⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

 19-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) сот тәртібімен бұзу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі 

      1. Егер сот ерлі-зайыптылардың одан әрі бірлесіп өмір сүруі және отбасын сақтауы мүмкін еместігін анықтаса, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. 

      2. Мынадай: 

      1) осы Кодекстің 17-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған ортақ балалары болған; 

      2) ерлі-зайыптылардың біреуінің некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға келісімі болмаған; 

      3) егер ерлі-зайыптылардың біреуі өзінің қарсылығы болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарған; 

      4) ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болған жағдайларда, неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. 

      3. Ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сотқа өтініш берген күннен бастап бір ай өткен соң неке (ерлі-зайыптылық) сот тәртібімен бұзылады. 

      4. Ерекше жағдайларда сот осы баптың 3-тармағында көрсетілген мерзім өткенге дейін некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға құқылы. 

 

    Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы  Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)   Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік  Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы