Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Халықаралық келісімдер / Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы

Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді ратификациялау туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2021 жылғы 19 сәуірде № 31-VII ҚРЗ. 

       2018 жылғы 1 маусымда Душанбеде жасалған Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісім ратификациялансын. 

      Қазақстан Республикасының Президенті Қ. ТОҚАЕВ 

  

Бейресми аударма 

 Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісім 

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері 

      1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттау саласында келісілген саясат жүргізу туралы келісімнің ережелерін орындау. кезінде өзара іс-қимылды жүзеге асыра отырып, 

      мемлекетаралық стандарттау бойынша қолданылатын құжаттардың анықтығы мен оларды тарату қағидаттарының бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастықтың экономикалық орындылығын ескере отырып, 

      стандарттау жөніндегі ұлттық органдардың тиімді қызметіне мүдделі бола отырып, 

      мемлекетаралық стандарттауды одан әрі дамыту, мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату мен пайдалануды кеңейту қажеттігін негізге ала отырып, 

      төмендегілер туралы келісті: 

 1-бап 

      Осы Келісімнің мақсаты Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекетаралық кеңес (бұдан әрі - МАК) қабылдайтын мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды таратудың бірыңғай қағидаттарын қалыптастыру болып табылады. 

 2-бап 

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін келтірілген терминдер мынадай мағынаға ие болады: 

      мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттар - МАК қабылдайтын мемлекетаралық стандарттар, мемлекетаралық стандарттау жөніндегі қағидалар мен ұсынымдар, мемлекетаралық техникалық-экономикалық және әлеуметтік ақпарат сыныптауыштары және оларға өзгерістер, сондай-ақ олардың аудармалары мен жобалары; 

      мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату - оларды сату немесе өзге де тәсілмен, баспа немесе электрондық нысанда ұсыну, оның ішінде жинақтар, дерекқорлар мен деректер банктері, интернетте орналастырылатын ақпараттық ресурстарды қоса алғанда, өзге де ақпараттық ресурстар құрамында ұсыну мақсатында мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды басып шығару, көшіру, аудару; 

      стандарттау жөніндегі ұлттық орган - ұлттық деңгейде танылган, тиісті халықаралық немесе өңірлік стандарттау жөніндегі ұйымда стандарттау саласында мемлекеттің мүдделерін білдіру құқыгына ие стандарттау жөніндегі орган. 

 3-бап 

      Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды таратуға арналған айрықша құқық стандарттау жөніндегі ұлттық органдарға немесе олар уәкілеттік берген ұйымдарға бекітіп беріледі, олар туралы стандарттау жөніндегі ұлттық органдар бір-бірін және МАК-тың Стандарттар жөніндегі бюросын хабардар етеді. 

      Осы Келісімге қатысушы әрбір мемлекетте мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды таратуға жауапты бір ғана стандарттау жөніндегі ұлттық орган немесе ол уәкілеттік берген ұйым болуы мүмкін. 

      Осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің стандарттау жөніндегі ұлттық органдары немесе олар уәкілеттік берген ұйымдары мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттардың санкцияланбаған таратылу фактілері туралы бір-бірін және МАК-тың Стандарттар жөніндегі бюросын хабардар етеді. 

 4-бап 

      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды санкцияланбаған таратудан қорғауды қамтамасыз етеді. 

 5-бап 

      Мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату, оларды санкцияланбаған таратудан қорғау шарттары МАК әзірлейтін және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрі - ТМД) Экономикалық кеңесінің шешімімен бекітілетін мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату тәртібімен айқындалады. 

 6-бап 

      Осы Келісімді іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіруді осы Келісімге қатысушы мемлекеттердің стандарттау жөніндегі ұлттық органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, МАК-тың Стандарттар жөніндегі бюросы жүзеге асырады. 

 7-бап 

       Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша оның ажырамас бөлігі болып табылатын өзгерістер енгізілуі мүмкін, олар тиісті хаттамамен ресімделеді және осы Келісімнің 9-бабында көзделген тәртіппен күшіне енеді. 

 8-бап 

      Осы Келісімді қолдану және түсіндіру кезінде туындайтын Тараптар арасындағы даулы мәселелер мүдделі Тараптардың консультациялары және келіссөздері арқылы шешіледі. 

 9-бап 

      Осы Келісім оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді. 

      Мемлекетішілік рәсімдерді кешірек орындаған Тараптар үшін осы Келісім тиісті құжаттарды депозитарий алған күннен бастап күшіне енеді. 

 10-бап 

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін депозитарийге қосылу туралы құжатты беру арқылы кез келген мемлекеттің қосылуы үшін ашық болады. 

      ТМД-ға қатысушы мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. 

      ТМД-ға қатысушы болып табылмайтын мемлекет үшін осы Келісім оған қол қойған немесе оған қосылған мемлекеттердің осындай қосылуға келіскейі туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді. 

 11-бап 

      Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады. Тараптардың әрқайсысы осы Келісімнен шығардан кемінде алты ай бұрын өзінің осындай ниеті туралы жазбаша хабарламаны депозитарийге жіберіп және оның қолданылу кезеңінде туындаған Тараптың осы Келісім бойынша міндеттемелерін реттеп, одан шығуға құқылы. 

      2018 жылғы 1 маусымда Душанбе қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа дана Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке оның расталған көшірмесін жібереді. 

      Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін 
      Ресей Федерациясының Үкіметі үшін 
      Армения Республикасының Үкіметі үшін 
      Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін 
      Беларусь Республикасының Үкіметі үшін 
      Түрікменстан Үкіметі үшін 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін 
      Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін 
      Қырғыз Республикасының Үкіметі үшін 
      Украина Үкіметі үшін 
      Молдова Республикасының Үкіметі үшін 

       Осымен қоса беріліп отырған мәтін 2018 жылғы 1 маусымда Душанбе қаласында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылған мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімнің теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келісімнің түпнұсқа данасы; Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады. 

      Атқару Комитеті төрағасының бірінші орынбасары - ТМД Атқарушы хатшысы В. Гуминский 

      Осымен қоса беріліп, отырған мәтін мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды мемлекеттік тілде тарату туралы Келісімнің теңтүпнұсқалы көшірмесі болып табылатынын куәландырамын. 

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов 

Қазақстан Республикасының  

Президенті   

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

      Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Жаңалықтар арнасы таратқан және жариялаған мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді және ар-намыс пен іскерлік беделге нұқсан келтіреді деп тану туралы

Жаңалықтар арнасы таратқан және жариялаған мәліметтерді шындыққа сәйкес келмейді және ар-намыс пен іскерлік беделге нұқсан келтіреді деп тану туралы2025 жылғы 26 мамырда Алмат...

Толық оқу »

Көршісіне жала жапқаны, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданбағаны үшін іс-әрекетке (әрекетсіздікке) дау айту туралы

Көршісіне жала жапқаны, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілік шараларын қолданбағаны үшін іс-әр...

Толық оқу »

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының бейнесін бүлдіру, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының заңды қызметіне кедергі жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

373-бап. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін – Елбасын көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Қазақстан Республикасы Тұңғ...

Толық оқу »

Азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында тегін теріске шығарылуы тиіс

Азаматтың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарында таратылса, олар сол бұқаралық ақпарат құралдарында...

Толық оқу »

375-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

375-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң абыройы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Қазақс...

Толық оқу »

318-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Президентінің ар намысы мен қадір қасиетіне қол сұғу және оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қызметіне кедергі жасау

318-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Президентінің ар намысы мен қадір қасиетіне қол сұғу және оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қызметіне кедерг...

Толық оқу »

Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін және беделге нұқсан келтіретін ауыр қылмыс жасады деген айыппен байланысты көрінеу жалған мәліметтерді тарату

Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін және беделге нұқсан келтіретін ауыр қылмыс жасады деген айыппен байланысты көрінеу жалған мәліметтерді таратуАлматы қаласы Алмалы...

Толық оқу »

Санкцияланбаған митингке қатысу, Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін және беделге нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату

Санкцияланбаған митингке қатысу, Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін және беделге нұқсан келтіретін көрінеу жалған мәліметтер таратуҚарағанды қ. Қазыбек би аудандық...

Толық оқу »

319-бапқа түсініктеме. Депутаттың ар намысы мен қадір қасиетіне қол сұғу және оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қызметіне кедергі жасау

319-бапқа түсініктеме. Депутаттың ар намысы мен қадір қасиетіне қол сұғу және оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК қызметіне кедергі жасау 1. Депутаттық мін...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi туралы

Қазақстан Республикасы астанасының тұсаукесерi құрметiне арналған "Астана" Естелiк медалi туралыҚазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы. 1998 жылғы 2 маусымдағы N 3963. Қ...

Толық оқу »

Азаматтың немесе ұйымның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату оларды баспасөзде жариялау, радио, теледидар арқылы, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып хабарлауды білдіреді

Азаматтың немесе ұйымның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін мәліметтерді тарату оларды баспасөзде жариялау, радио, теледидар арқылы, басқа да бұқаралық ақпарат құ...

Толық оқу »

Тарату көрінеу жалған мәліметтер | Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәлімдемелер | іскерлік беделге нұқсан келтіру

Тарату көрінеу жалған мәліметтер | Ар-намыс пен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін мәлімдемелер | іскерлік беделге нұқсан келтіру2019 жылғы 20 қаңтарда шамамен 4 сағат 00 минут...

Толық оқу »

376-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

376-бап. Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутатының ар-намысы мен қадiр-қасиетiне қол сұғу және оның қызметiне кедергi жасау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасын...

Толық оқу »

"Nur Otan" партиясы сотта өзінің іскерлік беделін партиялықтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін моральдық зиянды өтей отырып қорғады

"Nur Otan" партиясы сотта өзінің іскерлік беделін партиялықтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін моральдық зиянды өтей отырып қорғадыБүгін "Nur Otan" партиялары "қоғамдық бірлес...

Толық оқу »

29-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында құжаттар және (немесе) ақпарат беру және тарату жөніндегі міндеттеме Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы Заңы

29-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында құжаттар және (немесе) ақпарат беру және тарату жөніндегі міндеттемеӨзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау турал...

Толық оқу »

12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар Лотереялар және лотерея қызметі туралы Заңы

12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптарЛотереялар және лотерея қызметі туралы Заңы ...

Толық оқу »

6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізілімі Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

6-1-бап. Заңды тұлғалардың бенефициарлық меншік иелерінің тізіліміҚылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-...

Толық оқу »

12-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау Масс-медиа туралы Заңы

12-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғауМасс-медиа туралы Заңы      1. Жаңалықтар сипатындағы кемінде бір телебағдарлама...

Толық оқу »

Жала жабу құрамы азаматтың өз құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық органдарға жүгінуі оның конституциялық құқығын іске асыру болып табылады және көрінеу жалған мәліметтерді тарату ретінде бағаланбайды

Жала жабу құрамы азаматтың өз құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында әртүрлі мемлекеттік және қоғамдық органдарға жүгінуі оның конституциялық құқығын іск...

Толық оқу »

185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

185-бап. Мемлекеттiк құпияларды заңсыз жинау, тарату, жария ету ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Мемлекеттiк құпияларды құрайтын мәлiметтерді заңсыз жинау,...

Толық оқу »

15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғау Жарнама туралы Заңы

15-бап. Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды қорғауЖарнама туралы Заңы       Жарнама жасау, тарату, орналастыру кезiнде кәмелетке толмағандарды о...

Толық оқу »

10-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде балаларды қорғау Масс-медиа туралы Заңы

10-бап. Теле-, радиобағдарламаларды тарату кезінде балаларды қорғауМасс-медиа туралы Заңы      Балалар және білім беру теле-, радиобағдарламаларын тарату, оның ішінде жас сана...

Толық оқу »

453-бап. Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

453-бап. Масс-медиа өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақста...

Толық оқу »

16-бап. Уәкілетті органның функциялары Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

16-бап. Уәкілетті органның функцияларыҚылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржылан...

Толық оқу »

11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуі Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Заңы

11-бап. Қаржы мониторингі субъектілерінің ішкі бақылауды жүргізуіҚылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-ж...

Толық оқу »