132-7-бап. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шарт Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Кодексі
1. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж балаларды беру туралы шартта (бұдан әрі – баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт) балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру жағдайлары, баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ осындай шартты тоқтатудың негіздері мен салдарлары көзделуге тиіс.
Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт алты ай мерзімге, бір реттен асырмай сол мерзімге ұзарту құқығымен жасалады.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 133-бабы 1-тармағының 1), 2) 3) және 9) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаж, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына берілген әрбір балаға, баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы жеке шарт жасалады.
2. Баланы қабылдайтын кәсіби отбасына балаларды беру туралы шарт:
1) дәлелді себептері (науқастануы, отбасылық немесе материалдық жағдайының өзгеруі, баламен өзара түсіністіктің болмауы, балалар арасындағы жанжалдар және басқалар) болған кезде баланы қабылдайтын кәсіби тәрбиешілердің бастамасы бойынша;
2) балаларды күтіп-бағу, тәрбиелеу және оларға білім беру үшін қолайсыз жағдайлар туындаған кезде қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның бастамасы бойынша;
3) қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органмен келісу бойынша бала ата-аналарына, өзге де заңды өкілдеріне қайтарылған немесе бала асырап алынған жағдайларда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы