⁠`

Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

14-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызылатын барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызмет саласындағы мәліметтер Мемлекеттік құпиялар туралы Заң 

      Барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі мен өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттік құпияларға мыналар жатады: 

      1) барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, көздерін, әдістерін, жоспарларын, жай-күйін, ұйымдастырылуын, қылмыстық істі дұрыс шешу үшін маңызы бар нақты деректер ретінде қылмыстық процесте пайдаланылмаған нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін қаржыландыру туралы деректер, егер олар тізбеленген мәліметтерді ашатын болса; 

      1-1) өздеріне қатысты қылмыстық процеске қатысушылардың жеке қауіпсіздігі шараларын қолдану туралы шешім қабылданған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтің күштерін, құралдарын, нысандарын, әдістерін және нәтижелерін ашатын мәліметтер, осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер олар санамаланған мәліметтерді ашатын болса, сондай-ақ өздеріне қатысты "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 6) және 7) тармақшаларында көзделген қауіпсіздік шаралары қолданылған адамдар туралы мәліметтер; 

      2) нақты адамдардың Қазақстан Республикасының барлау, қарсы барлау органдарының кадрлар құрамына қатыстылығын ашатын мәліметтер; 

      3) барлау қызметін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының органдарына құпия көмек көрсететін (көрсеткен) адамдар туралы мәліметтер; 

      4) сыртқы барлау саласында жүргізілетін жедел жұмылдыру жұмыстарының жай-күйі мен нәтижелерін ашатын мәліметтер; 

      5) Қазақстан Республикасының қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарымен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер; 

      6) жедел жұмылдыру жұмысының жай-күйін, нәтижелерін, сондай-ақ шараларын ашатын мәліметтер; 

      7) радиоэлектрондық барлау, байланыс құралдары органдарының күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын, жай-күйі мен қызметінің нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса; 

      8) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру қызметінің күштерін, құралдарын, әдістерін, жоспарларын немесе нәтижелерін ашатын мәліметтер, сондай-ақ осы қызметті қаржыландыру туралы деректер, егер бұл деректер аталған мәліметтерді ашатын болса; 

      9) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң барлау, қарсы барлау немесе жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын бөлімшелерімен құпиялық негізде жұмыс істейтін (жұмыс істеген) адамдар туралы мәліметтер; 

      10) үкіметтік байланыс, шифрланған, құпияландырылған, кодталған немесе арнаулы байланыстың өзге де түрлерінің жүйесі туралы мәліметтер және мемлекеттік шифрлар, кодтар, оларды талдаудың әдістері немесе құралдары, шифрлау, құпияландыру, кодтау құралдары туралы ақпарат; 

      11) Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру, оның күштері, құралдары және әдістері туралы, Қазақстан Республикасы Президентінің және оның отбасы мүшелерінің денсаулық жағдайы және жеке өмірі туралы мәліметтер; 

      12) жоғары өкімет және басқару органдарының басқа да күзетілетін адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастыруды, күштерін, құралдарын немесе әдістерін ашатын мәліметтер; 

      13) ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бөлімшелердің күштерін, құралдарын және әдістерін, сондай-ақ олар жүргізген жедел-іздестіру және жедел-техникалық шараларды ашатын мәліметтер; 

      14) нақты адамдардың қылмыстық-атқару жүйесінің, экономикалық тергеу қызметінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, сондай-ақ ішкі істер органдарының жедел бөлімшелерінің кадрлық құрамына жататындығын ашатын мәліметтер; 

      15) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мүдделерін қозғайтын қылмыстық істер бойынша тергеу жүргізудің күштерін, құралдары мен әдістерін ашатын мәліметтер; 

      16) мемлекеттік құпияларды қорғауды ұйымдастыруды немесе оның іс жүзіндегі жай-күйін ашатын мәліметтер; 

      17) ақпараттарды рұқсат етілмей алудан, шетелдік техникалық барлаудан және техникалық арналар арқылы өтіп кетуден қорғау жөнінде жоспарланатын және (немесе) жүргізілетін шараларды ашатын мәліметтер; 

      18) арнайы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлері, терроризмге қарсы операцияны жүргізуге, терроризм актісін анықтауға, оның алдын алуға, жолын кесуге және ашуға қатысатын және (немесе) жәрдемдесетін адамдар туралы және аталған адамдардың отбасы мүшелері туралы мәліметтер; 

      18-1) терроризмге қарсы операциялардың тактикасын, нысанын, әдістерін, құралдарын және оларға қатысушылар құрамын ашатын мәліметтер; 

      19) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар мен мемлекеттік құпияларға жатқызылған, қорғалып орындалған ақпараттық жүйелер туралы мәліметтер. 

      Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2001.03.16 № 163, 2002.07.10 № 338, 2009.12.10 № 228-IV (қолданысқа енгізу тәртібін 2-б қараңыз), 2010.04.08 № 266-IV, 2012.04.23 № 14-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 419-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2016 № 36-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 291-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.01.2023 № 188-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2023 № 51-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 
 

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы N 349-I Заңы. 

       Осы Заң Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде мемлекеттік құпияларды қорғаудың құқықтық негіздері мен бірыңғай жүйесін айқындайды, мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызуға, оларды құпияландыруға, оларға билік етуге, оларды қорғау мен құпиясыздандыруға байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді. 

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК 

Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы  Заң компаниясы