10-бап. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілеттігі Мемлекеттік құпиялар туралы Заң
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар мемлекеттік құпияларды қорғау органдарымен өзара іс-қимылда:
1) құпияландырылуға тиісті мәліметтердің ведомостволық тізбесін әзірлейді;
2) олар әзірлеген мемлекеттік құпиялардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, оның ішінде ведомостволық бағынысты ұйымдарда да қорғалуын қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді жария етудің немесе жоғалтудың салдарынан Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне немесе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың мүдделеріне келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиянның мөлшерін анықтау тәртібін әзірлеуге қатысады;
4) өздеріне басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдар берген мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтердің, сондай-ақ өздері құпияландырған мәліметтердің қорғалуын қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді пайдалану арқылы жұмыс жүргізуге белгіленген тәртіппен рұқсат алады;
6) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтерді қорғау құралдарына сертификаттар алады;
7) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз етуге қатысады;
9) айрықша режимді, режимді және ерекше қорғалатын объектілердің санаттарын және оларды уақтылы қайта қарауды белгілейді;
10) мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтер алуға рұқсат етілетін азаматтарға қатысты тексеру шараларын жүргізуді өз құзыреті шегінде қамтамасыз етеді;
11) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
12) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау саласындағы басқа да мәселелерді шешеді.
Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы.
Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы