Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Тергеушілердің үкімдері мен қаулыларының негізінде шығарылған хабарламаларға шағымдану

Тергеушілердің үкімдері мен қаулыларының негізінде шығарылған хабарламаларға шағымдану

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Тергеушілердің үкімдері мен қаулыларының негізінде шығарылған хабарламаларға шағымдану

 

Хабарламалардың жекелеген түрі қылмыстық айыптаулар негізінде шығарылғандар болып табылады.

Мәселен, 2022 жылғы 29 наурыздағы № 6001-22-00-6ап/181 қаулыда мынадай жағдай сипатталған. Іс материалдары бойынша Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының 2021 жылғы 2 ақпандағы № 2 сотының заңды күшіне енген үкімі даулы хабарламаны шығаруға негіз болған.

Сот үкімімен И. Н. Демитров және басқа да адамдар ҚК-нің 216-бабы 3-бөлігі бойынша «Семей қаласын сіңіру зауыты» ЖШС, «KAZШЫҒЫСSNAB» ЖШС және «УККОМПРЕССОР» ЖШС-дан нақты жұмыстарды орындамай, қызметтер көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып беру бойынша әрекеттер жасағаны үшін сотталды, бұл сомасы 155 021 552 теңге сомасында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірді.

Бірінші және апелляциялық сатыдағы соттар талап қоюды қанағаттандырудан бас тарта отырып, салық органының даулы хабарламасы шығарылғанын және Салық Кодексінің 94, 96-баптарының талаптарына негізделгенін негізге алды, өйткені сот үкімінің болуы салық төлеушінің түсініктеме беру арқылы хабарламаны орындауын болдырмайды.

Салық кодексінің 96-бабының 3-тармағында салық төлеуші осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген түсінікті әрекетті (әрекеттерді) заңды күшіне енген сот актісімен немесе қылмыстық қудалау органының сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ақталмайтын негіздер бойынша тоқтату туралы қаулысымен жеке кәсіпкерлік субъектісі іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жасаған (жасалған) деп танылған заңды күшіне енген сот шешімің негізінде жарамсыз деп танылған шот-фактураның және (немесе) өзге құжаттың негізінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша КТС есептеу кезінде шығыстарды шегерімге жатқызу және ҚҚС-ны есепке жатқызу кезінде  ұсынуға құқылы емес.

Тиісінше соттағы салық органы салық төлеушінің атына даулы хабарлама жіберуге заңды негіздері бар екенін дәлелдеді. Бұл хабарлама ӘРПК-нің 79-бабында әкімшілік актіге белгіленген талаптарға жауап береді.

3.5.4.2. 2022 жылғы 17 наурыздағы № 6001-21-00-6ап/187 қаулыда Басқарма серіктестіктің атына 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде 300.00 нысанындағы салық есептілігі бойынша хабарлама шығарғаны көрсетілген.

Хабарламаны шығару үшін негіз ретінде оған №2 қосымшада «ЕВРО ИДЕАЛ» ЖШС-ның өнім берушімен  өзара есеп айырысу бойынша Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қылмыстық істі тоқтату туралы 2021 жылғы 22 қаңтардағы №ЕРДR207500121000139 қаулысы (бұдан әрі - 2021 жылғы 22 қаңтардағы қаулы) көрсетілген.

Серіктестік осы талап қоюмен сотқа жүгіне отырып, хабарлама прокурор бекітпеген қаулының негізінде шығарылғанын көрсетті.

Бірінші сатыдағы сот Салық кодексінің 114-бабы 3-тармағының, ӘРПК -нің 129-бабы 2-бөлігінің ережелерін дауға қолдана отырып, даулы хабарламаның негізіне алынған қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күші жойылып, қосымша тергеу әрекеттерін жүргізу үшін жіберілгені дұрыс  деген қорытындыға келді.

Осылайша, сот инстанцияларының жауапкер қылмыстық қудалау органының заңдық күші жоқ қаулысының негізінде хабарлама шығарды, тиісінше серіктестікке хабарлама шығару үшін негіз бола алмайды деген қорытындылары дұрыс болып табылады.

Сондай-ақ соттар жауапкердің хабарламаның заңдылығы мен негізділігі туралы дәлелдерін заңды түрде негізсіз деп таныды, сотқа дейінгі тергеу кез келген жағдайда басқа қаулымен тоқтатылды, өйткені хабарламаны шығаруға негіз 2021 жылғы 22 қаңтардағы қаулы болды.

