29-бап. Өсімдіктер дүниесін ғылыми-зерттеу, оқу, мәдени-ағарту, сауықтыру, рекреациялық, эстетикалық және туристік мақсаттар үшін пайдалану Өсімдіктер дүниесі туралы Заңы
1. Өсімдіктер дүниесін ғылыми-зерттеу, оқу, мәдени-ағарту, сауықтыру, рекреациялық, эстетикалық және туристік мақсаттар үшін пайдалану жабайы өсетін өсімдіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын алып қою арқылы немесе алып қоймай жүзеге асырылады және бұл өсімдіктер дүниесі мен өсімдіктер өсетін жерлерге теріс әсер етпейтін жағдайларда оған өсімдіктер дүниесін пайдалану қағидаларына сәйкес жол беріледі.
2. Халықтың жаппай демалуы мен туризм үшін пайдаланылатын учаскелерде өсімдіктер дүниесін, табиғи ландшафттарды сақтау мақсатында жергілікті атқарушы органдар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар, су пайдаланушылар белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы және сәулет-құрылыс құжаттамасына, экологиялық және санитариялық талаптарға сәйкес осы учаскелерді абаттандыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Қазақстан Республикасының Заңы 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 183-VII ҚРЗ.
Осы Заң өсімдіктер дүниесін күзету, қорғау, қалпына келтіру және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және мемлекеттік саясаттың құқықтық негіздерін белгілейді.
[Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы