⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

10-бап. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі 

      1. Неке (ерлі-зайыптылық) жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. 

      2. Мынадай дәлелді себептер болған: 

      1) жүкті болған; 

      2) ортақ бала туған кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша тіркеуші органдар неке (ерлі-зайыптылық) жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетеді. 

      3. Некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер және олардың ата-аналары не қамқоршылары белгіленген неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттігі туындайтын себептерді көрсете отырып, неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтініш беруі мүмкін. 

      4. Неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендетуге тек қана некеге отырушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) келісімімен жол беріледі. 

      5. Неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдар арасындағы немесе неке (ерлі-зайыптылық) жасына толған адам мен неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адам арасындағы некеге (ерлі-зайыптылыққа) неке (ерлі-зайыптылық) жасына толмаған адамдардың ата-аналарының не қамқоршыларының жазбаша келісімімен ғана рұқсат беріледі. 

 

    Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы