Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулау

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулау

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулау

 

 Салық кодексінің 19-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес салық органдары өз құзыреті шегінде салықтық міндеттеменің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы жөнінде түсіндірмелерді жүзеге асыруға және түсініктемелер беруге міндетті. Мұндай түсіндірмелер мен түсініктемелер, сондай-ақ әдістемелік ұсынымдар, оның ішінде уәкілетті органның әдістемелік ұсынымдары нормативтік құқықтық ак- тілерге жатпайды. Сот оларды салық заңна- масының нормаларына сәйкестігін ескере отырып бағалауға тиіс

Салық саясатын (жаңа салықты және бюджетке төленетін төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін төлемдер бойынша мөлшерлемелерді, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы) салық саясаты саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Салық кодексіндегіден өзгеше қағидалар белгіленсе, аталған шарттың қағидалары қолданылады (Салық кодексінің 2-бабының 5-тармағы). Конституцияның 4-бабы 3-тармағына сәйкес Қазақстан қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Республиканың заңнамасын- да айқындалады...

Егер ратификацияланған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының Үкіметіне салық салу құқығы берілсе, бірақ ұлттық заңнамада аталған құқық жүзеге асырылмаса (жеңілдік болса), онда ұлттық заңнама қолданылуға жатады...

Қосарланған салық салуды болғызбау туралы конвенцияларды түсіндіру кезінде, егер мұндай түсіндіру қағидалары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы № 2059-XII қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы қосылған Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының ережелеріне сәйкес келсе, халықаралық шарттарда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген түсіндірудің жалпы қағидалары қолданылады...

...Заңды тұлғаны тарату (тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану) туралы талап қою қанағаттандырылған жағдайда салықтық бақылау жүргізу туралы мәселені шешу салық органының өкілеттігіне кіреді және салық заңнамасында көзделген шаралар қабылданған кезде ғана контрагенттердің құқықтары мен заңды мүдделері қозғалуы мүмкін, олар салық органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту шеңберінде өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға құқылы...

АК-нің  49-бабы  2-тармағының3) тармақшасына сәйкес орналасқан жері бойынша немесе нақты мекенжайы бойынша заңды тұлға, сондай-ақ заңды тұлға бір жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған жағдайда, заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдай алатындығы соттарға түсіндірілсін.

Жоғарыда көрсетілген белгілер жиынтығының болмауы талап қоюшының талабын қанағаттандырудан бас тарту үшін негіз болып табылады, өйткені салық органдары- ның өзге де ден қою тәсілдері бар...

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу тіркеуші органның әкімшілік актісі болып табылады, осыған байланысты мұндай қайта тіркеуді жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс...

Соттар 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап салықтық құқықтық қатынастарға қаты- сушылар ағымдағы салық кезеңінде алдыңғы салық кезеңдеріне қатысты әрекеттер жасаған кезде Салық кодексінің бес жылдық талап қоюдың ескіру мерзімі туралы күші жойылған нормасын қолдануға құқылы емес екендігін ескергендері жөн, өйткені Салық кодексінің қолданыстағы нормасы бойынша мұндай мерзім, егер Салық кодексінде өзгеше көзделмесе, үш жылды құрайды.

Салық органдары талап қоюдың ескіру мерзімінің шегінен тыс салық төлеушіге және (немесе) салық агентіне талап қоюға құқылы емес. Бұл ретте Салық кодексі талап қоюдың ескіру мерзімімен өсімпұлды есеп- теуді шектемейді.

Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салықтық тексеру жүргізу кезінде оның тоқтатыла тұруын ескере отырып, талап қоюдың жалпы ескіру мерзімі жеті жылдан аспауға тиіс.

Көрсетілген мәселелер бойынша тек- серуді тоқтата тұрған кезде салық органы «Трансферттік баға белгілеу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 5 шілдедегі № 67-IV Заңының 8-бабының талаптарын сақтауға тиіс. Ескіру мерзімінің өтуі сұрау салу жіберілген кезде тоқтатыла тұруы мүмкін, ол мынадай:

мемлекеттің құзыретті органына (ұйымына) жолданған;

дербестендірілген, тексерілетін салық төлеушіге қатысты жасалған;

тексеру нысанасына кіретін мәселелер бойынша енгізілген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Соттар сұрау салу жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда мұндай сұрау салу жіберілген болып есептелмейтінін ескергені жөн...

Мемлекеттік кіріс органдары есептеген, есепке жазған және салық төлеушілерге талап қоюдың ескіру мерзімдері шегінде төлеуге ұсынған салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеу туралы салықтық талаптар бойынша талап қоюдың ескіру мерзімінің өтуі туындаған салықтық міндеттемені тоқтатпайды және салық төле- ушіні оны орындаудан босатпайды...

Салық органының салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген, есепке жазылған сомасын есепке жазуға немесе қайта қарауға құқығын және салық төлеушінің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап ету құқығын бөлу қажет. Мәселен, салық төлеушінің бюджеттен салықтарды қайтару құқығын іске асыру кезінде салық органы салықтардың есептелген сомасын есептемейді және қайта қарамайды, бірақ бюджеттен салықтарды қайтаруды растайды не растаудан бас тартады.

Осыған байланысты, салық төлеушілердің салықтар мен бюджетке төленетін төлемдерді, өсімпұлдарды есепке жатқызуды және (немесе) қайтаруды талап ету құқығына қатысты талап қоюдың ескіру мерзімін есептеу кезінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім, оның ішінде салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығарылған күнді емес, Салық кодексінің 101-бабы 4-тармағының 1) тар мақшасында көзделген салықтық өтінішті немесе Салық кодексінің 431-бабы 1-тармағының 2) тармақшасында көзделген ҚҚС- ның асып кету сомасын қайтару туралы талапты салық органының қабылдау (тіркеу) күнін назарға алған жөн...

Егер талап қоюшы мемлекеттік бажды бюджеттік сыныптаманың қате кодына не толық мөлшерде төлемесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдікпроцестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 138-бабының төртінші бөлігіне сәйкес судья талап қоюш- ыға осы кемшіліктерді көрсетеді және олар- ды түзету үшін мерзім белгілейді...

Салық төлеушінің Салық кодексінде белгіленген мерзімде Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағында көрсетілмеген және Салық кодексінің 96-бабы 2-тармағы 2) тармақшасының талаптарына сәйкес келетін анықталған бұзушылықтар бойынша түсініктеме беруі камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы деп танылады және олардың негізділігін мәні бойынша тексеруді талап етпейді.

ӘРПК-нің 135-бабының екінші бөлі- гіне сәйкес (тану туралы талап қою) талап қоюшы бұдан былай заңды күші жоқ, ауыртпалық түсіретін әкімшілік актіні заңсыз деп тануды талап етуі де мүмкін, сондықтан камералдық бақылау нәтижелері бойынша орындалған хабарламаға дау айту туралы талап қоюлар соттың қарауына жатады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы қойылған талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға тиіс.

Камералдық бақылау нәтижелері бой- ынша салық органдары анықтаған Салық  кодексінің  96-бабы  3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген бұзушылықтарды жою туралы хабарлама- ларға дау айту туралы талап қоюларды қарау кезінде сот тіркелуі (қайта тіркелуі) Салық кодексінің 96-бабы 5-тармағына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімімен жарамсыз деп танылған осы заңды тұлғадан және (не- месе) дара кәсіпкерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді іс жүзінде алғанын растау үшін салық төлеуші ұсынған дәлелдемелерге баға беруге және оларды зерттеуге міндетті.

Барлық өзге жағдайларда сот салық органында оның талаптарының мәні бойынша негізділігін тексермей хабарлама шығару үшін заңда көзделген негіздердің бар-жоғын анықтауы жеткілікті. Олай болмаған жағдайда болашақ салықтық тексерулердің, оның ішінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны орындамау мәселесі бойынша жоспардан тыс тақырыптық тексерулердің нәтижелері алдын ала шешілетін болады.

Салық органы:

түсініктеме салық төлеушінің ұсынуына жатпайтын (Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағы) және бұзушылықтар жойылмаған;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға түсініктеме ұсыну не шағым беру үшін Салық кодексінде белгіленген мерзім өткізіп алынған және бұзушылықтар жойылмаған;

заңды күшіне енген сот шешімімен Салық кодексінің 96-бабы 3-тармағына сәйкес салық төлеушіге шығарылған хабарламаны заңсыз деп тану туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған және бұзушылықтар жойылмаған жағдайларда да хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығаруға құқылы.

Хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешімге шағымды (талап қоюды) салық төлеуші оны жоғары тұрған салық органына және (немесе) уәкілетті органға немесе сотқа берген (алған) күннен бастап он жұмыс күні ішінде беруі мүмкін.

Шағым (талап қою) берілуі мүмкін органды таңдау құқығы салық төлеушіге тиесілі...

