51-бап. Ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы Заңы
1. Ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметті, оның ішінде континенттік қайраңның минералды және жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметті жүргізу Қазақстан Республикасының экономикалық, экологиялық, қорғаныс және өзге де қауіпсіздігіне залал келтірмеуге немесе онда осындай залал келтіру қатерін болғызбауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және өзге де уәкілетті органдардың міндеттерін орындауына кедергілер жасамауға тиіс.
2. Аумақтық суларға шығуға Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне ұсынулар енгізу кезінде аумақтық суларда теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметін жүргізу ниеті бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары және ұйымдар осы Заңның 48-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа:
1) жобаның сипаты және мақсаты;
2) кемелердің атауын, типін және сыныбын, ғылыми жабдықтың сипаттамасын қоса алғанда, пайдаланылатын әдіс пен құралдар;
3) жоба жүргізілетін аудандар бойынша нақты географиялық деректер;
4) зерттеу жүргізетін кемелер келген және кеткен немесе тиісті жағдайларда жабдықтар орналастырылған және алып тасталған күн;
5) жоба үшін жауапты ұйымның атауы, басшы немесе адам туралы толық ақпарат беруге міндетті.
3. Аумақтық суларда алдағы жүргізілетін теңіздегі ғылыми зерттеулер және (немесе) іздестіру қызметі туралы жұмыс басталатын күнге дейін кемінде күнтізбелік он күн бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Әскери-теңіз Күштерінің Гидрографиялық қамтамасыз ету қызметі хабардар етіледі.
4. Әуесқой балықшылардың, туристердің, спортшылардың ішкі және аумақтық суларға шығуы, оның ішінде мұз астында балық аулауға шығуы осы Заңда белгіленген тәртіпке сәйкес жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
5. Ішкі және аумақтық суларда кәсіпшілік, зерттеу, іздестіру немесе өзге де қызметтің, оның ішінде континенттік қайраңның минералды немесе жанды ресурстарын сақтауға бағытталған қызметтің жүргізілуін бақылау осы қызметті Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп жүзеге асыратын жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға жүктеледі.
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы