⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

13-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң 

      Сыртқы саяси және сыртқы экономикалық салалардағы мемлекеттік құпияларға мыналар жатады: 

      1) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының стратегиясы мен тактикасын ашып беретін сыртқы саясат, сыртқы сауда, ғылыми-техникалық байланыстар мәселелері жөніндегі, күні бұрын таратылуы мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер; 

      2) егер жария еткен жағдайда олардың көзін анықтауға әкеп соғуы мүмкін бір немесе бірқатар шет мемлекеттерге қатысты сенім білдіру тәртібімен алынған саяси, әскери, ғылыми-техникалық немесе экономикалық мәселелер жөніндегі мәліметтер; 

      3) егер келіссөзге қатысушылардың пікірі бойынша бұл мәліметтерді жария ету тараптардың біреуі үшін дипломатиялық шиеленістерге әкеп соқтыруы мүмкін болса, Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері мен басқа мемлекеттердің өкілдері арасындағы халықаралық қатынастарда бірыңғай принципті көзқарас тұжырымдау жөніндегі келіссөздер туралы мәліметтер; 

      4) күні бұрын тарату Қазақстан Республикасының қорғаныс қабілетіне, қауіпсіздігіне, саяси немесе экономикалық мүдделеріне зиян келтіру мүмкін халықаралық шарттарды әзірлеу, жасасу, олардың күшін жоюға дайындау, мазмұны немесе орындалуы туралы мәліметтер; 

      5) егер бұл мәліметтерді жария ету тараптардың біреуі үшін дипломатиялық шиеленістерге әкеп соқтыруы мүмкін болса, алушы елдері көрсетілетін қару-жарақтың, әскери техниканың немесе керек-жарақтардың экспорты мен импорты туралы мәліметтер, сондай-ақ шет мемлекеттерге қару-жарақты, әскери техника мен әскери объектілерді жасауға техникалық жәрдем, оның ішінде тегін көрсету туралы мәліметтер; 

      6) шет мемлекеттермен ерекше кезеңдегі экономикалық ынтымақтастықтың мәнін немесе көлемін, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің осы мәселелер жөніндегі сыртқы экономикалық ұйымдары әскери-жұмылдыру органдарының өзара іс-қимылын ашатын мәліметтер; 

      7) Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы есептік жылға арналған шикізатты, материалдарды, отынды, жабдықтарды, дәрі-дәрмектерді өзара беруді қамтамасыз ету жөніндегі шаралардың немесе соңғыларына тұтас алғанда Қазақстан Республикасы бойынша есептік жылға арналған кәсіпорындар мен объектілерді салуға техникалық жәрдем көрсету жөніндегі шаралардың мазмұнын ашатын мәліметтер; 

      8) Қазақстан Республикасы мен ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің арасындағы жалпы Қазақстан Республикасы бойынша есептік жылға арналған экспорттық-импорттық жүктерді тасымалдау көлемін ашатын мәліметтер.  

 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы