Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Жарияланымдар / Ұрып, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіріп, бұзақылық жасағаны үшін, қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен ұштасқан, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуы

Ұрып, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіріп, бұзақылық жасағаны үшін, қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен ұштасқан, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуы

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

Ұрып, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіріп, бұзақылық жасағаны үшін, қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен ұштасқан, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзуы

Қадағалаушы сот алқасы сотталушының әрекетінде бұзақылық белгілері болмағандықтан төменгі сатыдағы соттардың сот актілерін заңсыз және негізсіз деп танып, күшін жойған. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық сотының 2013 жылғы 1 қазандағы үкімімен: Н., бұрын сотталмаған, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 257-бабының 1-бөлігімен 1 жылға бас бостандығын шектеуге сотталған. Қылмыстық іс апелляциялық тәртіппен қаралмаған. Шығыс Қазақстан облыстық соты кассациялық сот алқасының 2014 жылғы 6 мамырдағы қаулысымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған. Сот үкімімен Н. 2013 жылдың 23 мамырында мектеп дәлізінде, қоғамды анық құрметтемеуін білдіретін, азаматтарға қарсы күш қолданумен ұштасқан, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, осы мектептің мұғалімі Л.-ны жұдырығымен ұрып, денсаулығына жеңіл дәрежедегі зиян келтіріп, бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған. Сотталған Н. өтінішінде сот үкімімен келіспейтіндігін, қоғамдық орында бұзақылық жасауға ниеті болмағандығын, керісінше өзінің әрекеті, қоғамдық тәртіпті бұзып, бұзақылық жасаған жәбірленуші Л.-ны тоқтатуға бағытталғанын, оны қасақана ұрмағанын, яғни итерген кезде қолы тиіп кеткенін жоққа шығармайтынын көрсетіп, өзіне қатысты сот үкімі мен қаулының күшін жойып, қылмыстық істі қысқартуды сұраған.

 

Жәбірленуші Л.-ның сотталған Н.-ға қатысты сот актілерін күшінде қалдыруды, прокурордың сот үкімі мен қаулысының күшін жойып, істі қысқартуды сұраған пікірлерін тыңдап, өтініште келтірілген уәждерді талқылап, қылмыстық істегі дәлелдемелерді жан-жақты тексеріп, сотталған Н.-ға қатысты сот актілерінің күші төмендегі мән-жайлардың негізінде жойылуға жатады деп есептейді. Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 24-бабының талаптарында, істің мән-жайы жан-жақты, толық және объективті зерттелуі, сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты толық және объективті зерттеу үшін заңда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті екендігі көрсетілген. «Бұзақылық жөніндегі істер бойынша сот практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2009 жылғы12 қаңтардағы № 3 нормативтік қаулысының 4-тармағында жеке бас араздығының салдарынан болған жанжал немесе төбелес барысында болған күш қолданудан бұзақылық ниетпен күш қолдануды ажыратқан кезде айыпты мен жәбірленушінің қарым-қатынасының сипатын, жанжалдың сылтауы мен себебін ескеріп, оның бастамашысы кім болғанын, жанжалға қатысушылардың әрекеттерінің қарқыны мен сипатын, айыптының ниетінің бағытын көрсететін басқа да мән-жайларды анықтауы керек екендігі көрсетілген.

