Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабына түсініктеме. Құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабына түсініктеме. Құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабына түсініктеме. Құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу

1. Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не осындай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу —

екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Дәл сол іс-әрекеттер бірнеше рет немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса —

төрт мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Көрінеу жалған құжатты пайдалану —

жүз алпыс айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не жүз алпыс сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

385-бапта көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі (1, 2-бөліктері — қылмыстар, 3-бөлігі — қылмыстық теріс қылық) оның ресми құжаттармен, мөртабандармен, мөрлермен, бланкілермен, мемлекеттік пошта төлемі белгілерімен, мемлекеттік наградалармен жұмыс істеудің белгіленген тәртібін, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын бұзуында болып табылады.

Нақты оқиғаларды, фактілерді бұрмалайтын қолдан жасалған құжаттар көбінесе айналымға енгізіледі. Олар мемлекеттік органдарға, басқа да ұйымдар мен мекемелерге азаматтардың нақты құқықтары мен мүдделері туралы дұрыс пайымдауға мүмкіндік бермейді, дұрыс емес шешімдер қабылдауға әкеп соғады, қандай да бір міндеттерден заңсыз босатылуға немесе, керісінше, оларды иеленуге мүмкіндік береді. Қоғамдық қауіптілік сондай-ақ мұндай «құжаттардың» басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарды, атап айтқанда, бөтеннің мүлкін ұрлауды жасау немесе жасыру құралы ретінде қызмет етуімен де байланысты.

Қарастырылып отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың объектісі мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметін қамтамасыз ететін, сондай-ақ заңдық маңызы бар фактілерді құжаттамалық куәландыру тәртібін белгілейтін қоғамдық қатынастар болып табылады. Қосымша объект ретінде азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар танылады.

ҚК-нің 385-бабының 1, 2-бөліктерінде көзделген қылмыстың нысанасы куәліктер, ресми құжаттар, мөртабандар, мөрлер, бланкілер, мемлекеттік пошта төлемі белгілері, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградалары болып табылады.

Куәлік — тиісті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар беретін, иесі туралы мәліметтерді қамтитын және оның жеке басын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі: паспорт, әскери билет, жүргізуші куәлігі, қызметтік куәлік және басқалар.

«Ресми құжат» ұғымының анықтамасы Қазақстан Республикасының «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңының 1-бабының 21) тармағында және ҚР ҚК-нің 1-бабының 28-1) тармағында берілген (ҚК-нің 383-бабына түсініктемені қараңыз).

Ресми құжат, мөртабаны және мөр ұғымдарының анықтамалары ҚК-нің 384-бабына түсініктемеде берілген.

Құқық бұзушылықтың нысанасы кез келген ресми құжаттар емес, тек құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын құжаттар ғана болып табылады. Бұл ресми құжатта тікелей көрсетілуі немесе оның мазмұнынан туындауы мүмкін.

Құқықтар беретін ресми құжаттарға дипломдарды, куәліктерді, білім алғаны туралы куәліктерді, зейнеткерлік куәліктерді, жүргізуші куәліктерін, патенттерді, лицензияларды және т.б. жатқызуға болады. Міндеттерден босататын құжаттарға жол жүру ақысын төлеуден босататын қызметтік, зейнеткерлік және өзге де куәліктер; коммуналдық және басқа да төлемдерді төлеуден босататын анықтамалар және т.б. жатқызылуы мүмкін.

Заңдық маңызы болғанымен, құқықтар бермейтін немесе міндеттерден босатпайтын ресми құжаттар түсіндіріліп отырған қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы бола алмайды.

Бланкілер — құжаттың ішінара басып шығарылған мәтіні бар, ауыспалы деректемелерді толтыруды талап ететін белгілі бір нысандағы қағаз парақтары. Бланкілерде кейде ұйым туралы мәліметтерді, құжаттың берілген күнін және оның тіркеу нөмірін қамтитын мөртабаны болады (дипломның, паспорттың, неке туралы куәліктің және т.б. бланкілері).

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 9 сәуірдегі «Пошта туралы» Заңының 1-бабының 41) тармағына сәйкес мемлекеттік пошта төлемі белгілері — бұл пошта маркалары, блоктар, маркаланған конверттер және (немесе) пошта карточкалары, франкировкалау машиналарының бедерлері, Ұлттық пошта операторының қызметтеріне ақы төленгенін растайтын, уәкілетті орган айналымға енгізетін электрондық және өзге де белгілер.

Мемлекеттік наградалардың ұғымы, түрлері, наградтаудың шарттары Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Заңында берілген (Қазақстан Республикасы мен КСРО-ның мемлекеттік наградаларының сипаттамасын толығырақ ҚК-нің 383-бабына түсініктемеден қараңыз).

Шет мемлекеттердің мемлекеттік наградалары қарастырылып отырған қылмыстың нысанасы болып табылмайды.

ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстың объективтік жағы құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасаудан не осындай құжатты өткізуден, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындаудан немесе өткізуден көрінеді.

Қолдан жасау екі тәсілмен жүзеге асырылуы мүмкін: құжатты бұрмалау және толықтай қолдан жасалған құжатты дайындау. Бұрмалау тәсілі материалдық сипатта болуы мүмкін, бұл ретте түпнұсқа құжаттың мазмұнына оны бұрмалайтын түзетулер енгізіледі (тазалау, қосып жазу, жапсыру, химиялық жолмен өшіру, мәтінді түзету, мәтінді басқа мәтінмен ауыстыру, күнін, тегін өзгерту, қолтаңбаны, мөр бедерін қолдан жасау және т.б.), яғни түпнұсқа құжаттың бастапқы мәтініне өзгерістер енгізіледі, сондай-ақ интеллектуалдық сипатта болуы мүмкін, бұл ретте нысаны бойынша түпнұсқа болып табылатын және талаптарға сәйкес келетін құжатта жалған мәліметтер көрсетіледі.

Материалдық бұрмалау, әдетте, құжаттану саласында хабардар, құжаттарды қорғау жүйесі мен оларды дайындау алгоритмін білетін адамдардың ұқыпты жұмысын білдіреді. Интеллектуалдық бұрмалауға мөрлер мен мөртабандардың түпнұсқа клишелерін пайдалану тән, мысалы, оларды кәсіпорыннан ұрлап алу, бос бланкілерге бедерлер түсіріп, кейіннен оларға мәліметтер енгізу, лауазымды тұлғалардың қолтаңбалары бар беттерді ауыстыру.

Егер нысаны мен мазмұны бойынша қолдан жасалған құжат дайындалса, онда материалдық-интеллектуалдық қолдан жасау орын алады.

Өткізу деп қылмыс нысанасының иесі өзгеретіндей етіп оны иеліктен шығаруды түсінеміз. Қолдан жасау кезіндегідей, өткізу тәсілінің қылмыстық құқық бұзушылық құрамына маңызы жоқ. Өткізу сату, айырбастау, сыйға тарту, қарызды өтеу есебіне беру және т.б. жолдармен жасалуы мүмкін.

Қолдан жасалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды өткізу дегеніміз — оларды түпнұсқа ретінде басқа адамға беру.

Қолдан жасалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды өткізу құрамын оларды дайындаумен айналысатын адамдардың әрекеттері де, сондай-ақ қалыптасқан жағдайларға байланысты олар өздерінде болған адамдардың әрекеттері де құрайды.

Мөртабандардың, мөрлердің, бланкілердің, мемлекеттік пошта төлемі белгілерінің, мемлекеттік наградалардың телнұсқаларын дайындау осы заттарды толықтай заңсыз дайындауды да, сондай-ақ түпнұсқа құжаттарға олардың сыртқы түрін, мәтінін, мәртебесін өзгертетін өзгерістер енгізу арқылы оларды бұрмалауды да қамтиды. Мысалы, «Барыс» II дәрежелі орденін «Барыс» I дәрежелі орденіне өзгерту. Заңсыздық аталған заттарды қолданыстағы құқықтық нұсқамаларды бұза отырып дайындауды білдіреді.

Қарастырылып отырған қылмыс құрамы құрылымы бойынша формальды болып табылады. Қылмыстық жауаптылық тізбеленген заттар қолдан жасалған немесе дайындалған сәттен бастап, адамның осы затты мақсатына сай пайдалана алған-алмағанына қарамастан туындайды. Қолдан жасалған құжатты, мөртабанды, мөрді, бланкіні, мемлекеттік пошта төлемі белгісін, мемлекеттік награданы өткізу аталған заттардың ең болмағанда біреуі басқа адамға берілген сәттен бастап аяқталған қылмыс құрамын құрайды.

Қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасап, дайындап жатқанын немесе жоғарыда аталған қолдан жасалған заттарды өткізіп жатқанын сезінеді және соны қалайды.

Ресми құжаттарды қолдан жасау, сол сияқты мемлекеттік наградаларды, мөрлерді, мөртабандарды, бланкілерді дайындау кінәлінің оларды өзі пайдалану мақсатында не кейіннен өткізу мақсатында жасалады. Осы мақсаттарды көздемейтін дайындау немесе қолдан жасау талданып отырған қылмыстық құқық бұзушылық құрамын құрамайды.

Түсіндіріліп отырған бапта көзделген қылмыстың субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс кез келген адам болуы мүмкін. Әдетте, бұл баптың диспозициясында көрсетілген құжатты немесе затты қолдан жасаған адам болып табылады.

Лауазымды адамның ресми құжаттарды қолдан жасауы, барлық қажетті белгілер болған кезде, ҚК-нің 369-бабы «Қызметтік жалғандық жасау» немесе ҚК-нің 250-бабы «Өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша саралануға тиіс.

ҚК-нің 385-бабының 2-бөлігінде құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не осындай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу үшін саралаушы белгілер көзделген. Оларға бірнеше рет жасалу немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалу жатады.

Осы бапқа қатысты бірнеше рет жасалу ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп іс-әрекетті жасауды білдіреді. Егер бұрын жасалған қылмыстық құқық бұзушылық үшін адам сотталған немесе заңда белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған болса, қолдан жасалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткізу бірнеше рет жасалған деп танылмайды.

Құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын куәлікті немесе өзге де ресми құжатты қолдан жасау не осындай құжатты өткізу, сол сияқты қолдан жасалған мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді, мемлекеттік пошта төлемі белгілерін, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградаларын дайындау немесе өткізу адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалды деп, осындай қылмыстық құқық бұзушылықты бірлесіп жасау туралы алдын ала уағдаласқан адамдар қатысқан іс-әрекеттер танылады.

ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде заң шығарушы дербес қылмыстық теріс қылық құрамы ретінде көрінеу жалған құжатты пайдалануды көздеген.

ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықтың объективтік жағы көрінеу жалған құжатты пайдаланудан көрінеді.

Жалған құжатты пайдалану деп қандай да бір құқықтарды алу немесе міндеттерден босатылу мақсатында көрінеу қолдан жасалған құжатты мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға, азаматтарға ұсынуды түсінеміз. Мұндай құжатты ұсынған кезде субъект жалған құжатты шынайы құжат ретінде көрсете отырып, белгілі бір адамдарды оның мазмұнымен таныстырады. Мысалы, құжаттарды тексеру кезінде оны жол полициясының инспекторына ұсынады.

Егер адам өзінің куәлігінің орнына әріптесінің түпнұсқа құжатын ұсынса, талданып отырған қылмыстық теріс қылық құрамы болмайды.

ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде дәл ресми құжатты пайдалануға қатысты қылмыстық-құқықтық тыйым туралы нұсқау жоқ. Сондықтан бұл қылмыстың нысанасы ретінде жеке құжатты да тану қажет.

Жеке құжаттар — мемлекеттік билік органдары беретін, иесін сәйкестендіруге арналған өмірбаяндық ақпаратты қамтитын құжаттар. Олар жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасаған кезде, қарыздарды рәсімдегенде, билеттер сатып алғанда, еңбек қатынастарын ресімдегенде және т.б. жағдайларда талап етіледі. Жеке құжаттарға паспорт, жеке куәлік, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің тұруға ықтиярхаты, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, босқын куәлігі, Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі, қайтып оралу туралы куәлік, туу туралы куәлік, неке туралы куәлік, білім туралы диплом, жүргізуші куәлігі, әскери билет, еңбек кітапшасы, зейнеткерлік куәлік және т.б. жатады.

Жалған құжатты пайдалану бір рет жасалуы мүмкін, сондай-ақ созылмалы қылмыс болуы да мүмкін. Бұл мән-жайды қылмыстық қудалаудың ескіру мерзімдерін есептеу кезінде ескеру қажет (ҚК-нің 71-бабы).

