Келісімшарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеуге және айыппұл сомасын өндіруге байланысты даулар
Мемлекеттік органдардың қанағаттандырылған шешімдері бойынша негізгі талаптар келісімшарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеуге және айыппұл сомасын өндіруге байланысты.
Соттар осындай істердің әрқайсысы бойынша келісімшарттық міндеттемелердің бҧзылуына әкеп соққан фактілер мен мән-жайларды зерделейді.
Мәселен, ЭМ-нің «Б» ЖШС-ға айыппұл ӛндіру талап қоюына және келісімшарттық міндеттемелерді орындау талабына қатысты іс бойынша бірінші сатыдағы сот инвесторды қолдап, талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.
Апелляциялық саты шешімді өзгеріссіз қалдырды (№7119-23-00-2/194).
Жергілікті соттар дауды шешу және талап қоюдан бас тарту кезінде келісімшартқа қосымша ретінде жұмыстардан көрінетін және 2019 жылға көзделген қаржылық міндеттемелер 2020-2022 жылдар кезеңіне арналған жұмыс бағдарламасына толық кӛлемде ауыстырылғанын негізге алған.
Демек, міндеттемелердің қолданыстағы жұмыс бағдарламасына ауыстырылуын ескере отырып, жауапкер 2019 жылғы міндеттемелерді орындауды 2022 жылдың аяқталу фактісі бойынша жүзеге асыра алады.
Бұл талап қоюшының назарына жеткізілді, бірақ мемлекеттік орган соттардың шешімдеріне шағым беруді жалғастырды. ЖС-нің ӘІСА талап қоюышының тінішхатын беруден бас тартты.
Алайда, соттар инвесторлар тарапын әрдайым қолдай бермейді, әсіресе заңда мемлекеттік органның дәлелдерін растайтын талаптар тікелей белгіленген жағдайларда қолдамайды.
Мысалы, ИИДМ-нің «Т» берген лицензияны жарамсыз деп тану туралы талабы бойынша істе талап қоюшы мемлекеттік орган жауапкердің уранды барлауға құқықтық мүмкіндігі жоқ екенін және лицензиялар беру заңнама талаптарына қайшы келетінін атап өтті (№ 7119-23-00-2/61).
Бірінші сатыдағы сот талап қоюшының дәлелдерін келесі негіздер бойынша уәжді деп атап өтті.
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекстің 70 бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы көмірсутектерді барлау мен өндіру немесе өндіру үшін, сондай-ақ уранды немесе сирек кездесетін уранды кен орнында уранды барлау немесе өндіру үшін шегінде жер қойнауын пайдалану құқығы ұлттық компанияға ғана берілуі мүмкін аумақты (аумақтарды) көрсету қамтылуы мүмкін.
Тиісінше, бұл аумақтар заңнамаға қайшы қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасына енгізілді.
Осыған сүйене отырып, сот талап қоюды қанағаттандырылды.
Апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Кассациялық саты істің материалдарын зерделеп, талап қоюшының өтінішхатын беруден бас тартуға шешім қабылдады.
Бұл ретте лицензияны заңсыз беруге әкеп соққан, соның салдарынан сот дауы туындаған мемлекеттік органдардың әрекеттері бойынша мәселелер сотта қарау шеңберінен тыс қалып отыр.
Бұл мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметінің тҧрақты мониторингінде болуға тиіс.
Соттылықты анықтау
Әртҥрлі облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада орналасқан бірінші сатыдағы соттар арасындағы дауды тиісті облыстық немесе оған теңестірілген соттың ҧсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты шешеді (ӘРПК-нің 109-бабының екінші бөлігі).
Инвестициялық даулар бойынша жауапкерлер
Жауапкер «сотта талап қойылған әкімшілік орган немесе лауазымды адам» болып табылады (ӘРПК-нің 4-бабының бірінші бөлігінің 15) тармақшасы).
Өз кезегінде әкімшілік орган ӘРПК-нің 4-бабы бірінші бөлігінің 7) тармақшасына сәйкес мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік іс-әрекет (әрекетсіздік) жасау жөніндегі өкілеттіктер берілген өзге де тыйым болып табылады.
Мемлекеттік органдар кезең-кезеңімен Астана қаласының МАӘС-нен ӛңірлердің МАӘС-не инвестициялық дауларды беру туралы мәселені кӛтеретінін ескере отырып, соттардың ықтимал жҥктемесін, оның ішінде қай аумақтық департаменттерге қатысты талап қоюлар жиі келіп тҧратынын негізге ала отырып бағалау қажет.
Талап қоюларды қайтару
Әкімшілік талап қоюларды қайтару ӘРПК-нің 138-бабының екінші бӛлігінде кӛзделген негіздер бойынша жҥзеге асырылады.
Талап қоюлардың ең көп саны ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің «іс әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпайды» деген 11) тармақшасы бойынша, сондай-ақ іс ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің «осы соттың қарауына жатпайды» деген 17) тармақшасы бойынша қайтарылған.
