24-бап. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы
1. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.
2. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер жүргізеді және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.
3. "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығының қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 9 ақпандағы № 285-V ҚРЗ.
Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы