⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

178-бап. Процестік шығындарды өндіріп алу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені сот қылмыстық іс бойынша түпкілікті шешім шығарған кезде қарайды. Егер іс бойынша іс жүргізу қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде аяқталса, тергеу судьясы процестік шығындарды өндіріп алу туралы мәселені прокурордың ұсынуы бойынша қарайды. Сот процестік шығындарды күдіктіге, айыпталушыға, сотталған адамға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне қабылданады.

      2. Сот аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Процестік шығындар жазадан босатылған сотталған адамға да жүктелуі мүмкін.

      3. Іске аудармашының қатысуына байланысты процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер аудармашы өз функцияларын қызметтiк тапсырма тәртiбiнде орындаса, оның еңбегiне ақы төлеудi мемлекет аудармашы жұмыс iстейтiн ұйымға өтейдi.

      4. Күдіктінің, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбірленушінің өкілі (жекеше айыптаушы) ретінде заң көмегін тегін көрсеткен адвокаттың іске қатысуына байланысты процестік шығындар, осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде және 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, бюджет қаражатының есебіне жатқызылады.

      5. Сотталушы ақталған немесе іс осы Кодекстің 35-бабы бірінші бөлігінің 1), 2) тармақтарына сәйкес тоқтатылған жағдайда, процестік шығындар мемлекет есебіне қабылданады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, сот оны ол кiнәлi деп танылған айыптауға байланысты процестік шығындарды төлеуге мiндеттейдi.

      6. Процестік шығындар өндіріп алынуға тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда, олар мемлекет есебiне қабылданады. Егер процестік шығындарды төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталған адамды процестік шығындарды төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұйрықты іс жүргізу тәртібімен айыптау үкімін шығарған кезде сот сотталған адамның мүліктік жағдайын ескере отырып, оны процестік шығындарды төлеуден толық немесе ішінара босатуға құқылы.

      7. Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот процестік шығындар олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде өндірілуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталған адамның кiнәсiнiң сипатын, оның қылмыстық құқық бұзушылық үшiн жауаптылық дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын ескереді.

      8. Сот кәмелетке толмағандардың қылмыстық құқық бұзушылықтары туралы iстер бойынша процестік шығындарды төлеуді кәмелетке толмаған адамның ата-анасына немесе оларды алмастыратын тұлғаларға жүктей алады.

      9. Сотталушы жекеше айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот процестік шығындарды шағымы бойынша iс жүргiзу басталған тұлғадан толық немесе iшiнара өндіріп алуға құқылы. Іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған кезде процестік шығындар сотталушыдан өндіріп алынады.

      10. Күдікті, айыпталушы қайтыс болған жағдайда, олардың мұрагерлері процестік шығындарға байланысты міндеттемелер бойынша жауаптылықта болмайды.

      11. Процестік шығындарды өндіріп алу құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескіруіне орай тоқтатылады.

      12. Процестік шығындар туралы деректер болған жағдайда, осы баптың алтыншы бөлігінде көрсетілген жағдайды қоспағанда, қылмыстық қудалау органы процестік шығындарды өндiріп алуды қамтамасыз ету шараларын қолдануға мiндеттi.

      Ескерту. 178-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.07.2018 № 180-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

166-бап. Қылмыстық процесте қаралатын азаматтық талап қоюлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жеке және заңды тұлғалардың т...

Толық оқу »

67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

67-бап. Қорғаушының мiндеттi қатысуыҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қорғаушының қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуы, егер: 1) бұл тур...

Толық оқу »

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

76-бап. Жәбiрленушiнiң, азаматтық талапкердің және жекеше айыптаушының өкiлдерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесте жәбiрленуш...

Толық оқу »

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

175-бап. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу...

Толық оқу »

155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

155-бап. Өзге де процестік мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін негіздер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық процесті жүргізетін орган осы...

Толық оқу »

Комментарий к  статье  55. Полномочия следственного судьи Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 55. Полномочия следственного судьиУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В ходе досудебного производства следственный судья в предусмот...

Толық оқу »

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

299-бап. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің аяқталғаны туралы есептің мазмұны ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі...

Толық оқу »

390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

390-бап. Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәсе...

Толық оқу »

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

485-бап. Заңды күшіне енген сот үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау негіздері ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Осы Кодекст...

Толық оқу »

Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысы.

Қылмыстық істер бойынша процестік шығындарды өндіріп алу туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2018 жылғы 29 маусымдағы № 10 нормативтік қаулысы. Сот практикасының...

Толық оқу »

Комментарий к статье 166. Гражданские иски, рассматриваемые в уголовном процессе Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 166. Гражданские иски, рассматриваемые в уголовном процессеУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В уголовном процессе рассматриваются...

Толық оқу »

161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

161-бап. Мүлiкке тыйым салу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам үкiмнің азаматтық талап қою, ба...

Толық оқу »