Негізі (ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің тармақшасы)
2) талап қою осы Кодекстің 131-бабы екінші бӛлігінің талаптарына сәйкес келмейді
5) осы немесе басқа соттың іс жҥргізуінде сол тараптар арасындағы сол нысана туралы дау бойынша іс бар
6) талап қоюшы берген талап қоюды кері қайтарып алды
9) тараптар татуласу, медиация немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасады
11) іс әкімшілік сот ісін жҥргізу тәртібімен қарауға жатпайды
15) сот талап қоюды беруге өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіруден бас тартты
17) іс осы соттың соттылығына жатпайды
ӘРПК-нің 138-бабы екінші бөлігінің 11) және 17) тармақшалары негізінде қайтарылған талап қоюлардың басым кӛпшілігі МАЭС-те азаматтық талап қою кезінде талап қоюшылардың жіберген қателіктерімен байланысты.
ӘРПК-нің 5-бабының екінші бөлігіне сәйкес әкімшілік сот ісін жҥргізудің міндеті жеке тҧлғалардың бҧзылған немесе даулы қҧқықтарын, бостандықтары мен заңды мҥдделерін, заңды тҧлғалардың жария құқықтық қатынастардағы қҧқықтары мен заңды мҥдделерін тиімді қорғау және қалпына келтіру мақсатында әкімшілік істерді әділ, бейтарап және уақтылы шешу болып табылады.
Жария-қҧқықтық қатынастар қҧқық субъектілерінің арасында қатысушылардың бірінің екіншісіне қатысты билік өкілеттіктерін жҥзеге асыруына байланысты туындайтынын атап өту маңызды.
Егер азаматтық шарт болып табылатын келісімшарттың талаптарына дау айту туралы сөз қозғайтын болсақ, онда мемлекеттік орган шарттың тарапы ретінде болады және билік өкілеттіктерін жҥзеге асырумен байланысты емес. Демек, мҧндай істер азаматтық іс жҥргізу тәртібімен қаралады.
Мысалы, МАӘС «жауапкердің бас тартуы ауыртпалық акт болып табылмайды, биліктің кӛзқарасын қамтымайды, талап қоюшының жария құқықтық қатынастардан туындайтын құқықтары мен міндеттерінің пайда болуына, өзгеруіне және тоқтатылуына бағытталмаған.
Аталған мән-жайлар кезінде талап қоюдың тұжырымдарына қарамастан, әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайтын ретінде талап қоюды қайтару керек.» деп талап қоюды қайтарған (№ 7194-23-00-4/1127).
Немесе басқа жағдайда МАӘС «талап қоюшының осы іс бойынша талаптары жария-құқықтық қатынастарға жатпайды, талап қоюшының талаптары тараптардың арасында жасалған келісімшарт талаптарынан туындайды.
Талап қоюшы жауапкердің келісімшарт мерзімін ұзартудан бас тартуына қарсы. Осыған байланысты, инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарт болған жағдайда, бұл дау әкімшілік талап қою нысанасы бола алмайды.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот талап қою әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды деп есептейді.» (№7194-23-00-4/675). Дәл осы мәселеге байланысты талап қоюларды қайтарудың саны ең көп.
Ол туралы осы талдаудың 4.1-бӛлімінде толығырақ баяндалған. Сондай-ақ әкімшілік талап қоюлар бойынша татуласудың салыстырмалы тҥрде төмен деңгейіне қатысты тӛмендегілерді атап өтеміз.
ӘРПК-нің 120-бабының бірінші бөлігіне сәйкес тараптарды татуластыруға жауапкердің әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде олардың заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдауға өкілеттігі болып табылатын әкімшілік қалауы болған кезде жол беріледі.
Осыған байланысты АПК-нің 174-бабының бірінші бөлігінде белгіленген сияқты емес, ӘРПК тараптарды татуластыру шараларын қабылдауға судьяны міндеттемейді.
Әкімшілік және азаматтық істер бойынша татуласу санының айырмашылығы осыған байланысты.
Болашақта ӘРПК-ге әкімшілік шарт тҧжырымдамасы енгізілген жағдайда, тиісті өзгерістер татуласу тетігін де қозғайтынын назарда ҧстаған жөн.
Сонымен қатар, МАЭС-те қаралатын инвестициялық даулар инвесторлардың да, мемлекеттік органдардың да инвесторларға берген талап қоюларын қамтиды.
Қолданылған қысқартулар
1) ӘРПК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
2) АПК – Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
3) АК – Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
4) КК – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
5) ЖС НҚ – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы;
6) СК – Қазақстан Республикасының Салық кодексі;
7) Астана қалалық сотының ӘІСА - Астана қалалық сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
8) ЖС ӘІСА – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жӛніндегі сот алқасы;
9) МАӘС – Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот;
10) МАЭС – Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот;
11) ОМО – орталық мемлекеттік орган.
Пайдаланылған нормативтік деректер
Инвестициялық дауларды қарау кезінде соттар басшылыққа алған материалдық құқық нормаларына қазіргі кездегі қолданыстағы заңнамалық актілер жатады.
Қорыту санатындағы даулар бойынша мәселелерді реттейтін негізгі нормативтік қҧқықтық актілер:
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы;
2) 1994 жылғы 27 желтоқсандағы № 268-XIII Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
3) 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі;
4) Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі;
5) Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі;
6) 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Қазақстан Республикасының Жер кодексі;
7) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі;
8) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VI «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының кодексі және т.б.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы