Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылған

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Мамандандырылған ауданаралық сотының 2019 жылғы 14 наурыздағы үкімімен: М. бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 121-бабының төртінші бөлігімен кінәлі деп танылып, педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған және жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленген. М. мемлекет кірісіне 70 209 теңге процестік шығындар, жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, яғни 72 150 теңге мәжбүрлі төлем өндірілген. Мемлекеттік тіркеу нөмірі «Тойота Ланд Крузер Прадо» маркалы автокөлік мемлекет кірісіне тәркіленген. Сот үкімімен М. көрінеу жас балаға қатысты оның дәрменсіз күйін пайдаланып, сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2019 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Жәбірленушінің өкілі Ұ.-ның өтінішхатында өзі заңды өкілі болып табылатын үш жасар қызы С.-дан қылмыстық оқиғадан соң бір ай өткеннен кейін алған жауабы және оқиға үстінен түскен екі полиция қызметкерінің қарама-қайшы жауаптары М.-ға қатысты айыптау үкімін шығаруға жеткіліксіз деп есептеп, қызы С.-ның тергеушінің сұрақтарына жауап бере алмағанын, ал жауап алу хаттамасындағы сөздерді қызының айтпағанын, сот-сараптама қорытындылары да М.-ның қызына қатысты қылмысты жасағанын жоққа шығаратынын, заңсыз шығарылған үкім екі отбасының туыстық қарым-қатынасы мен балаларының болашақ тағдырына кері әсер ететінін көрсетіп, сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі жаңадан сот қарауына жіберуді сұраған.

Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Өтінішхатты қолдаған жәбірленушінің өкілі Ұ.-ның, оны қанағаттандыруды сұраған адвокат Ш.-ның, сотталғанның адвокаты Б.-ның, сотталғанға қатысты сот актілерін өзгеріссіз қалдыруды сұраған прокурор Ә.-нің пікірлерін тыңдап, қылмыстық іс материалдарын зерделеп, сот алқасы сотталған М.-ға қатысты сот актілері төмендегі мән-жайлардың негізінде өзгертілуге жатады деп есептейді. Қылмыстық іс материалдарынан анықталғандай, сотталған М. көрінеу жас бала К.-ға қуыршақ беріп, өзінің автокөлігіне отырғызып, қаланың сыртына шығып, оңаша жерге тоқтаған. М. көлік ішінде өзін және К.-ні іш киімсіз қалдырып, артқы орындықта өзінің қозып тұрған жыныстық мүшесін ұстап, жәбірленуші жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған. Сот сотталған М.-ның көрінеу жас бала К.-нің дәрменсіздігін пайдаланып, өзінің қозып тұрған жыныстық мүшесін ұстап, оған қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған деген тұжырымға келіп, нақты қандай зорлық-зомбылық әрекеттерді жасағанын ашып көрсетпеген. Басты сот талқылауында куәлар - полиция қызметкерлері Д. мен Т. кешкі кезекшілік уақытында бейіттердің маңында мемлекеттік нөмірі «Тойота Ланд Крузер Прадо» маркалы автокөліктің жалғыз тұрғанына күдік келтіріп, оған жақындағандарын, қасына барған кезде автокөліктің есіктері құлыптаулы, алдыңғы орындықтардың ортасы жапқышпен жабулы, көлік қозғалыңқырап тұрғанын, ішінде адамның бары белгілі болғанын көрсеткен. Бір кезде артқы есіктен М. шығып, асығыс киініп, шалбарының белбеуін таға алмай әлектенгенін, іш киімінің астынан жыныс мүшесінің қозып, қатайған күйде тұрғаны байқалғанын, ал көліктің артқы орындығында отырған сәби – К.-нің белінен төмен жалаңаш, үстіңгі киімі түрулі күйде болғанын, автокөлік маңында пайдаланылған дәретхана қағаздары жатқанын баяндаған. Жәбірленуші жас бала К. психологтың және оның заңды өкілінің қатысуымен берген айғақтарында М. автокөліктің екі алдыңғы орындығының ортасын көрпемен жапқаны, сосын оның лосинасы мен іш киімін шешкені, өзінің іш киімін шешкені, жыныс мүшесін қағазбен сүрткені, жыныс мүшесі үлкен болғаны, содан соң полиция қызметкерлерінің келгені, сол күні М. оған қуыршақ сыйлағаны жөнінде айтқан. Басты сот талқылауында маман С. жәбірленуші жас бала К.-дан жауап алу кезінде психолог маман ретінде қатысқанын, С.-мен алдын ала танысып, онымен сөйлескенін, қойылған сұраққа жауап беру барысында М. өзін көлікпен әкелгені және оның жыныстық мүшесін көрген жөнінде айтып көрсеткен. Басты сот талқылауында жас бала К.-ға қатысты кешенді сот-психиатриялық сараптамасын жүргізу барысында психиатр ретінде қатысқан маман В. С. анасының қатысуымен оқиғаның мән-жайын өздеріне айтып бергенін, яғни С.-мен әңгімелесу кезінде ол М. ағасымен алысқа барғаны, оған қуыршақ алып бергені, көліктің ішінде М. ағасы оның іш киімін шешкені, сосын өзінің шалбарын шешкені, оның жыныстық мүшесін көргені туралы айтқанын көрсеткен. Сот-медициналық сараптама қорытындысына сәйкес К.-нің қыз абыройының тұтастығы бұзылмағаны, жыныстық мүшесінің айналасында және артқы өткел тесігінде дене жарақаттары жоқ екендігі анықталған. Сот-биологиялық сараптама қорытындысы бойынша М.-ның іш киімінен, жәбірленуші жас бала К.-нің киімдерінен, автокөліктен алынған орындық жапқыштан, көлік қасынан алынған дәретхана қағазынан, автокөліктің өзінен және орындықтарынан қан немесе шәуіт табылмаған. «Зорлау және өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы № 4 нормативтік қаулысының (бұдан әрі – Нормативтік қаулы) 1-тармағында әйел немесе еркек жынысты адамға табиғи емес нысанда жасалған жыныстық құштарлықты қанағаттандыруды (еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы және т.с.с.) өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері деп түсіну керек делінген.

Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін кінәлі деп танылған

Нормативтік қаулының 6-тармағына сәйкес өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері сол әрекеттер нәпсіқұмарлық сипатта жасалына бастаған сәттен бастап аяқталды деп саналады. Зорлауға немесе нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне оқталуды басқа қылмыстардан ажырату кезінде кінәлі жәбірленушілердің еркінен тыс жыныстық акт немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер жасау мақсатында әрекет жасады ма және күш қолдану осы мақсатқа жетудің тәсілі болды ма, анықталуы керек. Осындай мән-жайлар болмаса, адам зорлауға немесе өзге нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттеріне оқталғаны үшін жауаптылыққа тартылмайды. Ал нормативтік қаулының 14-1-тармағында он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасағаны үшін, сол сияқты жас балаға қатысты азғындық әрекеттер жасағаны үшін (ҚК-нің 122 және 124-баптары) қылмыстық жауаптылық азғындық әрекеттер күш қолданылмай немесе оны қолданамын деп қорқытпай немесе жәбірленуші адамның дәрменсіз күйін пайдаланбай жасалған жағдайларда туындайтыны көрсетілген. Іс бойынша жасақталған айыптау актісі мен сот үкіміне сәйкес сотталған М. жәбірленушінің көз алдында өзінің жыныстық мүшесін ұстап, жәбірленушіге қатысты сексуалдық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылық әрекеттер жасаған деп айыпталған. Алайда М. жәбірленуші жас балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағаны не оны жасауға оқталғаны жәбірленушінің, куәлардың жауаптарынан және сараптама қорытындыларынан көрінбейді, бірақ та сотталғанның өз жыныс мүшесін жәбірленушінің көз алдында ұстап көрсеткені оның әрекетінде ҚК-нің 124-бабымен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болуын дәлелдейді. Істің мұндай тұрғысында, сотталған М.-ның әрекеттері ҚК-нің 121-бабаның төртінші бөлігінен ҚК-нің 124-бабының бірінші бөлігіне қайта саралануға жатады. Сотталған М.-ға жаза тағайындау кезінде сот алқасы оған қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайларды, ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын және жәбірленуші өкілінің пікірін ескерген. Бұдан басқа, ҚК-нің 46-бабы бесінші бөлігінің 2) тармағына сәйкес М.-ға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның өтелуі қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде белгіленуге жатады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы сотталған М.-ға қатысты жергілікті соттардың сот актілерін өзгертіп, М.-ның әрекеттері ҚК-нің 121-бабаның төртінші бөлігінен ҚК-нің 124-бабының бірінші бөлігіне қайта сараланып, оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс жасауға байланысты лауазымдарды атқару құқығынан 7 (жеті) жылға айыра отырып, 5 (бес) жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеу белгіленіп, сот актілерінің қалған бөліктері өзгеріссіз қалдырылды. Жәбірленушінің өкілі Ұ.-ның өтінішхаты ішінара қанағаттандырылды.  

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

122-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас және жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер

122-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас және жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер Он алты жас...

Толық оқу »

122-бап. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөкшелік қызметті, сексуалдық сипаттағы өзге де қызметті алу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

122-бап. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін ж...

Толық оқу »

Қылмыстық заңға сәйкес он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер үшін жауапкершілік адамға белгілі болған жағдайда ғана туындайды

Қылмыстық заңға сәйкес он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер үшін жауапкершілік адамға белгілі болған жағдайда ғана туынд...

Толық оқу »

121-1-бап. Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

121-1-бап. Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиісуҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының      Көрінеу он алты жасқа толмаған адамға қатысты сексу...

Толық оқу »

123-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жыныстық қатынасқа, мужікке, лесбияндыққа немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу

123-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жыныстық қатынасқа, мужікке, лесбияндыққа немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүрлеу Ада...

Толық оқу »

Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жыл...

Толық оқу »

450-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу , сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

450-бап. Көрінеу жезөкшелікпен айналысу , сексуалдық сипаттағы өзге де қызметтерді көрсету немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Р...

Толық оқу »

Дәрменсіз жағдайды пайдалана отырып, зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасау

Дәрменсіз жағдайды пайдалана отырып, зорлық-зомбылық қолдану қаупімен жыныстық сипаттағы іс-әрекеттер жасауАлматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданара...

Толық оқу »

121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

121-бап. Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп не жәбірленушінің...

Толық оқу »

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәжбүр ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

123-бап. Жыныстық қатынас жасауға, еркек пен еркектiң жыныстық қатынас жасауына, әйел мен әйелдің жыныстық қатынас жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерге мәж...

Толық оқу »

Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралы ҚР Жоғарғы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы N 4 Нормативтік қаулысы.

Зорлау және өзге де сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттермен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселелері туралыҚазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жыл...

Толық оқу »

Келісімшарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеуге және айыппұл сомасын өндіруге байланысты даулар

Келісімшарттық міндеттемелерді орындауға мәжбүрлеуге және айыппұл сомасын өндіруге байланысты даулар Мемлекеттік органдардың қанағаттандырылған шешімдері бойынша негізгі талап...

Толық оқу »