Көрінеу жалған құжат басқа қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау кезінде де пайдаланылуы мүмкін. Мәселен, осы адам өзі қолдан жасаған, құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын ресми құжатты пайдалану арқылы алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау немесе оған құқықты иемдену ҚК-нің 385-бабының 1 немесе 2-бөліктерінде және ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша сараланады.

Басқа адам дайындаған қолдан жасалған ресми құжатты пайдалану арқылы алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлаған немесе оған құқықты иемденген адамның әрекеттері алаяқтық құрамымен толық қамтылады және ҚК-нің 385-бабы бойынша қосымша саралауды қажет етпейді.

Адам салықтарды және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару мақсатында құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын ұйымның ресми құжаттарын, сондай-ақ мөртабандарды, мөрлерді, бланкілерді қолдан жасаған жағдайларда, негіздер болған кезде оның жасаған әрекеттері ҚК-нің 244-бабы «Азаматтың салық төлеуден және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруы» немесе ҚК-нің 245-бабы «Ұйымдардан салық төлеуден және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару» және ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылық жалған құжатты пайдалану сәтінде, яғни құжатты кінәлі адамның қалаған құқықтарға қол жеткізгеніне немесе міндеттерден босатылғанына қарамастан, ол ұсынылған немесе тапсырылған кезде аяқталған болып есептеледі.

ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекеттің субъективтік жағы тікелей қасақаналықпен сипатталады. Кінәлі адам көрінеу жалған құжатты пайдаланып жатқанын сезінеді және соны қалайды. «Көрінеулілік» термині кінәлі адамның құжатты пайдалануды бастамас бұрын оның қолдан жасалғанын немесе жалған екенін білуге тиіс екенін білдіреді.

Егер адам жалған құжатты оны пайдалану мақсатынсыз немесе әзіл ретінде ғана көрсетсе, ол ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.

Талданып отырған әрекеттің субъектісі 16 жасқа толған, есі дұрыс адам болып табылады. Әдетте, бұл қолдан жасалған құжатты дайындаушы болып табылмайтын адам.

Көрінеу жалған құжатты оны қолдан жасаған адамның өзі пайдалануы түсіндіріліп отырған баптың 1-бөлігімен қамтылады және осы баптың 3-бөлігі бойынша қосымша саралауды талап етпейді.

Егер адам ресми құжатты қолдан жасағанымен, өзіне байланысты емес мән-жайларға орай оны іс жүзінде пайдаланбаса, оның әрекеті ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігі бойынша саралануға тиіс.

ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты ҚК-нің 151-бабында көзделген «Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс есептемеу» қылмысынан ажырату қажет.

Объектісі мемлекеттік билік және басқару органдарының қызметін қамтамасыз ететін, сондай-ақ заңдық маңызы бар фактілерді құжаттамалық куәландыру тәртібін белгілейтін қоғамдық қатынастар болып табылатын ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтан айырмашылығы, ҚК-нің 151-бабында көзделген қылмыстың объектісі заңнамада белгіленген дауыс беру және референдум өткізу тәртібін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Сонымен қатар, ҚК-нің 151-бабында көзделген қылмыстың нысанасы ресми құжаттардың арнайы түрлері — сайлау құжаттары мен референдум құжаттары болып табылады, ал ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың нысанасы әлдеқайда кең.

ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтың субъектісі 16 жасқа толған жеке, есі дұрыс адам болып табылады, ал ҚК-нің 151-бабында көзделген қылмыстың субъектісі ҚР Президенттігіне кандидаттың сенім білдірілген адамы немесе депутаттыққа кандидаттың сенім білдірілген адамы, сондай-ақ сайлау комиссиясының немесе референдум өткізу жөніндегі комиссияның мүшесі болып танылады.

Түсіндіріліп отырған қылмыстық құқық бұзушылықты ҚК-нің 416-бабында көзделген «Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау» қылмысынан да ажырату қажет.

ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыстың объектісінен айырмашылығы, ҚК-нің 416-бабында көзделген қылмыстың объектісі соттың сот төрелігін жүзеге асыруын, сондай-ақ сот ісін жүргізуге қатысушының (талап қоюшының, жауапкердің) құқықтарын, бостандықтарын, мүдделерін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.

Сонымен қатар, ҚК-нің 416-бабында көзделген қылмыстың нысанасы баптың бөлігіне қарай азаматтық, әкімшілік немесе қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады, ал ҚК-нің 385-бабында көзделген әрекеттің нысанасы баптың бөлігіне қарай куәліктер, ресми құжаттар, мөртабандар, мөрлер, бланкілер, мемлекеттік пошта төлемі белгілері, Қазақстан Республикасының немесе КСРО-ның мемлекеттік наградалары болып табылады.

Қарастырылып отырған әрекеттердің субъектілерінде де айырмашылықтар бар. ҚК-нің 385-бабында көзделген қылмыстың субъектісінен айырмашылығы, дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалауды тек арнайы субъект, яғни іске қатысушы адам немесе оның өкілі ғана жасайды.

ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігінде көзделген әрекет онша ауыр емес қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 385-бабының 2-бөлігінде көзделген әрекет ауырлығы орташа қылмыстарға жатады.

ҚК-нің 385-бабының 3-бөлігінде көзделген әрекет қылмыстық теріс қылықтарға жатады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 2021 жылғы түсініктеме авторы — Исидор Шамилович Борчашвили, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, ҚР Конституциялық Кеңесі және ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Ғылыми-консультативтік кеңестердің мүшесі, ҚР Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Ережелер Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Ережелер Жолдаулар

387-бап. Әскери қызметке шақырылудан жалтаруу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

387-бап. Әскери қызметке шақырылудан жалтаруу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақыры...

Толық оқу »

325-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жалған құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерін, бланкілерін, мемлекеттік наградаларын қолдан жасау, дайындау немесе өткізу

325-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жалған құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерін, бланкілерін, мемлекеттік наградаларын қолдан жасау, дайынд...

Толық оқу »

386-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

386-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Респ...

Толық оқу »

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар құжаттарды қолдан жасау және пайдалану алаяқтықтың объективті жағын құрайды, басқа біреудің мүлкін иемдену құралы ретінде қарастырылады және қосымша біліктілікті қажет етпейді

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар құжаттарды қолдан жасау және пайдалану алаяқтықтың объективті жағын құрайды, басқа біреудің мүлкін иемдену құралы ретінде...

Толық оқу »

Алдын ала сөз байласу және алаяқтық бойынша адамдар тобының қылмыс жасауына, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлауына мүдделі жеке куәлікті, ресми құжаттарды қолдан жасау және дайындау

Алдын ала сөз байласу және алаяқтық бойынша адамдар тобының қылмыс жасауына, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлауына мүдделі...

Толық оқу »

387-бап. Әскери қызметке шақырылудан жалтаруу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

387-бап. Әскери қызметке шақырылудан жалтаруу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының 1. Әскери қызметтен босатуға заңды негiздер болмаған кезде осы қызметке шақыры...

Толық оқу »

386-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

386-бап. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Респ...

Толық оқу »

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар құжаттарды қолдан жасау және пайдалану алаяқтықтың объективті жағын құрайды, басқа біреудің мүлкін иемдену құралы ретінде қарастырылады және қосымша біліктілікті қажет етпейді

Басқару тәртібіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар құжаттарды қолдан жасау және пайдалану алаяқтықтың объективті жағын құрайды, басқа біреудің мүлкін иемдену құралы ретінде...

Толық оқу »

Алдын ала сөз байласу және алаяқтық бойынша адамдар тобының қылмыс жасауына, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлауына мүдделі жеке куәлікті, ресми құжаттарды қолдан жасау және дайындау

Алдын ала сөз байласу және алаяқтық бойынша адамдар тобының қылмыс жасауына, яғни аса ірі мөлшерде алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін ұрлауына мүдделі...

Толық оқу »

325-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жалған құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерін, бланкілерін, мемлекеттік наградаларын қолдан жасау, дайындау немесе өткізу

325-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК жалған құжаттарын, мөртабандарын, мөрлерін, бланкілерін, мемлекеттік наградаларын қолдан жасау, дайынд...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 386-бабына түсініктеме. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 386-бабына түсініктеме. Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар к...

Толық оқу »