Бұл ретте Салық кодексінің 117-бабының 3-тармағына сәйкес салық органдарының тиісті салық кезеңі үшін салықтарды төлеу мерзімі басталғаннан кейін салықтардың есептелген сомаларын қайта қарауы нәтижесінде пайда болған жеке тұлғалардан мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдары салығы бойынша бересі сомасы- на өсімпұл есептелмейтінін назарда ұстаған жөн...

...Талап қоюшылардың салық органдарының әрекеттері мен актілеріне шағым жасауының барлық кезеңдерінде сот әкімшілік қарау болған жағдайларда тараптарды татуластыру және дауды салық органының өз бетінше шешу мүмкіндіктерін қарастыруы керек (мысалы, техникалық қателер болған кезде ақпараттық жүйелерге өзгерістер енгізу, камералдық бақылау хабарламалары үшін "орындалған" мәртебесін көрсету және тағы басқа)...

...ӘРПК-нің 98-бабының алтыншы бөлігіне сәйкес өтініш берушіге зиян келтіру үшін шағым жасауға жол берілмейді. Салық кодексінің 186-бабының тәртібімен тақырыптық тексеру салық төлеушінің (салық агентінің) шағымын қарау барысында тағайындалатындықтан, уәкілетті орган тексеру нәтижелері бойынша дау айтылған хабарламада есепке жазылмаған салықтардың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдардың қосымша сомаларын есепке жазу туралы шешім қабылдай алмайды.

Жоғары тұрған органның (уәкілетті органның) салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша қабылданған шешімі сотта дау айтудың нысанасы бола алмайды, өйткені ол құқықтық салдарға әкеп соқпайды. Салықтық тексерудің нәтижелері туралы ха- барлама өзгеріссіз қалдырылған кезде көрсетілген хабарламаға, ал оның бір бөлігінің күшін жойған кезде – шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған хабарламаға сот тәртібімен дау айтылуы мүмкін.

Салық кодексінің 148-бабына сәйкес нұсқама салықтық тексеру жүргізу үшін негіз болып табылады.

Тексеруді тағайындау туралы акт ретінде нұсқама сот дауының дербес нысанасы болуы мүмкін, өйткені ол салық органының билік өкілеттіктерін жүзеге асыруы шеңберінде шығарылады, салық төлеуші (салық агенті) үшін құқықтық салдарға әкеп соғады...

...Жоспардан тыс тексерулер Салық кодексінің 145-бабының 3-тармағында және Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабының 3-тармағында көрсетілген негіздер болмаған кезде тағайындалуы және жүргізілуі мүмкін емес. Мұндай тексерулер тексеру жүргізу үшін негіздер болмаған кезде шығарылса Кәсіпкерлік кодекстің 156-бабы 1-тармағының және 2-тармағы 1) тармақшасының негізінде жарамсыз, ал оларды тағайындау туралы актілер заңсыз деп танылуға және олардың күші жойылуға жатады.

Салық кодексінің 159-бабы ереже- лерінің негізінде салықтық тексеру нәтижелері бойынша шешім салық органы салықтық тексеру нәтижелеріне қатысты шығарған салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарлама болып табылады. Салық төлеуші (салық агенті) салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу, ұстап қалу, аудару жөніндегі міндет- темелердің есепке жазылған сомаларымен, міндетті әлеуметтік медициналық сақтанды руға әлеуметтік аударымдарды және (неме- се) жарналарды есептеумен және төлеумен, залалдарды азайтумен, бейрезиденттердің кірістерінен төлем көзінен ұсталған ҚҚС- ның және (немесе) корпоративтік (жеке) табыс салығының асып кету сомаларын қайта рудың расталмауымен келіспеген жағдайда, сот тәртібімен хабарламаға ғана шағым жасалады. Сот дау айтылған сомаларды есепке жазудың заңдылығын салықтық тексеру актісінде жазылған тұжырымдарды ескере отырып тексереді.

Егер салық төлеуші салықтық тексеру актісінің жоғарыда келтірілген салдарларға әкеп соқпаған, алайда өзінің құқықтары мен міндеттеріне, оның ішінде болашақ салық кезеңдерінде де әсер ететін тұжырымдарымен келіспесе, аталған акті даулануы мүмкін. Тексеру актісіне шағым жасау салық органдары лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағым жасау ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны орындау салық төлеушіні орындалған хабарламаға Салық кодексінде көзделген тәртіппен және мерзімдерде шағым жасау құқығынан айырмайды.

Салықтық тексеру актісінің мазмұны Салық кодексінің 158-бабы 1-тармағының талаптарына сәйкес келуге тиіс. Салық органының салық төлеуші (салық агенті) жол берген Қазақстан Республикасының салық және өзге де заңнамасының бұзушылығы туралы тұжырымдары заңнама нормаларына сілтеме жасалып, бұзушылықтар туралы куәландыратын дәлелдер негізделіп және мән-жайлар ашылып, баяндалуы тиіс.

ӘРПК-нің 129-бабының үшінші бөлігіне сәйкес, салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдану туралы талап қоюды қарау кезінде салық органы салықтық тексеру актісінде жазылған салық төлеушінің салық және өзге де заңнаманы бұзғанын куәландыратын тұжырымдар мен негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады...

...Салық кодексінің 6-бабында белгіленген салық салудың айқындылығы қағидатына сәйкес Қазақстан Республикасының салықтары мен бюджетке төленетін төлемдері айқын болуға тиіс.

Салық салудың айқындылығы салық төлеушінің салықтық міндеттемесінің, салық агентінің салықтарды есептеу, ұстап қалу және аудару жөніндегі міндетінің туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібінің Қазақстан Республикасының салық заңна- масында белгіленуін білдіреді...

...Салық органының даулы актіні қабыл- дауы үшін негіз болған мәнжайларды дәлелдеу міндеті салық органына жүктеледі...

...ӘРПК-нің 128-бабының ережелерін ескере отырып, салық органына салық төлеушіде салық пайдасы туындауының заңсыздығы дәлелдемелерін сотқа ұсыну бойынша міндет жүктелген.

Салық төлеуші салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға не Салық кодексінің 18-тарауының 2-параграфында белгіленген салықтық тексерулер жүргізу тәртібі мен мерзімдерін салық органының бұзушылықтарының негізі бойынша тексеру актісіне дау айтқан кезде сот жол берілген бұзушылықтардың сипатын және олардың тексеру нәтижелерінің заңдылығы мен негізділігіне әсерін бағалауды негізге алуы керек. Атап айтқанда, Салық кодексінің 148-бабына сәйкес салықтық тексеру жүргі- зу үшін негіз болып табылатын нұсқамасыз не кейіннен заңсыз деп танылған нұсқама- ның негізінде жүргізілген тексеру нәтиже- лері заңсыз деп танылуға жатады.

Егер Кәсіпкерлік кодексінің 146-бабының 1-тармағын бұза отырып, қарсы тексеруді қоспағанда, салықтық тексеруді жүргізуге арналған нұсқама құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тіркелмеген болса, жоғарыда көрсетілген салдарлар туындайды...

  

Қысқартулар

ӘРПК – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс

АПК – Әкімшілік процестік кодекс

Салық кодекс – Қазақстан Республикасының «Салық және бютжетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

МКД, Департамент – Мемлекеттік кірістер департаменті

МКБ, Басқарма – Мемлекеттік кірістер басқармасы

ҚК – Қылмыстық кодексі

ҚПК – Қылмыстық-процестік кодексі

КПН – корпоративтік табыс салығы

ҚҚС – қосымша құн салығы 

 

 

Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын 

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы2025 жылғы 13 наурыздағы №6001-24-00-6ап/2740Т...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы2025 жылғы 13 ақпандағы №6001-24-00-6ап/2014Т...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған  бұзушылықтарды  жою  туралы  хабарламаны  (бұдан әрі - хабарлама) заңсыз деп танып, күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны (бұдан әрі - хабарлама) заңсыз деп танып, күшін жою туралы2025 жылғы 13 мамырдағы № 6001...

Толық оқу »

Салықтық тексеру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдану

Салықтық тексеру және камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға шағымдануСалық төлеушінің шығындарды шегерімге жатқызуға құқығы жоқ негіздер, сондай-ақ есептен ҚҚС алы...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы№6001-23-00-6ап/1669 12.12.2023 ж.Талапкер...

Толық оқу »

16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелері Мұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу туралы Заңы

16-бап. Мұнай өнімдерінің айналымын декларациялау және камералдық бақылаудың нәтижелеріМұнай өнiмдерiнiң жекелеген түрлерiн өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк реттеу...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/162...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беру жөніндегі іс-қимылды заңсыз деп тану және оның күшін жою

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беру жөніндегі іс-қимылды заңсыз деп тану және оның күшін жо...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы хабарламаның, қорытындылар хаттамасының күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы, Мемлекеттік сатып алу туралы шартты жарамсыз деп тану туралы хабарламаның, қорытындылар хаттамасыны...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және орындалмаған деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және орындалмаған деп тану туралы шешімнің күшін жою туралы№6001-22-00-6...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою туралы Әкімшілік талап

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған орташа тәуекел дәрежесі бар бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою туралы Әкімшілік талап...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы кассациялық шағым

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы кассациялық шағымӘкімшілік істер бойынша кассациялық сотқаҚазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

Сотта тауарлардың нақты жеткізілуін белгілеу камералдық бақылау нәтижелері бойынша Хабарламаның күшін жою үшін сөзсіз негіз болып табылады.