Сотталған Н.-ның сот отырысында берген жауабын негізге алсақ, 2013 жылдың 23 мамырында оқушылардың тоқсандық бағаларын қорытып, мектеп директоры кабинетіне баруға шыққан уақытта, мектептің дәлізінде «9 мамыр - Жеңіс күні» мерекесіне арнап жасалған буклеттің жанында әңгімелесіп тұрған мектеп мұғалімдерінің дауысын естіген. Алайда солардың арасында Л. даурығып «Ұлы Отан соғысы мерекесін тойлауды мереке күнінен алып тастау керек, ол соғыс қазақтардың мерекесі емес, орыстардың соғысы, оны тойлаудың қажеті жоқ, ал өзбектер болса оны мереке күнінен алып тастаған», – деген сөздерді айтқанын естіген соң, бұл әңгімені мектеп оқушылары естімесін деген оймен, қатты сөйлемеуін сұрағанда, ол керісінше «мектепте оқушылар жоқ қой», – деп өзіне қарай беттеген кезде, оны итеріп жібергенін айтып, көрсеткен. Сот-дәрігерлік сараптама қорытындысымен жәбірленуші Л.-ның ернінің үстіңгі жағының қанталағаны, ал астыңғы жағының жаншылған жарақаттары бар екендігі, денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірілгені анықталған. Ал іс құжаттарына тіркелген, Баршатас ауылдық округі тұрғындары жиналысының хаттамасында Н. мен жәбірленуші Л.-ның мектеп ғимаратының ішінде орын алған әрекеттері талқыға салынғанын және сол жиналысқа қатысқан мектеп директоры Е.-ның Н. мен Л.-ның арасында бұрыннан бас араздықтары болғандарын, екеуінің жиі ұрысып, кикілжіңге түсіп жүретіндерін айтып көрсеткен.  Сондай-ақ осы мәселе Н. мен Л.-ның қатысуларымен өткен М. атындағы орта мектептің кәсіподақ ұйымының жиналысында да талқыға салынып, жиналысқа қатысушылар бұл оқиға бойынша өз пікірлерін білдіріп, олардың арасында бұрыннан бас араздықтары болғандары туралы айтқан. Аталған мектептің директоры Е.-ның педагогикалық кеңесінің қаулысына сәйкес, 2013 жылғы 31 мамырдағы бұйрықпен осы мектептің мұғалімдері Н. мен Л.-ға тәртіптік жаза ретінде ескерту жариялаған. Жәбірленуші Л. сот отырысында берген жауабында, Н.-мен екеуінің арасында бұрыннан бас араздықтары болғандығын, одан қарыз ақшасын сұрағаны үшін екеуі араздасып жүргендерін, кикілжің болған күні мектепте оқушылардың болмағандығын айтып көрсеткен.

 

 Сотталған Н.-мен жәбірленуші Л.-ның арасында бұрыннан бері бас араздықтарының бар екендігі, сондай-ақ екеуінің арасында орын алған бұл оқиға осыған тікелей байланысты болғандығы анық байқалады. Істің мұндай тұрғысында, төмендегі сатыдағы соттардың Н.-ның әрекетінде бұзақылық белгілерінің бар екендігі туралы қорытындылары қылмыстық іске тіркелген дәлелдемелерге және сотта анықталған мән-жайларға сәйкес келмейді. Сондықтан жәбірленуші екеуінің арасында болған оқиға бұрыннан келе жатқан бас араздықтарының салдарынан болғандықтан, тағылған айып негізсіз болып табылады. Жоғарыда аталғандардың негізінде қадағалаушы сот алқасы сотталған Н.-ға қатысты сот актілері заңсыз және негізсіз болғандықтан, оның күшін жойып, Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 37-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес, оның әрекетінде қылмыс құрамы болмағандықтан, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды Сонымен қатар Қазақстан Республикасы ҚІЖК-нің 42-бабының талабына сай, Н.-ның қылмыстық жауапкершілікке заңсыз тартылуына байланысты келтірілген зиянның өтелуіне құқығы танылып, оның өтініші қанағаттандырылды. 

 

 Назар аударыңыз!  

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.  

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.    

Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы 

Құжатты жүктеп алу

23-бап. Кінәсіздікпен зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

23-бап. Кінәсіздікпен зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан РеспубликасыныңЕгер әрекеттерді (әрекетсiздiкті) және қоғамға қауiптi туындаған зардаптарды жасаған адамн...

Толық оқу »

Комментарий к статье 23. Невиновное причинение вреда УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 23. Невиновное причинение вредаУК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Деяние признается совершенным невиновно, если действия (бездействие) и н...

Толық оқу »

Кінәсіз зиян келтіру

Кінәсіз зиян келтіру📘 ҚР ҚК 23-бап — Кінәсіз зиян келтіру🔹1. Баптың құқықтық табиғатыҚР ҚК-нің 23-бабы қылмыстық құқықтың іргелі қағидасын баяндайды — жауаптылық тек кінә бо...

Толық оқу »

32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығы Отбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы

32-бап. Әлеуметтiк бейiмделуден өтiп жатқан адамның зиян келтiргенi үшiн жауаптылығыОтбасы үлгiсiндегi балалар ауылы және жасөспiрiмдер үйлерi туралы Заңы      1. Әлеуметтiк б...

Толық оқу »

Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған адамға оның ұсталу кезінде зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды

Қылмыстық жазаланатын іс-әрекет жасаған адамға оның ұсталу кезінде зиян келтіру қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайдыҚазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (ҚК РК) 3...

Толық оқу »

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жәбірленушінің өліміне қатысты оның әрекеттерінде абайсызда кінә болды, егер кінәлінің ниеті қамтылмаса, бұл әрекет денсаулыққа абайсызда зиян келтіру ретінде жіктелуге жатады.

Денсаулыққа ауыр зиян келтіру және жәбірленушінің өліміне қатысты оның әрекеттерінде абайсызда кінә болды, егер кінәлінің ниеті қамтылмаса, бұл әрекет денсаулыққа абайсызда зи...

Толық оқу »

114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

114-бап. Денсаулыққа абайсызда зиян келтiру ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының1 Денсаулыққа абайсызда ауырлығы орташа зиян келтiру – сексен айлық есептік көрсе...

Толық оқу »

Зиян тигізгені үшін жауаптылық

Зиян тигізгені үшін жауаптылық Қазақстан Республикасы Азаматық Кодексінің 917-бабымен зиян тигізгені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері айқындалған, дәлірек айтқанда: 1.Азам...

Толық оқу »

Жұмыс берушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру" егер қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарты аталған Заңда көзделгенмен салыстырғанда сақтанушының немесе пайда алушының жағдайын нашарлататын шарттарда жасалса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушы мен пайда алушының алдында заңда белгіленген шарттарда.

Жұмыс берушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру" егер қызм...

Толық оқу »

Комментарий к статье 111. Неосторожное причинение вреда здоровью К РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 111. Неосторожное причинение вреда здоровью К РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Причинение тяжкого вреда здоровью по неосторожности, - наказ...

Толық оқу »

707-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

707-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi Жолаушының өміріне немесе денсаулы...

Толық оқу »

917-бап. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi

917-бап. Зиян келтiргенi үшiн жауаптылықтың жалпы негiздерi Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 1. Азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлiктiк немесе мүлiктiк емес игiл...

Толық оқу »

610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы

610-бап. Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзуш...

Толық оқу »

Комментарий к статье 610. Нарушение водителями транспортных средств правил дорожного движения, повлекшее причинение вреда здоровью людей, повреждение транспортных средств или иного имущества  Кодекса Республики Казахстан Об административных правонарушениях

Комментарий к статье 610. Нарушение водителями транспортных средств правил дорожного движения, повлекшее причинение вреда здоровью людей, повреждение транспортных средств или...

Толық оқу »

19-бап. Террористі келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан босату Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң

19-бап. Террористі келтiрiлген зиян үшiн жауаптылықтан босату Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заң       Терроризмге қарсы операция жүргізу кезiнде осы Заңда белгiленген нег...

Толық оқу »

116-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi  Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы

116-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiрiлгенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгiСауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңы      1. Егер зиян жәбiрленушiнің қаса...

Толық оқу »

84-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгi  Iшкi су көлiгi туралы Заңы

84-бап. Жолаушының өмiрi мен денсаулығына зиян келтiргенi үшiн тасымалдаушының жауапкершiлiгiIшкi су көлiгi туралы Заңы      1. Егер жолаушыларды тасымалдау шартында тасымалда...

Толық оқу »

83-бап. Әуемен тасымалдау кезiнде жолаушының өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшiн тасымалдаушының жауапкершілігі Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Заңы

83-бап. Әуемен тасымалдау кезiнде жолаушының өміріне немесе денсаулығына зиян келтіргені үшiн тасымалдаушының жауапкершілігіҚазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану...

Толық оқу »