АПК-нің 129-бабының 2-бөлігіне сәйкес дау туралы талап бойынша дәлелдеу ауыртпалығын ауыр әкімшілік актіні қабылдаған жауапкер көтереді. Осы баптың 3-бөлігінде жауапкер әкімшілік актіде айтылған негіздемелерге ғана сілтеме жасай алады деп көзделген.

Қаралып отырған жағдайда, «Евро Идеал» ЖШС-ға қатысты қылмыстық қудалауды тоқтату туралы жаңа шешім қабылдауды және 2021 жылғы 12 наурызда прокурор келіскен және бекіткен 2021 жылғы 4 наурыздағы қаулыны ескере отырып, салық органы қылмыстық қудалау органының заңды күші бар қаулысының негізінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар туралы хабарлама шығаруы тиіс.

Алайда, салық органы бұл әрекеттерді жасамады және мұндай құқықты айырылмады.

Кассациялық шағым мен кассациялық өтінішхаттың АПК-нің 427-бабы 3-бөлігінің талаптарына ұқсастығы бойынша заң бұзушылықтарды жою туралы шығарылған хабарлама бойынша органның мәні бойынша дұрыс шешімі тек формальды себептермен  күшін жоя алмайтыны туралы дәлелдері өз растауын таппады.

ӘРПК-нің 84-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Мәні бойынша дұрыс әкімшілік акт бір ғана формальды негіздер бойынша заңсыз деп таныла алмайды.

Сот алқасы әкімшілік актінің мәніне қатысты бұзушылық деп қолданыстағы материалдық құқықты дұрыс қолданбауды немесе түсіндірмеуді, қабылданған әкімшілік актінің негізіне алынған нақты мән-жайларды қате  немесе толық зерттемеуді түсіну керек деп атап көрсетеді. Оған әкімшілік актінің не оның құқықтық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясына және неғұрлым үлкен заңды күші бар өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келмеуі, әкімшілік актіні қабылдау үшін құқықтық негіздің болмауы немесе заңсыздығы, әкімшілік актіні қабылдау үшін құқықтық негіз болып табылатын норма диспозициясының талаптарын сақтамау, ӘРПК-де бекітілген әкімшілік рәсім қағидаттарын сақтамау жатады.

Әкімшілік актінің мәніне қатысты талаптарды бұзудың салдары, әдетте, оның дұрысностьстігі болып табылады, өйткені мұндай бұзушылықтар жалпы ереже бойынша әрқашан істің мәні бойынша шешімге әсер етеді.

Әкімшілік актіні қабылдаудың формальды аспектісіне қатысты бұзушылықтарға формальды заңдылықтың белгілі бір бұзушылықтары жатады.

Формальды талаптардың бұзылуы болған жағдайда, егер мәнге қатысты талаптардың бұзылуы болмаса, әкімшілік акт дұрыс деп есептеледі және заңсыз деп таныла алмайды.

Әкімшілік актіні заңсыз деп тану үшін  нақты қандай формальды талаптарды бұзу негіз болып табылмайтыны АПК-нің жоғарыда көрсетілген нормасында белгіленбеген. Қалай болғанда да, мұндай бұзушылықтарға заңмен міндетті түрде көзделген талаптарды бұзушылықтарды жатқызуға болмайды.

Бұл жағдайда дау айтылған хабарламада прокурор күшін жойған  2021 жылғы 22 қаңтардағы тергеушінің қаулысына сілтеме жасау  заңды елеулі бұзу болып табылады, өйткені Салық кодексінің 96-бабының 1-тармағына сәйкес камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, камералдық бақылау нәтижелері бойынша салық органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама сипаттамасын қоса бере отырып ресімделеді. 

Бұдан басқа, салық органы даулы хабарламаны шығарған кезде жол берген заңның бұл бұзылуы дұрыс емес әкімшілік актінің қабылдануына әкелді.

Мұндай жағдайларда кассациялық шағымды және прокурордың кассациялық өтінішхатын қанағаттандыру үшін негіздер жоқ, іс бойынша шығарылған сот актілері күшінде қалдырылуға тиіс.

 

3.5.4.3. 2022 жылғы 28 сәуірдегі 6001-22-00-6ап/393 қаулыда салықтық тексеру нәтижесіне шағымдану бойынша жағдай қаралды. Серіктестік Департаментке 2021 жылғы 9 ақпандағы №336/1 салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы талап қоюмен сотқа жүгінді.

Нұр-Сұлтан қаласы МАӘС-нің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі шешімімен талап қанағаттандырылды. Нұр-Сұлтан қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2021 жылғы 8 желтоқсандағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылды, талап қоюдан бас тартылды.

Іс материалдарына қарағанда, Экономикалық тергеу қызметі тергеушісінің 2019 жылғы 13 мамырдағы қаулысының негізінде 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңдегі салық міндеттемесін орындау мәселелері бойынша Серіктестікке құжаттық салықтық тексеру жүргізілген.

Талап қоюды қанағаттандыра  және хабарламаның күшін жоя отырып, бірінші сатыдағы сот Салық кодексінің 159-бабы 4-тармағының ережелеріне сілтеме жасап, оның мерзімінен бұрын екенін көрсетті.

Апелляциялық сатыдағы сот бірінші сатыдағы соттың шешімінің күшін жойып, талапты қанағаттандырудан бас тарта отырып, салықтық тексеру Серіктестіктің басшылығына емес, басқа адамдарға қатысты қозғалған қылмыстық істі тергеу шеңберінде жүргізілді деген қорытындыға келді. Демек, Салық кодексінің 159 - бабының 4-тармағын қолдануға негіз болмаған.

ӘІСА соттың мұндай тұжырымдарымен мына негіздер бойынша келіспеді.

ӘРПК-нің 84-бабының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасын бұзу, егер мұндай бұзушылық дұрыс емес әкімшілік актіні қабылдауға әкеп соқтырса не әкеп соқтыруы мүмкін болса, әкімшілік актіні заңсыз деп тану үшін негіз болып табылады.

Салық кодексінің 159-бабы 4-тармағына сәйкес Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілетін салықтық тексеру жағдайында сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілетін салық төлеушіні тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істі қарау аяқталғаннан кейін шығарылады.  Бұл ретте тексеру нәтижелері туралы хабарлама қылмыстық істің аяқталғанын растайтын ресми құжатты алған күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей шығарылады және салық төлеушіге тапсырылады.

«Соттардың экономикалық қызмет саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық істер бойынша заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы»  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 24 қаңтардағы №3 нормативтік қаулысының 16-тармағында  ҚК-нің 216-бабы бойынша ақталмайтын негізбен іс жүргізуді тоқтату туралы қаулыны, айыптау үкімін шығару кезінде жалған шот-фактурамен расталған мәміле АК-нің 158-бабының 2-тармағына сәйкес маңызсыз болып табылатынын соттар ескеруі тиіс. Салық органдарының жалған шот-фактуралармен расталған мәмілелерді даулау туралы талап қоюларды беруі талап етілмейді. Салық органы адамның іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей шот-фактураларды жазып берген құқыққа қарсы әрекеттеріне құқықтық баға берілген іс бойынша іс жүргізуді ақталмайтын негіз бойынша тоқтату туралы қаулының немесе заңды күшіне енген айыптау үкімінің негізінде салықтардың тиісті сомаларын толықтырып есептеуді жүзеге асырады деп түсіндірілген.

Жоғарыда айтылғанның негізінде барлық басқа жағдайларда, салықтарды қосымша есептеу туралы хабарлама мерзімінен бұрын боллып табылады, мұны  бірінші сатыдағы соттың дұрыс бағалаған.

2019 жылғы 13 мамырда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі ҚК-нің 216-бабы бойынша Серіктестікке қатысты қозғалған №187100121000109 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде салықтық тексеруді тағайындау туралы қаулы шығарғаны анықталды.

№336 хабарлама ҚР ҚМ Экономикалық тергеу қызметінің аға тергеушісі тергеу-жедел тобының басшысы А.О. Башығұловтың 2019 жылғы 13 мамырдағы №187100121000109 қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеу шеңберінде салықтық тексеруді тағайындау туралы қаулысы бойынша жүргізілген 2020 жылғы 15 қаңтардағы №336 салықтық тексеру актісі негізінде шығарылды.

Осы қылмыстық істен кейін ҚК-нің 245-бабының үшінші бөлігі бойынша Серіктестіктің басшылығына қатысты №200000121000014 қылмыстық іс бөлініп шығарылды.

Жоғарыда айтылғанның негізінде салықтық тексеру сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде жүргізілген және салық төлеушіге қатысты хабарлама қылмыстық іс аяқталғаннан кейін ғана шығарылуға тиіс.

Осылайша, бірінші сатыдағы сот Серіктестіктің басшылығына қатысты қылмыстық іс аяқталған жоқ деген дұрыс қорытындыға келді, Департаменттің тексеру нәтижелері туралы хабарлама шығаруы мерзімінен бұрын болды.

Мұндай жағдайларда салық органының 2021 жылғы 9 ақпандағы №336/1 хабарламасының заңсыздығы туралы бірінші сатыдағы соттың қорытындылары негізді болып табылады.

Назар аударыңыз!

       «Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, Бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық кеңесті, құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

         Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

Мемлекеттік кірістер басқармасымен керісінше шешім шығармаған кезде хабарламаны орындалды деп тану

Мемлекеттік кірістер басқармасымен керісінше шешім шығармаған кезде хабарламаны орындалды деп тануСот алқасы 2022 жылғы 23 маусымдағы №600122006ап/569 қаулыда «Крокус Групп» Ж...

Толық оқу »

Сот камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару бойынша салық органының іс-әрекеттеріне қате баға берді

Сот камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындалмаған деп тану туралы шешім шығару бойынша салық о...

Толық оқу »

116-бап. Қосымша салықтық есептілікті және хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуға байланысты негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі

116-бап. Қосымша салықтық есептілікті және хабарлама бойынша салықтық есептілікті ұсынуға байланысты негізгі ережелер Қазақстан Республикасының Салық кодексі     1. Бұрын ұсын...

Толық оқу »

11-бап. Хабарламаны қарау тәртібі Қ Р бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы Заңы

11-бап. Хабарламаны қарау тәртібіҚазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралыЗаңы      1. Жергілікті атқарушы орган хабарлама тіркелген...

Толық оқу »

571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

571-бап. Камералдық кедендік тексерулердің нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламалар бойынша туындайтын құқықтық қатынастар жөніндегі өтпелі ережелер Қазақстан...

Толық оқу »

Дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алу туралы хабарламаға дебитордың әрекетіне шағым

Дебиторлардың банктік шоттарындағы ақшаға өндіріп алу туралы хабарламаға дебитордың әрекетіне шағымНазар аударыңыз! Заң және құқық заң компаниясы Сіздің назарыңызды осы құжатт...

Толық оқу »

27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның мазмұны Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы

27-бап. Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламаның мазмұны Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы Заңы      Сауда-саттық өткiзу туралы хабарламада мынадай деректер болуға тиiс:     ...

Толық оқу »

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен өзі орындаған хабарламаға дау айту туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға және шешілуге жатпайды.

Салық төлеушінің камералдық бақылау нәтижелері бойынша жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірімен өзі орындаған хабарламаға дау айту туралы арызы азаматтық сот ісін жүргізу тәрт...

Толық оқу »

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаларды заңсыз деп тану туралы"Ц" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік) сотқа "Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" респу...

Толық оқу »

Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламауының салдары

Сақтандырушының сақтандыру жағдайының басталғаны туралы хабарламауының салдарыАК-нің 835-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес сақтанушы сақтандыру жағдайының басталғаны туралы...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы кассациялық шағым

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы кассациялық шағымӘкімшілік істер бойынша кассациялық сотқаҚазақстан Республикасыны...

Толық оқу »

565-2-бапқа түсініктеме. Түзету іс-қимылдары жоспарын орындамау не тиісінше орындамау немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне хабарлама ұсынбауы

565-2-бапқа түсініктеме. Түзету іс-қимылдары жоспарын орындамау не тиісінше орындамау немесе аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің Қазақстан Республикасының Әкімшілік құ...

Толық оқу »

524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлардың келгені туралы хабардар етпеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

524-бап. Мемлекеттік кіріс органын тауарлардың келгені туралы хабардар етпеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Тауарларды Еуразиялық экон...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама беру рәсімін бұзу сот шешімінің күшін жоюға негіз болды.

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарлама беру рәсімін бұзу сот шешімінің күшін жоюға негіз болды.Қарағанды облысы МАЭС-тің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен камерал...

Толық оқу »

89-бап. Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы кеден органын хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі

89-бап. Одақтың кедендік аумағына тауарлардың келуі туралы кеден органын хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі ...

Толық оқу »

463-бапқа түсініктеме. Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарламасыз әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру

463-бапқа түсініктеме. Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексін тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз...

Толық оқу »

14-бап. Табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабардар ету тәртібі Табиғи монополиялар туралы Заңы

14-бап. Табиғи монополия субъектісінің уәкілетті органды реттеліп көрсетілетін қызметтерге жатпайтын қызметті жүзеге асыруы туралы хабардар ету тәртібіТабиғи монополиялар тура...

Толық оқу »

Автокөлік құралдарының жол ақысын төлеу қажеттігі туралы хабарламаны, көлік құралын ұстау актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Автокөлік құралдарының жол ақысын төлеу қажеттігі туралы хабарламаны, көлік құралын ұстау актісін заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-22-00-6ап/1629 07.03.2023 ж....

Толық оқу »

64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібі Мемлекеттік мүлік туралы Заңы

64-бап. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабардар ету тәртібіМемлеке...

Толық оқу »

232-бапқа түсініктеме. Хабарлама бойынша міндетті орындамау, сол сияқты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің қаржы ұйымдарының филиалдарын және (немесе) өкілдіктерін ашу немесе олардың қызметін тоқтату туралы уақтылы хабардар етпеу

232-бапқа түсініктеме. Хабарлама бойынша міндетті орындамау, сол сияқты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Коде...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберу жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы№6001-23-00-6ап/1669 12.12.2023 ж.Талапкер...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер басқармасының салық берешегінің бар екендігі туралы хабарламаны заңсыз деп тану туралы

Мемлекеттік кірістер басқармасының салық берешегінің бар екендігі туралы хабарламаны заңсыз деп тану туралы№6001-23-00-6ап/1581 23.11.2023 ж.Талапкер: С. З.Жауапкер: "Мемлекет...

Толық оқу »

Қосылған құн салығын қайтару міндетін жүктеу туралы, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бөлігінде заңсыз деп тану және күшін жою туралы

Қосылған құн салығын қайтару міндетін жүктеу туралы, тексеру нәтижелері туралы хабарламаның бөлігінде заңсыз деп тану және күшін жою туралы2025 жылғы 04 наурыздағы №6001-24-00...

Толық оқу »

Сот салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы арызды және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны қанағаттандырудан заңды түрде бас тартты.

Сот салық органының әрекеттерін заңсыз деп тану туралы арызды және салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны қанағаттандырудан заңды түрде бас тартты.«Мир круп» ЖШС (бұда...

Толық оқу »

118-бап. Кедендік төлемдер, салықтар,арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

118-бап. Кедендік төлемдер, салықтар,арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждары, өсімпұлдар, пайыздар бойынша берешекті өтеу туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қа...

Толық оқу »

42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтату Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтатуРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы      Екінші санаттағы рұқсат нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын жағдайлар...

Толық оқу »

155-бап. Кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

155-бап. Кеден органын тауарлардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына келуі туралы хабардар еткен кезде ұсынылатын құжаттар мен мәліметтер Қазақстан Республикас...

Толық оқу »

32-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

32-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартуРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы      1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден ба...

Толық оқу »

419-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі

419-бап. Тексеру нәтижелері туралы хабарламаны табыс ету және орындау тәртібі Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы кодексі      1. Тексеру нәтижелері туралы хаба...

Толық оқу »

27-бап. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін шетелдік заңды тұлғалардың құжаттарды ұсыну ерекшеліктері Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

27-бап. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін шетелдік заңды тұлғалардың құжаттарды ұсыну ерекшеліктеріРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы      Шетелдік заңды тұ...

Толық оқу »

53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібіРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі. 1...

Толық оқу »

565-2-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің түзету іс-қимылдары жоспарын орындамауы не тиісінше орындамауы немесе хабарлама ұсынбауы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

565-2-бап. Аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушінің түзету іс-қимылдары жоспарын орындамауы не тиісінше орындамауы немесе хабарлама ұсынбауы Әкімшілік құқық бұзушылық турал...

Толық оқу »

Заңды тұлға туралы мәліметтерді бастапқы жағдайға келтіру жөніндегі міндеттерді жүктей отырып, Құрылтай жиналысының хабарламасы мен хаттамасының мәні бойынша қабылдау, тіркеу және рұқсат беру жөніндегі іс-қимылдарға дау айту туралы

Заңды тұлға туралы мәліметтерді бастапқы жағдайға келтіру жөніндегі міндеттерді жүктей отырып, Құрылтай жиналысының хабарламасы мен хаттамасының мәні бойынша қабылдау, тіркеу...

Толық оқу »

Ішкі аудит нәтижелері бойынша хабарламада камералдық бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар көрсетілуге тиіс

Ішкі аудит нәтижелері бойынша хабарламада камералдық бақылау нәтижелерімен анықталған бұзушылықтар көрсетілуге тиіс ӘРПК-нің 79-бабына сәйкес әкімшілік акт заңды және негіздел...

Толық оқу »

232-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы хабардар ету жөніндегі міндеттерді орындамау, сол сияқты уақтылы хабардар етпеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

232-бап. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды қаржы ұйымдары филиалдарының және (немесе) өкiлдiктерiнiң ашылғаны немесе...

Толық оқу »

273-бап. Қайтыс болу туралы куәлікті және хабарламаны беру Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

273-бап. Қайтыс болу туралы куәлікті және хабарламаны беру Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі      Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу жа...

Толық оқу »

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Камералдық бақылау нәтижелері бойынша Мемлекеттік кіріс органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/162...

Толық оқу »

Заңсыз кәсіпкерлікке, яғни Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұза отырып, аса ірі мөлшерде кіріс алуға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кінәлі деп танылды

Заңсыз кәсіпкерлікке, яғни Рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнаманы бұза отырып, аса ірі мөлшерде кіріс алуға байланысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға кінәлі деп таны...

Толық оқу »

Құжаттық салықтық тексеру актісі мен хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану

Құжаттық салықтық тексеру актісі мен хабарламаның күшін жою және заңсыз деп тану"У" ЖШС сотқа Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне, Қаржы министр...

Толық оқу »

666-бап. Прокурорды хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі

666-бап. Прокурорды хабардар етпеу немесе уақтылы хабардар етпеу Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының Кодексі      Мемлекеттiк органның заңнамалық актiле...

Толық оқу »

Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкін

Еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бойынша жұмыс берушінің жазбаша келісімімен хабардар ету мерзімі аяқталғанға дейін бұзылуы мүмкінЕңбек кодексінің 56-бабына сәйкес осы баптың...

Толық оқу »

Соттар материалдық құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда дәлелдемелерді бағалауда қате жібергендіктен, салық органының МКҚ хабарламасын заңсыз деп тану осыған байланысты іс бойынша шығарылған сот актілерінің күші жойылуға жатады.

Соттар материалдық құқық нормаларын түсіндіруде және қолдануда дәлелдемелерді бағалауда қате жібергендіктен, салық органының МКҚ хабарламасын заңсыз деп тану осыған байланысты...

Толық оқу »

Салықтық тексеру актісінің салық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі заңсыз деп тануға және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюға негіз бола алады.

Салықтық тексеру актісінің салық заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі заңсыз деп тануға және тексеру нәтижелері туралы хабарламаның күшін жоюға негіз бола алады.2008 жылғы...

Толық оқу »

17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптері туралы жалпы ережелер Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптері туралы жалпы ережелерРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы      1. Жеке және заңды тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін...

Толық оқу »

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласыРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы      1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасындағы бір мезгілде мынадай белгілерге сәйкес келетін ба...

Толық оқу »

524-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі тауарларының келуі туралы Мемлекеттік кіріс органын хабардар етпеу

524-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі тауарларының келуі туралы Мемлекеттік кіріс органын хабардар етпеу Еуразиялық эконо...

Толық оқу »

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы

Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаны заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1335 12.12.2023 ж.Талапкер: "ТЖ" ЖШС (бұдан әрі – Серіктестік)Жауапкер...

Толық оқу »

4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттарыРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы      Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы ме...

Толық оқу »

Мемлекеттік кірістер департаменті іс әрекетін заңсыз деп тану және хабарламаның күшін жою туралы

Мемлекеттік кірістер департаменті іс әрекетін заңсыз деп тану және хабарламаның күшін жою туралы№6001-23-00-6ап/1270 12.12.2023 ж.Талапкер: "БФ" АҚ (бұдан әрі-қоғам)Жауапкер:...

Толық оқу »

2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы Рұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы

2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасыРұқсаттар және хабарламалар туралы Заңы      1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарлама...

Толық оқу »