі – Т.), мүдделі тарап – Серіктестік, сот орындаушының іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талап қою арызымен сотқа жүгінген. К. сотқа жоғарыда аталған шағыммен жүгініп, оны өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу барысында Серіктестіктен қарыз ақшаларын өндіру туралы 4 атқарушылық істі тоқтату жөнінде тергеушінің қысымымен арыз жазуға мәжбүр болғанымен, қылмыстық іс бойынша шыққан сот үкімі күшіне енген соң сот орындаушысына атқарушылық парақтарды қабылдау жөнінде арызданған кезде ол оларды қабылдаудан заңсыз бас тартқанымен негіздеген. Арыс аудандық сотының 2018 жылғы 5 сәуірдегі шешімімен шағым қанағаттандырылған. Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы 2016 жылғы 15 маусымдағы қаулыларының күші жойылып, оны қозғаудан бас тарту туралы 2018 жылғы 13 наурыздағы қаулылары заңсыз деп танылған. Сот актілері негізінде атқарушылық іс жүргізулерді қозғауға міндеттелген. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2018 жылғы 5 маусымдағы қаулысымен бірінші сатыдағы сот шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Ұсынуда материалдық құқық нормаларының елеулі бұзылуына және құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы бірізділіктің бұзылуына байланысты Серіктестіктің өтінішхаты бойынша дау айтылған сот актілерін қайта қарау туралы мәселе қойылған. Кассациялық сот алқасы іс бойынша тараптардың түсініктемелерін тыңдап және іс құжаттарын тексеріп, төмендегі негіздерге байланысты «дау айтылған сот актілерінің күші жойылуға жатады» деген тұжырымға келді.

Атқарушылық іс жүргізу бойынша  сот орындаушының іс-әрекетін заңсыз деп тану

Іс құжаттары бойынша Серіктестіктен заңды күшіне енген Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының: - 2015 жылғы 9 шілдедегі сот бұйрығымен өндіріп алушы жеке кәсіпкер К.-нің пайдасына 32 000 000 теңге қарыз және 160 000 теңге сот шығындары (№ 1 атқару ісі); - 2015 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен өндіріп алушы жеке кәсіпкер К.-нің пайдасына 9 830 000 теңге қарыз және 98 300 теңге сот шығындары (№ 2 атқару ісі); - 2015 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен «Қ» ЖШС-нің пайдасына 58 420 000 теңге қарыз және 1 752 600 теңге сот шығындары (№ 3 атқару ісі); - 2015 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен «R» ЖШС-нің пайдасына 27 387 800 теңге қарыз және 821 634 теңге сот шығындары (№ 4 атқару ісі) өндірілген. Т.-мен қаулы негізінде: № 1-5132-2016-28 (26.02.2016), № 2-5132-2016-29 (26.02.2016), № 3-5132-2016-44 (7.04.2016), № 4-5132-2016-45 (7.04.2016) атқару өндірісі қозғалған (бұдан әрі – 4 атқару өндірісі). Атқарушылық іс жүргізу барысында Серіктестіктің жылжымалы, жылжымайтын мүліктеріне, есеп шоттарына тыйым салынып, өндіріп алушының пайдасына 831 837 теңге өндірілген. 2016 жылғы 29 наурызда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ОҚО бойынша департаментінің Сырдария аймағы бойынша басқармасы» ММ-нің басқарма басшысы Ә.-нің қылмыстық іс бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданғанға дейін Серіктестікке қатысты атқару өндірістері бойынша орындау мерзімін тоқтата тұру жөнінде ОҚО-ның Әділет департаментіне хаты жолданған. Қылмыстық іс бойынша тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізу барысында 2016 жылғы 14 маусымда сот орындаушысына атқару өндірістері бойынша өндіруден бас тарту туралы К.-нің өтініші түскен. 2016 жылғы 15 маусымда сот орындаушысы атқару істерін тоқтату туралы қаулы негізінде атқару әрекетін тоқтатқан. 2017 жылғы 6 наурызда қылмыстық іс бойынша ОҚО Арыс аудандық сотының үкімі шығарылған. 2018 жылғы 30 қаңтарда К. сот орындаушысына атқару парақтары бойынша атқару өндірісін қайта қозғауды ұсынған. Т. 2018 жылғы 31 қаңтардадағы жолдама хатпен атқарушылық өндірісті қайта қозғаудан бас тартқан. Аталған жауап хатқа шағым келтірілмеген. 2018 жылғы 12 наурызда К. «Арыс қаласының аумақтық сот орындаушылары бөлімі» РММ-сына 4 атқару өндірісін қозғау туралы талап қою арызын жолдаған.

Сот орындаушысы 2018 жылғы 13 наурыздағы қаулысымен атқару өндірісін қозғаудан бас тартқан. «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 38-бабы 1-тармағының 5-тармақшасына сәйкес атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартудың негіздері ретінде: сот орындаушысы өзіне атқарушылық құжат келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде, атқарушылық құжат бұрын орындауға ұсынылған болса және атқарушылық іс жүргізу осы Заңның 47-бабының 1-тармағында көзделген негіздер бойынша тоқтатылған болса – атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығаратыны қарастырылған. Заңның 47-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес өндiрiп алушы өндiрiп алудан бас тартса атқарушылық iс жүргiзудi тоқтатудың негiздерi болып табылады. Осыған байланысты сот орындаушысының атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту бойынша іс-әрекеті заңды және негізді болып табылады. К. сот орындаушысының іс-әрекетін заңсыз деп тану негіздері ретінде өзінің заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша Серіктестікке 32 000 000 теңге, 9 830 000 теңге, 58 420 000 теңге және 27 387 800 теңге материалдық залал келтірген деген айыптың эпизодтары бойынша кінәсіз деп танылып, ақталғанын; қылмыстық істі тергеу барысында атқару өндірісін тоқтату туралы өтініш жазуға мәжбүр болғанын; аталғанның негізінде сот орындаушысының жоғарыдағы 4 атқару өндірісін қозғаудан бас тарту бойынша әрекетін заңсыз деп тану туралы сотқа шағым келтірген. ОҚО Арыс аудандық сотының 2017 жылғы 3 наурыздағы үкіміне сәйкес К. кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикисы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚҚ) 177-бабы төртінші бөлігінің «б»-тармағымен (1997 жылғы редакция бойынша) тағылған айыбы бойынша қылмыстық құрамының болмауына байланысты ақталған. Үкім бойынша К. ҚК-нің 177-бабының эпизодымен ақтаудың негізі соттардың К.-нің 4 атқарушылық өндіріс бойынша соманы өндіруден өз еркімен бас тартуы бойынша атқару өндірісін қысқартуы – «Серіктестікке ешқандай материалдық залал келтірілмеген» деп бағалауы болып табылады.

К.-нің қылмыстық істі тергеу барысында атқару өндірісінен бас тартуына мәжбүр болуы туралы уәжі негізсіз болып табылады. Себебі ол тергеу барысында өзіне келтірілген қысым туралы Қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлерінің іс-әрекетіне шағым келтірмеген. Олай болса, жергілікті соттар анықталған мән-жайларға, барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығына объективті дұрыс баға бермеген, талап қою арызын қанағаттандыру туралы зансыз тұжырымдарға келген. Жоғарыда баяндалғанның негізінде кассациялық сот алқасы жергілікті соттардың қабылданған сот актілері құқық нормаларын түсіндірудегі және қолданудағы бірізділікті бұзуына байланысты күші жойылуға және іс бойынша талап қою арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдануға жатады деген қорытындыға келді. Сондықтан Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі кассациялық сот алқасы жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойып, іс бойынша К.-нің талап арызын қанағаттандырусыз қалдыру туралы жаңа шешім қабылдады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының ұсынуы қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Жеке сот орындаушысының іс-әрекетін заңсыз деп тану | ТЖК іс-әрекетіне шағым | сот орындаушысының іс-әрекетіне шағым жасау

Жеке сот орындаушысының іс-әрекетін заңсыз деп тану | ТЖК іс-әрекетіне шағым | сот орындаушысының іс-әрекетіне шағым жасау2018 жылғы 7 қыркүйекте Алматы қаласының Медеу ауданд...

Толық оқу »

Сот орындаушысының заңгерден жасаған әрекеттеріне шағымды нақтылау

Сот орындаушысының заңгерден жасаған әрекеттеріне шағымды нақтылауНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне және әрдайы...

Толық оқу »

Сот орындаушысының қызмет сомасын белгілеу және төлеу жөніндегі әрекеттеріне шағым

Сот орындаушысының қызмет сомасын белгілеу және төлеу жөніндегі әрекеттеріне шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екенді...

Толық оқу »

Аукцион сауда саттығына дау айту бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне шағыммен

Аукцион сауда саттығына дау айту бойынша сот орындаушысының әрекеттеріне шағымменАтқарушылық іс жүргізу тараптары сауда-саттық өткізілгеннен кейін АІЖК-нің 250-бабының бірінші...

Толық оқу »

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылық

Сот актілерін орындау, сот орындаушысының әрекеттеріне шағымдарды қарау тәртібі, сот актілерін орындамағаны үшін жауаптылықҚазақстан Республикасы Конституциясының 76-бабының 3...

Толық оқу »

Сот орындаушысының адвокаттан жасаған әрекеттеріне шағымға нақтылау үлгісі

Сот орындаушысының адвокаттан жасаған әрекеттеріне шағымға нақтылау үлгісіНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжаттың негізгі екендігіне жән...

Толық оқу »

Сот орындаушысының сауда-саттыққа дауласу жөніндегі әрекеттеріне шағым.

Сот орындаушысының сауда-саттыққа дауласу жөніндегі әрекеттеріне шағым.Заңнамалық актілерде Сауда-саттықты өткізу кезінде қандай мән-жайлар бұзушылықтар болып табылатыны және...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығару жөніндегі сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану оның күшін жою

Атқарушылық іс жүргізуді қозғау туралы қаулы шығару жөніндегі сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану оның күшін жою2023 жылғы 23 қазандағы №6001-23-00-6ап/1435Талапкер: Ш...

Толық оқу »

Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату жөніндегі сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану туралы, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы

Атқарушылық іс жүргізуді тоқтату жөніндегі сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану туралы, атқарушылық іс жүргізуді тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы2025 жылғы 28 қ...

Толық оқу »

26-бап. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның мазмұны Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

26-бап. Жылжымайтын мүлікті соттан тыс тәртіппен өткізуді жүргізудің басталғаны туралы хабарламаның мазмұны Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы      Ескерту. 26-баптың тақ...

Толық оқу »

Жылжымайтын мүлікті өткізу бойынша кейінге қалдыруды беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағымның бланкі

Жылжымайтын мүлікті өткізу бойынша кейінге қалдыруды беруден бас тарту туралы соттың ұйғарымына жеке шағымның бланкіАзаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасынажәне Алм...

Толық оқу »

Жылжымайтын мүлікті сату бойынша сот орындаушысының әрекеттері заңсыз деп танылды

Жылжымайтын мүлікті сату бойынша сот орындаушысының әрекеттері заңсыз деп танылдыСот шешімімен ЖШС-нің әкімшілік талап қоюы қанағаттандырылып, ЖСО-ның жылжымайтын мүлікті өткі...

Толық оқу »