Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 61-бабына түсініктеме. Анықтау органы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 61-бабына түсініктеме. Анықтау органы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 61-бабына түсініктеме. Анықтау органы

1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың сипатына қарай анықтау органдарына мынадай міндеттер жүктеледі:

1) қылмыстық құқық бұзушылықтардың белгілерін және оларды жасаған адамдарды анықтау, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында заңда белгіленген құзыретіне сәйкес қажетті қылмыстық-процестік және іздестіру іс-шараларын қабылдау;

2) осы Кодекстің 196-бабында көзделген тәртіппен алдын ала тергеу жүргізілетін істер бойынша қылмыстық-процестік және іздестіру іс-шараларын орындау;

3) алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша осы Кодекстің 191-бабында көзделген тәртіппен анықтау жүргізу;

4) осы Кодекстің 190-бабында белгіленген жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыру;

5) қылмыстық теріс қылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді хаттамалық нысанда жүзеге асыру;

6) осы Кодекстің 189-бабының үшінші және бесінші бөліктерінде көзделген жағдайларда алдын ала тергеу жүргізу.

2. Анықтау органдарына мыналар жатады:

1) ішкі істер органдары;

2) ұлттық қауіпсіздік органдары;

3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет;

3-1) экономикалық тергеп-тексеру қызметі;

4) 2014 жылғы 7 қарашадағы № 248-V Қазақстан Республикасының Заңымен алып тасталды (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

5) әскери полиция органдары — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезеңінде запастағы азаматтар, әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының қызметтік міндеттерін орындауына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша;

6) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары — сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдардың әскери қызметшілері мен қызметкерлері жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;

7) шекара қызметінің органдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнаманы бұзу туралы істер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;

8) әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен гарнизондардың бастықтары — өздеріне бағынысты, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында мерзімді әскери қызмет немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілердің, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезеңінде запастағы азаматтардың жасаған барлық қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша, әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық персоналының қызметтік міндеттерін орындауына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы істер бойынша;

9) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің және уәкілетті өкілдіктерінің басшылары — қабылдаушы елде олардың қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;

10) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі — күзет іс-шаралары өткізілетін аймақта жасалған және заңда тізбесі белгіленген күзетілетін адамдарға тікелей қарсы бағытталған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша;

11) 2014 жылғы 7 қарашадағы № 248-V Қазақстан Республикасының Заңымен алып тасталды (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

3. Алыс сапарда жүрген теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының басшыларына, осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау органдарынан шалғай орналасқан басқа да мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына — көлік қатынасы болмаған кезеңде барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындау жөніндегі анықтау органының құқықтары мен міндеттері де жүктеледі.

Ескерту. 61-бапқа 2014 жылғы 7 қарашадағы № 248-V Қазақстан Республикасының Заңымен өзгеріс енгізілді (2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).

Анықтау органдарының болуы қылмыстық істер көлемінің тергеу аппараттарына түсіретін жүктемесін едәуір жеңілдететінін мойындау қажет, өйткені олар қылмыстық-процестік әдістермен қылмысқа қарсы күрес тәжірибесіне үлкен үлес қосады. Анықтау — алдын ала тергеумен қатар қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бір нысаны және мемлекеттік басқару органдарының кең ауқымды тобы арқылы жүзеге асырылады. Бұл — ел аумағында қай жерде жасалғанына қарамастан, барлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеп-тексерумен қамтуға мүмкіндік беретін объективті жағдай. Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдар және тиісті лауазымды адамдар ұсынған, ҚПК-нің 61-бабында белгіленген анықтау органдарының тізбесі түпкілікті болып табылады (ҚПК-нің 61-бабының 2-бөлігі).

Анықтау органдары қызметінің нысанасы, ең алдымен, саралауға, сондай-ақ қылмыстар туралы сөз болғанда, олардың санатына байланысты болады. Бұл, бірінші кезекте, қылмыстық теріс қылықтар, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар. Ауыр және аса ауыр қылмыстар туралы сөз болғанда, егер осы қылмыстық істерді тергеп-тексеруге тергеуші әлі кіріспеген болса, анықтау органдары олар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тек осы тергеп-тексеру үшін ҚПК-нің 196-бабында белгіленген көлем мен мерзімдер шегінде кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін дереу жүргізу мақсатында ғана бастайды.

ҚПК-нің 61-бабының 1-бөлігінің және басқа да баптарының нормаларын ескере отырып, анықтаудың бірнеше түрін бөліп көрсетуге болады: алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша анықтау (ҚПК-нің 196-бабы); айыптау актісін жасап, қылмыстық істі прокурорға жолдай отырып, толық көлемде анықтау жүргізу (ҚПК-нің 191-бабының 1—14-бөліктері); тек анықтау жүргізу міндетті істер бойынша алдын ала тергеуге ауыса отырып анықтау жүргізу (ҚПК-нің 189-бабының 3, 5-бөліктері); жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нысанындағы анықтау (ҚПК-нің 190-бабы); хаттамалық нысандағы сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚПК-нің 191-бабының 15—24-бөліктері); қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша бұйрықтық іс жүргізу тәртібімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру (ҚПК-нің 629-1—629-3-баптары). Анықтаудың дербес түрі ретінде анықтау органдарының жедел-іздестіру қызметін де белгілеуге болады, ол процестік анықтау немесе тергеу деректерін толықтырады (ҚПК-нің 61-бабының 1-бөлігі, 62-бабының 2-бөлігі, 196-бабының 3-бөлігі, 232-бабының 2-бөлігі).

ҚПК-нің 61-бабының нормаларында анықтау органдарының тек жалпы құзыреті, тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар бойынша олардың атаулары ғана көрсетілген. Бұл ережелер ҚПК-нің 189—192-баптарының нормаларында толығырақ дамытылады. Аталған баптарда қылмыстар мен қылмыстық теріс қылықтар туралы қылмыстық істер бойынша анықтау органдарының тергеулік реті нақты ажыратылған, қылмыстық теріс қылық туралы хаттамамен, айыптау актісімен, оның ішінде жеделдетілген сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде аяқталатын қылмыстық істер бойынша анықтаудың негізгі түрін жүргізу тәртібі, сондай-ақ негіздер болған кезде осы санаттағы қылмыстық істер бойынша алдын ала тергеу жүргізу тәртібі түсіндіріледі. Бұдан басқа, ҚПК-нің 64-1-тарауында (629-1—629-3-баптар) қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар туралы істер бойынша бұйрықтық іс жүргізудің сотқа дейінгі тәртібі, оның ішінде анықтау органдары жүзеге асыратын тәртібі реттелген.

Қылмыстық процестегі жүзеге асырылатын процестік қызмет көлемі тұрғысынан анықтау органдарына сипаттама берген кезде мамандандырылған анықтау органдарын, яғни мемлекеттік қызметтің осы арнайы түрі қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылатын органдарды бөліп көрсету қажет. Бұл, ең алдымен, ішкі істер органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық тергеп-тексеру қызметі, ұлттық қауіпсіздік органдары, әскери полиция органдары (оның ішінде ҰҚК әскери полиция органдары). ҚПК-нің 61-бабы 2-бөлігінің 6, 7, 8, 9-тармақтарында аталған барлық басқа органдар мен лауазымды адамдарды, сондай-ақ анықтау органдарынан шалғай орналасқан алыс сапардағы теңіз кемелерінің капитандарын, геологиялық барлау партияларының басшыларын, басқа да мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларын қоса алғанда, оларға да өз құзыреті шегінде барлық қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін орындау жөніндегі анықтау органының құқықтары мен міндеттері жүктеледі (ҚПК-нің 61-бабының 3-бөлігі), алайда олардың бұл мәртебеге үміткер бола алмайтыны анық және оларды мамандандырылмаған анықтау органдарына жатқызған жөн. Дегенмен, атқаратын кәсіби міндеттерінің сан алуандығына қарамастан, олар да осы бағытқа елеулі назар аударады және олардың қызметі мемлекеттің құқықтық статистикасында көрініс табады.

Мысалы, теңіз кемесінің капитаны өз өкілеттіктері шегінде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмысты жасады деп күдік келтірілген адамды ұстап, оны кеме кіретін Қазақстан Республикасының бірінші портына дейін арнайы бейімделген үй-жайда ұстай алады («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 6) тармақшасы); егер бұл Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта көзделсе, теңізде жүзу қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыс жасады деп күдік келтірілген адамды Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, сондай-ақ тұрақты тұрғылықты жері Қазақстан Республикасы болып табылмайтын азаматтығы жоқ адамды шегеріп, шет мемлекеттің құзыретті органдарына беруге құқылы («Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабының 7) тармақшасы).

Бұдан басқа, капитанның аталған құқықтары оның мынадай міндеттерімен өзара байланысты: Заңның 30-бабының 6) тармақшасында көрсетілген адамды және анықтау материалдарын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзетін басқа кемемен Қазақстан Республикасына жіберу (31-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы); практикалық тұрғыдан мүмкін болған жағдайда, кеме шет мемлекеттің аумақтық суларына кіргенге дейін, Заңның 30-бабының 7) тармақшасында көрсетілген адамды сол мемлекеттің құзыретті органдарына беру ниеті және оны берудің себептері туралы хабарлама жіберу, сондай-ақ аталған органдарға қолда бар дәлелдемелерді ұсыну (31-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы); Қазақстан Республикасының портында кеме тұрған кезде оның бортында Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыс белгілері анықталған жағдайда, бұл туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау (31-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы); алыс сапарда жүрген кемеде Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында көзделген қылмыс белгілері анықталған жағдайда, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік заңнамасына сәйкес анықтау органының функцияларын орындау (31-баптың 1-тармағының 11) тармақшасы).

Өз кезегінде, консулдық мекемелердің басшыларының қабылдаушы елде олардың қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша анықтау жүргізу қағидалары ҚПК-нің 61-бабы 2-бөлігінің 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 24-тармағының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген. Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 25 сәуірдегі № 240 Жарлығымен бекітілген бұл қағидалар қабылдаушы елде консулдық мекемелердің қызметкерлері жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша консулдық мекемелердің басшыларының анықтау жүргізу тәртібін айқындайды.

Осы Қағидаларға сәйкес, жасалған немесе дайындалып жатқан қылмыстық құқық бұзушылық туралы арыздар өтініш беруші тікелей жүгінген (жеке келген) кезде, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе рапортты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларына 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша консулдық мекеменің басшысы қабылдайды. Кінәсін мойындап келу туралы арыз осы Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе рапортты қабылдау және тіркеу қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес үлгілік нысан бойынша қабылданады және т.б. (3-тармақ).

Қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтерді, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарынан алған кезде консулдық мекеменің басшысы Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе рапортты қабылдау және тіркеу қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рапорт жасайды.

Консулдық мекеме қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың себептері анықталған кезде консулдық мекеменің басшысы консулдық мекеме шегінде ҚПК-нің 196-бабының 1-бөлігінде көзделген кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін, яғни қарап-тексеру, алу, куәландыру, ұстау, күдіктілерден, жәбірленушілерден, куәлардан жауап алу және қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайларын бекітетін, істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті басқа да тергеу әрекеттерін жүргізеді (5-тармақ).

Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаудың себебін Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тікелей тіркеу мүмкіндігінің болмауын ескере отырып, консулдық мекеменің басшысы кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізумен бір мезгілде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын байланыс құралдарын пайдалана отырып, жазбаша түрде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы қолда бар материалдарды қоса тіркеп хабардар етеді. Жиналған материалдар үш тәуліктен кешіктірілмей Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына одан әрі анықтау жүргізу үшін жіберілуге тиіс (6-тармақ). Консулдық мекеме басшысының сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басталғаны туралы хабарламасы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына келіп түскеннен кейін уәкілетті адам Қылмыстық құқық бұзушылық туралы арызды, хабарламаны немесе рапортты қабылдау және тіркеу қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рапорт жасайды және прокуратура басшысының бұрыштамасы бойынша оны Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркеп, қылмыстық істі қолда бар материалдарымен бірге тергелу реті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізу үшін жолдайды (7-тармақ).

Консулдық мекеме қызметкерлерінің қылмыстық құқық бұзушылық жасаған фактісі анықталғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде консулдық мекеменің басшысы қызметкерді Қазақстан Республикасына мерзімінен бұрын кері шақыртып алу мәселесін шешу үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне 2002 жылғы 7 наурыздағы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабына сәйкес хат жолдайды (8-тармақ).

Іс бойынша одан әрі іс жүргізу ҚПК-де көзделген тәртіппен жүзеге асырылады (9-тармақ).

 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне Марат Чекишевич Қоғамовтың 2020 жылғы түсініктемесі. Заң ғылымдарының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген заңгері, профессор, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері.

Конституция Заң Кодекс Норматив Указ Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы заңгері Заңгерлік қызмет Заңгерлік кеңес Азаматтық Қылмыстық Әкімшілік істер даулар Қорғау Арбитраж Қазақстан заң компаниясы Сот істері Декларация Жарлық Бұйрық Қаулы Шешім Баяндама Қорытынды Өтініш Қорытынды Конвенция Шарт Меморандум Әдістеме Нормалар Нота Қағидалар Бағдарлама Жарғы Хартия Бап Түсініктеме Регламент Хаттама Жоба Бағдарлама Қағидалар Жолдаулар

 

62-бап. Анықтау органының бастығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

62-бап. Анықтау органының бастығыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Осы Кодекстiң 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы iстер б...

Толық оқу »

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 62-бабына түсініктеме. Анықтау органы бастығы

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 62-бабына түсініктеме. Анықтау органы бастығы1. Осы Кодекстің 191-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы і...

Толық оқу »

192-1-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

192-1-бап. Анықтау барысында дәлелденуге жататын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Анықтау барысында осы Кодекстің 113-бабына сәйкес:...

Толық оқу »

Прокурордың тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы.

Прокурордың тергеу және анықтау органдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) мен шешімдеріне жасалған шағымдарды соттардың қарауы туралы.Прокурордың тергеу және анықтау органдар...

Толық оқу »

105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне өздерінің құқықтары мен мүдделерін немесе өздері білдіретін құқықтар мен мүдделерді қорғайтын тұлғалар берген шағымдарды қарау тәртібі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

105-бап. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамдардың, тергеу бөлімі бастығының, анықтау органы бастығының, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімд...

Толық оқу »

343-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің судьясына, прокурорына, тергеушісіне, анықтама жүргізетін адамға, сот приставына, ҚР ҚК сот орындаушысына қатысты жала жабу

343-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің судьясына, прокурорына, тергеушісіне, анықтама жүргізетін адамға, сот приставына, ҚР ҚК сот орындаушысына қа...

Толық оқу »

665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

665-бап. Прокурорға, тергеушiге және анықтау органына, сот орындаушысына, сот приставына келмеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      1. Прок...

Толық оқу »

191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

191-бап. Анықтау нысанында және хаттамалық нысанда жүргізілетін сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы баптың екінші...

Толық оқу »

Сот прокуратураның анықтау органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы нормативтік құқықтық актілер

Сот прокуратураның анықтау органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы нормативтік құқықтық актілерЗаңсыз іс әрекеттермен келтірілген зиянды өтеу мәселеле...

Толық оқу »

665-бапқа түсініктеме. Прокурорға, тергеушіге және анықтау органына, сот орындаушысына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сот приставына келмеу

665-бапқа түсініктеме. Прокурорға, тергеушіге және анықтау органына, сот орындаушысына, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің сот приставына ке...

Толық оқу »

923-бап. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшін жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

923-бап. Анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының заңсыз iс-әрекеттерiмен келтiрiлген зиян үшін жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1...

Толық оқу »

196-бап. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүзеге асырылатын iстер бойынша қызметi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

196-бап. Анықтау органдарының алдын ала тергеу жүзеге асырылатын iстер бойынша қызметi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Алдын ала тергеудің жүзе...

Толық оқу »

355-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК анықтау немесе алдын ала тергеу деректерін жария ету

355-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК анықтау немесе алдын ала тергеу деректерін жария ету Егер ол прокурордың, тергеушінің немесе анықтауд...

Толық оқу »

Сот прокуратураның анықтау органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралы

Сот прокуратураның анықтау органдарының заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу туралыЖалпы зиянды өтеу азаматтық құқықтық жауаптылықтың теріс қылықтық түріне жатады. Кел...

Толық оқу »

Полицияға арыз тергеуді анықтау органы жүргізілген және жүргізіліп жатқан тергеу іс шаралары туралы ақпарат беру

Полицияға арыз тергеуді анықтау органы жүргізілген және жүргізіліп жатқан тергеу іс шаралары туралы ақпарат беруНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңыз...

Толық оқу »

Алмалы ауданы ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысына сарапшыға қосымша сұрақтар қою туралы

Алмалы ауданы ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысына сарапшыға қосымша сұрақтар қою туралыАлматы қаласы ПД Алмалин ауданы ПБ анықтау бөлімінің анықтаушысыНазира У.Б.-ғаадвокаттан:...

Толық оқу »