Сотта тауарлардың нақты жеткізілуін белгілеу камералдық бақылау нәтижелері бойынша Хабарламаның күшін жою үшін сөзсіз негіз болып табылады.№6001-23-00-6ап/299 10.08.2023 ж.Тал...

Толық оқу »

Ішкі аудит нәтижелері бойынша хабарламада камералдық бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар көрсетілуге тиіс

Ішкі аудит нәтижелері бойынша хабарламада камералдық бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар көрсетілуге тиіс ӘРПК-нің 79-бабына сәйкес әкімшілік акт заңды және негіздел...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға дау айту туралы№6001-23-00-6ап/239 20.07.2023 ж.Талапкер: "СМЗ"ЖШСЖауапкер: "ішкі мемлек...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама беру рәсімін бұзу сот шешімінің күшін жоюға негіз

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама беру рәсімін бұзу сот шешімінің күшін жоюға негіз болдыҚарағанды облысының СМЭС 2020 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен "Bm" ЖШС-...

Толық оқу »

Мемлекеттік сатып алу саласында Камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту

Мемлекеттік сатып алу саласында Камералдық бақылау нәтижелеріне дау айту ӘРПК-нің 79-бабына сәйкес әкімшілік акт заңды және негізделген болуға тиіс.Әкімшілік акт түсіну үшін а...

Толық оқу »

31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы

31-бап. Камералдық бақылау нәтижелері анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаМемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы Заңы      1. Камералдық бақылау нәтижелері б...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалды деп тану туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалды деп тану туралы№6001-23-00-6ап/26 18.07.2023 ж.Тала...

Толық оқу »

22-бап. Биоотын өндірісі және айналымы саласында камералдық бақылауды жүргізу тәртібі Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы

22-бап. Биоотын өндірісі және айналымы саласында камералдық бақылауды жүргізу тәртібіБиоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы Заңы      1. Бұзушылықтар анықт...

Толық оқу »

137-бап. Камералдық бақылау жүргізу тәртібі және нәтижелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі

137-бап. Камералдық бақылау жүргізу тәртібі және нәтижелері Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Камералдық бақылау:     1) салық органдарында, оның ішінде салықтық...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер басқармасының Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жолдау жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы

Мемлекеттік кірістер басқармасының Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жолдау жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы№6001-2...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тануАпелляциялық сатыдағы сот материалдық құқық нормаларын қа...

Толық оқу »

Сот камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару бойынша салық органының іс-әрекеттеріне қате баға берді

Сот камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару бойынша салық о...

Толық оқу »

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы өтініші

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаға дау айту туралы өтінішіТ.сотқа "Алматы қаласы бойынша МКД Наурызбай ауданы бойынша МКБ" РММ – ге оның жылжым...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беру жөніндегі іс-қимылды заңсыз деп тану туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама беру жөніндегі іс-қимылды заңсыз деп тану туралы2023 жылғы 23 қ...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған кірістерді заңсыз деп тану туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған кірістерді заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/1629 12.12.2023 ж.Талапкер: ЖК (бұдан әрі - ЖК)...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жолдау жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану және хабарламалардың күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жолдау жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп тану және хабар...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулауға қатысты талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны даулауға қатысты талап әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатады.1.1.1. Салық кодексі салық даулары үшін арнайы м...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламалардың күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/142 27.07.2023 ж.Талапкер: "AG"ЖШСЖауапкер: "ішкі ме...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы№6001-22-00-6...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/474 18.07.2023 ж.Тал...

Толық оқу »

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен өзі орындаған хабарламаға дау айту туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға және шешілуге жатпайды.

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен өзі орындаған хабарламаға дау айту туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәрт...

Толық оқу »

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану нәтижелері бойынша шығарылатын салық органдарының хабарламаларына дау айту.

Заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану нәтижелері бойынша шығарылатын салық органдарының хабарламаларына дау айту.Салық кодексінің 607-бабының 1-тармағына с...

Толық оқу »