91-бап. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сот отырысының хатшысы және сот приставы:
1) осы Кодекстiң 87-бабында көзделген мән-жайлардың кез келгенi болған кезде;
2) олардың құзыреттi еместiгi анықталса, қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатыса алмайды.
2. Адамның осының алдында сот отырысына сот отырысының хатшысы немесе сот приставы ретiнде қатысуы оның сот отырысына осындай тиісті түрде одан әрi қатысуын болғызбайтын мән-жай болып табылмайды.
3. Сот отырысының хатшысына және сот приставына қарсылық бiлдiру туралы мәселенi iстi қараушы сот шешедi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы