21-бап. Некені (ерлі-зайыптылықты) өзге де негіздер бойынша сот тәртібімен бұзу Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қазақстан Республикасының кодексі
1. Кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өзара келісімі болған кезде, ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік және өзге де талаптары болмаған кезде сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.
2. Егер кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылардың біреуі бір-біріне мүліктік талаптар болмаған кезде некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға өтініш берсе, ал екіншісі өзінің қарсылықтарының болмауына қарамастан, өз іс-әрекеттерімен не әрекетсіздігімен некені (ерлі-зайыптылықты) бұзудан жалтарса, сот некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу себептерін анықтамастан, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуы мүмкін.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы Қылмыстық-атқару Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кәсіпкерлік Кодексі Еңбек Кодексі Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Әкімшілік рәсімдік-процестік Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Экология Әлеуметтік Азаматтық Қылмыстық-процестік Қылмыстық Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарий) Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қазақстан Республикасы