132-8-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі
1. Отыз жасқа толған, бірақ алпыс үш жастан аспаған, осы Кодекстің 122-бабының 1-тармағында көзделген талаптарға сай келетін, баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде айқындалған тәртіппен баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп танылған Қазақстан Республикасының азаматтары баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер бола алады.
Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, тәрбиелеуге қабылданған балаларға қатысты қорғаншылар мен қамқоршылар сияқты дәл сондай құқықтар мен міндеттерді иеленеді.
2. Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды күтіп-бағуға, тәрбиелеуге және оларға білім беруге қолайлы жағдайлар жасау үшін баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің меншік немесе пайдалану құқығында әрбір адамға кемінде он бес шаршы метр мөлшерінде тұрғынжайы болуға тиіс.
3. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтаруға, ал Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды ата-аналарына қайтару мүмкін болмаған кезде – оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, баланы қабылдайтын отбасы) тәрбиелеуге беруге жәрдемдеседі.
4. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілерді іріктеу, оқыту, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиеші деп тану туралы қорытынды беру, сондай-ақ баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің еңбегіне ақы төлеу тәртібі баланы қабылдайтын кәсіби отбасы туралы ережеде айқындалады.
5. Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілер қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарға Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалардың денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша денсаулық паспортының көшірмесін және оларды тәрбиелеу жөніндегі жұмыс туралы, оларды күтіп-бағуға бөлінген ақшаның жұмсалғаны және олардың мүлкін басқару туралы есептерді тоқсан сайын ұсынуға міндетті.
Баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2), 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балалардың банк шоттарынан ақша алуға құқығы жоқ.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы