9-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдарының құзыреті Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен оның органдары:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қарсы барлаудан қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады, сондай-ақ олардың аталған саладағы қызметін бақылап отырады;
1-1) мемлекеттік органдар мен ұйымдарда құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және бақылайды;
1-2) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі нормативтік және әдістемелік актілерді әзірлеу мен орындау мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғау органдарының қызметін үйлестіреді және бақылайды;
1-3) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі құқықтық, әкімшілік, экономикалық, техникалық, бағдарламалық және криптографиялық шаралар жүйесінің Қазақстан Республикасының аумағында орындалуын бақылайды;
2) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерге рұқсат етуге ресімделетін (қайта ресімделетін) Қазақстан Республикасының азаматтарына арнайы тексеру жүргізеді;
3) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады;
4) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғаудың техникалық, оның ішінде криптографиялық құралдарын сертификаттауды ұйымдастырады;
5) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдаланып жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсат береді;
5-1) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5-2) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5-3) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
5-4) алып тасталды – ҚР 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңдарын бұзуға байланысты қылмыстарды анықтайды, оларды тыяды, ашады және тергеу жүргізеді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.01.12 № 222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 № 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.05.2014 № 203-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы