116-бап. Сарапшының қорытындысы және айғақтары ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сарапшының қорытындысы – осы Кодекстің талаптарына сәйкес ресімделген, сот-сараптамалық зерттеудің барысы мен нәтижелері көрсетілетін құжат.
2. Сарапшының ауызша түсiндірмелерi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiру бөлiгiнде ғана дәлелдемелер болып табылады.
3. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргізетін орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеуi уәждi болуға тиiс.
4. Сарапшының айғақтары – қорытындыны алғаннан кейін оның берген қорытындысын түсіндіру немесе нақтылау мақсатында жүргізілген жауап алуда ол хабарлаған мәліметтер.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы