410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердiұсыну және жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны туралы шағым берген жәбiрленушi, өзге де тұлға онда көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықтың мән-жайлары және айыпталушының кiнәлiлiгi сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкiн екендiгiн көрсетуге тиіс.
2. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер iс қаралғанға дейiн судьяға өз мүдделерінің қорғалуы үшiн маңызы бар мән-жайларды қандай адамдардың (тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), тұрғылықты жерi) куәлiк айғақтарымен, құжаттармен, өзге де дәлелдемелермен анықтауға болатынын өзi немесе өкiлi арқылы хабарлайды.
3. Жекеше айыптаушы, оның өкілі, сотталушы, оның қорғаушысы және өкiлдерi сотқа істі қарау басталғанға дейін және оны қарау барысында іс үшін маңызы бар нәрселерді, құжаттарды ұсынуға, өздерінен сот отырысында жауап алу туралы өтінішхат беруге құқылы.
4. Судья тараптарға олардың өтiнiшхаты бойынша дәлелдемелердi жинауға және олар көрсеткен куәларды шақыруға жәрдем көрсетуге тиiс.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы