⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

2-1-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты мен міндеттері Мемлекеттік құпиялар туралы Заң 

      1. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың мақсаты оларды жария ету және жоғалту қаупінен қорғауды қамтамасыз ету болып табылады. 

      2. Мемлекеттік құпияларды қорғаудың міндеттері мыналар болып табылады: 

      1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік құпияларды қорғау жүйесін дамыту; 

      2) мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу; 

      3) таратылуын шектеу Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне негізделген, құпияландыруға жататын мәліметтер тізбесін айқындау; 

      4) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер пайдаланылатын жұмысқа жіберілетін адамдар тобын айқындау; 

      5) мемлекеттік құпияларды қорғау әдістері мен құралдарын әзірлеу, ендіру, қолдану және жетілдіру. 

      Ескерту. 2-1-баппен толықтырылды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 
 

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы