Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 55-бабына түсіндірме. Тергеу судьясының өкілеттіктері

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 55-бабына түсіндірме. Тергеу судьясының өкілеттіктері

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 55-бабына түсіндірме. Тергеу судьясының өкілеттіктері

1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген жағдайларда мынадай мәселелерді қарайды:

1) күзетпен ұстауға санкция беру;

2) үйқамаққа санкция беру;

3) лауазымынан уақытша шеттетуге санкция беру;

4) жақындауға тыйым салуға санкция беру;

5) экстрадициялық қамаққа санкция беру;

6) жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуге, жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу мерзімдерін ұзартуға санкция беру;

7) осы Кодекстің 234-бабы үшінші бөлігінде көзделген жағдайларда прокурордың өтінішхаты бойынша жасырын тергеу әрекеттерін тоқтату;

8) күзетпен ұстау, үйқамақ, экстрадициялық қамақ мерзімдерін ұзарту;

9) кепілді қолдануға санкция беру;

10) мүлікке тыйым салуға санкция беру;

11) күзетпен ұсталмайтын адамды сот-психиатриялық және (немесе) сот-медициналық сараптамалар жүргізу үшін медициналық ұйымға мәжбүрлеп орналастыру;

12) психикалық ауру фактісі анықталған кезде, бұрын күзетпен ұстау қолданылған адамды қатаң оқшаулау жағдайында науқастарды ұстауға бейімделген психиатриялық көмек көрсететін арнаулы медициналық ұйымға ауыстыру;

13) мәйітті эксгумациялау;

14) күдіктіге, айыпталушыға халықаралық іздеу жариялау;

15) қарап-тексеруге санкция беру;

16) тінтуге санкция беру;

17) алып қоюға санкция беру;

18) жеке тінтуге санкция беру;

19) мәжбүрлеп куәландыруға санкция беру;

20) мәжбүрлеп үлгілер алуға санкция беру.

2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда тергеу судьясы:

1) анықтаушының, анықтау органының, тергеушінің және прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне берілген шағымдарды қарайды;

2) тез бұзылатын немесе қылмыстық істі мәні бойынша шешкенге дейін ұзақ уақыт сақтау елеулі материалдық шығындарды талап ететін заттай дәлелдемелерді өткізу мәселесін қарайды;

3) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында жәбірленуші мен куәгердің айғақтарын депонирлейді;

4) сотқа дейінгі іс жүргізу барысында процестік міндеттерін орындамайтын немесе тиісінше орындамайтын адамдарға, адвокаттар мен прокурорларды қоспағанда, ақшалай өндіріп алу қолданады;

5) прокурордың ұсынуы бойынша қылмыстық іс бойынша процестік шығындарды өндіріп алу мәселесін қарайды;

6) қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, қылмыстық іс үшін маңызы бар кез келген мәліметтерді, құжаттарды, заттарды талап етіп алдыру және қылмыстық іске қосу мәселесін, сұрау салуды орындаудан бас тартылған немесе ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылданбаған жағдайларда қарайды;

7) қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың уәжді өтінішхаты бойынша, оның ішінде қылмыстық қудалау органы мұндай өтінішхатты қанағаттандырудан негізсіз бас тартқан немесе ол бойынша үш тәулік ішінде шешім қабылдамаған жағдайда, сараптама тағайындау не қылмыстық қудалау органының жасырын тергеу әрекеттерін қоспағанда, өзге де тергеу әрекеттерін жүргізу мәселесін қарайды;

8) қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың өтінішхаты бойынша, айғақтар беру үшін келуін қамтамасыз ету қиындық туғызатын, өзі бұрын жауап алған куәгерді қылмыстық процесті жүргізетін органға мәжбүрлеп әкелу мәселесін қарайды;

8-1) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша өзіне қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы адамды хабардар ету мерзімін бір жылға дейін ұзарту мәселесін қарайды;

8-2) сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру органына өзіне қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы адамға хабарламау жөнінде келісім береді;

9) осы Кодексте көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайды.

Ескерту. 55-бапқа Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 378-V (2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); 2017 жылғы 11 шілдедегі № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2017 жылғы 21 желтоқсандағы № 118-VI (қолданысқа енгізу тәртібін 2-баптан қараңыз); 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 292-VI (қолданысқа енгізу тәртібін 2-баптан қараңыз) заңдарымен өзгерістер енгізілді.

Қылмыстық сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі кезеңіне тергеу судьясы институтын енгізу қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде оның құқықсубъектілігін айқындауды объективті түрде талап етті. Бірінші сатыдағы соттың судьясы бола отырып, ол Конституцияның, «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның, ҚПК-нің нормаларымен қорғалады. Іс жүзінде оның процестік қызметі кейінгі сот сатыларындағы заңдылық пен негізділікті едәуір дәрежеде алдын ала айқындайды, өйткені сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында белгілі бір шешім қабылдануы арқылы қылмыстық процестің қатысушыларынан осы сатыларда туындауы мүмкін көптеген мәселелерді шешіп береді.

Сонымен, бұл – судьяның қаулылар шығару арқылы 16 жағдайда санкция беру құқығы (1—8, 11—18-тармақшалар), сондай-ақ төрт жағдайда қаулы нысанында шешім қабылдау құқығы (5-2, 9—10, 12-тармақшалар), олардың тізбесі ҚПК-нің 55-бабының 1-бөлігінде келтірілген және түпкілікті болып табылады. Бұл жағдайлар ҚПК нормаларымен егжей-тегжейлі реттелген және осындай санкциялар мен шешімдерді алуды талап ететін процестік әрекеттерге түсініктеме беру кезінде қаралатын болады. Тек тергеу судьясының санкцияларды беруі мен шешімдерді қабылдауы қылмыстық істің, дәлелдемелердің қажетті жиынтығының болуын көздейтінін, ал жекелеген жағдайларда олардың қылмыстық құқық бұзушылықтың санатына және адамның психикалық қасиеттеріне байланысты болатынын атап өтумен шектелеміз. Жалпы алғанда, тергеу судьясынан санкциялар алу және шешімдер қабылдау прокурордың қатысуымен немесе қатысуынсыз (бірақ оны міндетті түрде хабардар ете отырып) қылмыстық қудалау органының белгілі бір процестік құжаттарын әзірлеуді және олардың қозғалысын, сондай-ақ оларды тергеу судьясының алдында, оның ішінде жекелеген жағдайларда өздерінің немесе қорғалатын құқықтары мен мүдделерін білдіретін қылмыстық процесс қатысушыларының қатысуымен сот отырысы шеңберінде негіздеуді көздейді.

3. Тергеу судьясының процестік қызметі ҚПК-нің 55-бабының 1-бөлігінде көрсетілген өкілеттіктерімен ғана шектелмейді. Ол әлдеқайда көп қырлы және қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде туындайтын өзге де мәселелердің тұтас бір тобын қамтиды (ҚПК-нің 55-бабының 2-бөлігі).

Мәселен, ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында бекітілген мәселелерді қарау кезінде (шағымдарды қарау) ол оларды шешудің ҚПК-нің 106—107-баптарына сәйкес белгіленген тәртібін пайдаланады.

ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 2-тармағынан туындайтын өкілеттікті (заттай дәлелдемелерді өткізу туралы) ол ҚПК-нің 118-бабының 4-бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен шешеді.

Тараптардың айыптау немесе қорғау тарапының өтінішхаты бойынша жәбірленуші мен куәгерді тергеу судьясының жауап алуының ерекшеліктері (олардың айғақтарын депонирлеу) – ҚПК-нің 217-бабының тақырыбы (ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы).

Оның сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық процестің жосықсыз қатысушыларына (адвокатты, прокурорды, сотталушыны қоспағанда) ақшалай өндіріп алу қолдануы (ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 4-тармағы) қылмыстық-процестік жауаптылықтың дербес шарасы ретінде ҚПК-нің 159—160-баптарының нормаларымен реттеледі.

Қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысында тоқтатылған іс бойынша прокурордың ұсынуы негізінде тергеу судьясының процестік шығындарды өндіріп алу мәселесін қарау тәртібі (ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 5-тармағы) ҚПК-нің 22-тарауының нормаларымен (ҚПК-нің 178-бабының 1-бөлігі) реттеледі.

Іс бойынша қорғаушы адвокаттың уәжді өтініші бойынша мәселелер шеңберін шешу (ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 6—8-тармақшалары) – осы адамның бастамасы бойынша қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар, оның тарапынан көрсетілетін жәрдемдесу шаралары. Бұл мәселелер қорғаушының қылмыстық іс бойынша ұқсас өкілеттіктерімен (ҚПК-нің 70-бабының 3-бөлігі) өзара байланысты. Оларды қарау кезінде тергеу судьясы қорғаушының заңда белгіленген тәртіппен қылмыстық қудалау органдарына тиісті жазбаша өтінішхаттар бергеніне, алайда олардың тиісті деңгейде қараусыз қалғанына: олар бойынша уәжсіз бас тартылғанына немесе мүлдем шешім қабылданбағанына көз жеткізуге тиіс.

Осы мәселелер бойынша шешімдер қабылдау кезінде тергеу судьясы ҚПК-нің 56-бабының 4-бөлігінің талаптарын басшылыққа алуға тиіс. Оған сәйкес, ол ҚПК нормаларына сәйкес істі мәні бойынша шешу кезінде сот талқылауының нысанасы болуы мүмкін мәселелерді алдын ала шешпеуге, тергеп-тексерудің бағыты және тергеу әрекеттерін жүргізу туралы нұсқаулар бермеуге, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамдар мен қадағалаушы прокурордың, сондай-ақ істі мәні бойынша қарайтын соттың орнына әрекеттер жасамауға және шешімдер қабылдамауға тиіс.

Осыған байланысты ол негіздер болған кезде адвокаттың өтінішхатын қанағаттандыруға, тиісті процестік шешімдер қабылдауға және тиісті процестік әрекеттерді жүргізуге немесе қылмыстық қудалау органына қажетті процестік шешімдер қабылдауды және тиісті процестік әрекеттерді жүргізуді міндеттеуге, олардың орындалуын бақылауға, ал алынған материалдарды қылмыстық істің материалдарына қосуға құқылы.

Тергеу судьясының өзге де өкілеттіктеріне (ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 9-тармағы) ерекше іс жүргізулерге қатысу ерекшеліктері ретінде немесе қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде көрініс табатын жоғарыда аталған өкілеттіктер жатады (ҚПК-нің 509—600-баптары).

Тергеу судьясының қаулыларына ҚПК-нің 107-бабында көзделген тәртіппен шағым жасалуы, прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қаралуы мүмкін. Бұл ретте шағымдар мен прокурордың өтінішхаттары тергеу судьясы қаулы шығарған тиісті сот арқылы облыстық және оған теңестірілген соттарға беріледі. Шағымды, прокурордың өтінішхатын қарау нәтижелері бойынша облыстық немесе оған теңестірілген сот судьясы шығарған қаулы жария етілген кезден бастап заңды күшіне енеді және апелляциялық, кассациялық тәртіппен қайта қарауға жатпайды (ҚПК-нің 107-бабының 5-бөлігі, ҚПК-нің 415-бабының 3-бөлігі, ҚПК-нің 484-бабының 2-бөлігі). Бұған тек сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында бұлтартпау шарасы, ақшалай өндіріп алу қолдану туралы тергеу судьясының қаулысына апелляциялық тәртіппен қайта қарауға жол берілетін жағдайлар жатпайды. Жоғарыда көрсетілген қаулыларға қатысты қарсылықтар үкімге берілген апелляциялық шағымдарда, өтінішхаттарда баяндалуы мүмкін (ҚПК-нің 415-бабының 3-бөлігі).

ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 8-1, 8-2-тармақтарында бекітілген тергеу судьясының өкілеттіктеріне қатысты. ҚР Конституциясының 18-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа оның құқықтары мен мүдделерін қозғайтын құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Осыған байланысты өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеті жүргізілген адам бұл туралы қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарылған кезден бастап алты айдан кешіктірілмей сотқа дейінгі тергеп-тексеру органы тарапынан жасырын тергеу әрекетінің нәтижелерімен таныстырылмастан хабардар етілуге тиіс. ҚПК-нің 240-бабының 1-бөлігінде көрсетілгендей, бұл мерзім сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша тергеу судьясымен бір жылға дейін ұзартылуы мүмкін (ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 8-1-тармағы). Өз кезегінде, өзіне қатысты жасырын тергеу әрекеттері жүргізілген адам ҚПК-нің 240-бабының 1-1-бөлігінде көзделген хабарламаны алған кезден бастап он бес күн ішінде тиісті жасырын тергеу әрекеттерін жүргізуді заңсыз деп тану және келтірілген залалды өтеу туралы (ол болған жағдайда) сотқа өтінішпен жүгінуге құқылы.

Сонымен қатар ҚПК адамға мұндай хабарлама мүлдем жасалмайтын жағдайларды да бөліп көрсетеді. Яғни тергеу судьясы сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының уәжді өтінішхаты бойынша өзіне қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеті туралы адамға хабарламауды келісуі мүмкін:

1) террористік немесе экстремистік қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;

2) қылмыстық топ жасаған қылмыс туралы қылмыстық іс бойынша;

3) егер хабарлама мемлекеттік құпиялардың жария етілу қаупін тудырса;

4) егер хабарлама құпия негізде және астыртын түрде қызмет атқаратын адамдардың және өзге де адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндірсе (ҚПК-нің 55-бабы 2-бөлігінің 8-2-тармағы, ҚПК-нің 240-бабының 1-бөлігі).

Жоғарыда келтірілген екі жағдайда да сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтінішхаты уәжді болуға, яғни адамға өзіне қатысты жүргізілген жасырын тергеу әрекеттері туралы хабарламау мерзімін ұзартуға немесе оны мүлдем хабардар етпеуге негіздер мен себептерді растайтын қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер жиынтығына қажетті талдаумен бекітілуге тиіс.

6. Тергеу судьясының аталған өкілеттіктері адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында және тек заңдармен ғана қажетті шамада шектеуге жол беретін Конституцияның 39-бабының талаптарына қайшы келмейтінін атап өткен жөн.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне 2020 жылғы түсіндірме. Авторы: Қоғамов Марат Чекішұлы, заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Нормативтік акт Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік консультация Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер мен даулар Қорғау Төрелік Қазақстанның заң компаниясы Адвокаттық кеңсе Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсіндірме Резолюция Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Жолдаулар

55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

55-бап. Тергеу судьясының өкілеттіктеріҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте көзделген...

Толық оқу »

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

107-бап. Тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхатын келтіру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінг...

Толық оқу »

164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

164-бап. Тергеу судьясының мүлiкке тыйым салуды санкциялау не санкциялаудан бас тарту туралы қаулысын прокурордың өтінішхаты бойынша қайта қарау және оған шағым жасау ҚР ҚПК Қ...

Толық оқу »

55-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының өкілеттіктері

55-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының өкілеттіктері 1 сотқа дейінгі іс жүргізу барысында тергеу судьясы осы Кодексте к...

Толық оқу »

107-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру

107-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің тергеу судьясының қаулыларына шағымдану, наразылық білдіру1 сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысынд...

Толық оқу »

Адвокат тергеу судьясының қаулыларына шағымдану бойынша Алматыда сот істері жөніндегі заңгер.

Адвокат тергеу судьясының қаулыларына шағымдану бойынша Алматыда сот істері жөніндегі заңгер.Күдіктіні, айыпталушыны қамауда ұстауға, үйқамаққа алуға санкция беру туралы немес...

Толық оқу »

Тергеу судьясының Қазақстанның сот билігі жүйесіндегі орны, оның мәртебесі, іс жүргізу өкілеттіктері және оларды жүзеге асыру тәртібі

Тергеу судьясының Қазақстанның сот билігі жүйесіндегі орны, оның мәртебесі, іс жүргізу өкілеттіктері және оларды жүзеге асыру тәртібіҚазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020...

Толық оқу »

107-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі бойынша тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруі

107-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі бойынша тергеу судьясының қаулыларына, санкцияларына шағым жасау, прокурордың өтінішхат келтіруіЕс...

Толық оқу »