Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / НҚА / 221-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру және сақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

221-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру және сақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

221-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру және сақтау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

      1. Оқиға орнын, жергілікті жерді немесе үй-жайды қарап-тексеру кезiнде табылған, тiнту, алу, тергеу экспериментi немесе басқа тергеу әрекеттерiн жүргізу кезiнде алынған не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның талап етуi бойынша ұйымдар және азаматтар ұсынған нәрселер осы Кодекстiң 220-бабының қағидалары бойынша қарап-тексерілуге жатады.

      2. Көрсетілген нәрселер қарап-тексерілгеннен кейiн осы Кодекстiң 118-бабының қағидаларына сәйкес заттай дәлелдемелер деп танылуы мүмкiн. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам нәрсені заттай дәлелдеме ретiнде тану және оны iске қоса тiркеу туралы қаулы шығарады. Осы қаулыда заттай дәлелдеменi iспен бiрге қалдыру немесе оны иесiне немесе өзге адамдарға немесе ұйымдарға сақтауға өткiзу туралы мәселе шешiлуге тиiс.

      3. Егер нәрселерді ауқымды болуына немесе өзге де себептерге байланысты қылмыстық iспен бiрге сақтау мүмкін болмаса, олар фото- немесе бейнетүсіру құралдарымен түсiрiп алынуға, мүмкiндiгiнше мөрленуге және сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адам көрсеткен орында сақталуға тиiс. Iске заттай дәлелдеменің үлгiсi қоса тiркелуi мүмкiн. Істе заттай дәлелдеменің табылған жерi туралы тиiстi анықтама болуға тиiс.

      Заттай дәлелдемелерді алып қою, сақтау, беру және жою, сондай-ақ сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган алып қойған ұлттық және шетелдік валютадағы ақшаны сақтау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

      4. Тез бұзылуға бейім заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкін болмаса, жергілікті атқарушы орган айқындайтын тиiстi ұйымдарға мақсатына сай пайдалану не алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргiзетін органның депозитiне сала отырып, өткізу үшін тапсырылады. Сақталуы елеулі материалдық шығындарды талап ететiн заттай дәлелдемелер, егер иесiне қайтарылуы мүмкiн болмаса, не олардың иесі анықталмаған жағдайда, өткізіледі. Заттай дәлелдемелер алынған сомаларды сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін органның депозитiне сала отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен өткізіледі. Негiздер болған кезде пайдаланылған немесе өткізілген заттай дәлелдемелер иесіне сондай түрдегі және сападағы нәрселермен өтеледі немесе соңғысына соттың шешімі бойынша мемлекеттік бюджет есебінен олардың құны төленедi.

      Әрбір атауы (түрі) бойынша аса ірі мөлшерге жатқызудың белгіленген шегінен асатын мөлшердегі есірткі, психотроптық заттар сот сараптамасы жүргізілгеннен кейін заттай дәлелдемелер деп танылып, іске үлгі ретінде қоса берілгендерін қоспағанда, прокурордың келісімімен қылмыстық қудалау органы қаулысының негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жойылуға тиіс. Есірткі заттарды жою туралы, прокурормен келісілген қаулы және заң талаптарына сәйкес және жою кезінде бейнетіркеуді қолдана отырып жасалған, оны іс жүзінде жою туралы акт қылмыстық іске қоса тігіледі.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның қылмыстық іске қосып тігу үшін прокурормен келісілген тиісті қаулының негізінде маманның міндетті түрде қатысуымен және бейнежазбаны қолданып, алып қойылған есірткі, психотроптық заттардың жалпы көлемінен әрбір атауы (түрі) бойынша тиісті есірткі, психотроптық заттар үшін заңда белгіленген аса ірі мөлшерге тең шамасында үлгілер іріктеп алынуға, олар қапталып, мөрленуге тиіс, қаптамада заттың атауы және оның көлемі туралы жазба жасалып, қаптамада қамтылғанның анықтығы осы әрекетке қатысқан адамдардың қойған қолдарымен куәландырылады.

      Бақыланатын жеткізілім немесе өзге де жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде заңсыз айналымнан алып қойылған есірткі заттарын немесе психотроптық заттарды пайдалану қажет болған жағдайда, оларды жою тиісті жасырын тергеу әрекеттері аяқталғанға дейін прокурордың келісімімен жүргізілмеуі мүмкін.

      5. Анықтау органы iстi сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамға немесе бір анықтау органынан басқа анықтау органына не сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын бір адамнан екiншiсіне берген кезде, сол сияқты iс прокурорға және сотқа жiберiлген кезде заттай дәлелдемелер, осы баптың үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, белгiленген тәртiпке сәйкес жөнелтiледi. Заттай дәлелдемелер қапталған және мөрленген түрде оларды даралайтын белгiлерi көрсетiліп, қамтылған тiзiмдемемен қоса берiледi.

      6. Қылмыстық іс тоқтатылған кезде заттай дәлелдемелердің және мұндай деп танылмаған нәрселердің тағдыры туралы мәселе осы Кодекстің 118-бабы үшінші бөлігінің қағидалары бойынша шешіледі.

      Ескерту. 221-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 

Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Комментарий к статье 348. Фальсификация доказательств УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 348. Фальсификация доказательств УК РК Уголовного Кодекса Республики Казахстан 1. Фальсификация доказательств по гражданскому делу лицом, участвующим в...

Толық оқу »

25-бап. Дәлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

25-бап. Дәлелдемелердi iшкi сенiм бойынша бағалау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы дәлелдемелердi қарал...

Толық оқу »

416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

416-бап. Дәлелдемелерді және жедел-іздестіру, қарсы барлау материалдарын бұрмалау ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының Азаматтық iс бойынша дәлелдемелерді iск...

Толық оқу »

111-бап. Дәлелдемелер ұғымы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

111-бап. Дәлелдемелер ұғымы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Заңды түрде алынған, олардың негізінде анықтау органы, анықтаушы, тергеушi, проку...

Толық оқу »

112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

112-бап. Дәлелдемелер ретiнде жол берілмейтін нақты деректер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Нақты деректер, егер олар осы Кодекстiң талаптар...

Толық оқу »

114-бап. Дәлелдемелерсiз анықталатын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

114-бап. Дәлелдемелерсiз анықталатын мән-жайлар ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Мына мән-жайлар, егер тиiстi құқықтық рәсiмдер шеңберiнде: 1)...

Толық оқу »

122-бап. Дәлелдемелерді жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

122-бап. Дәлелдемелерді жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Дәлелдемелерді жинау сотқа дейінгі тергеп-тексеру және сот талқылауы процесінде...

Толық оқу »

118-бап. Заттай дәлелдемелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

118-бап. Заттай дәлелдемелер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мыналар заттай дәлелдемелер деп танылады: 1) егер қылмыстық құқық бұзушылық жа...

Толық оқу »

123-бап. Дәлелдемелерді бекiту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

123-бап. Дәлелдемелерді бекiту ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Нақты деректер процестік әрекеттердiң хаттамаларында тіркелгеннен кейiн ғана д...

Толық оқу »

124-бап. Дәлелдемелердi зерттеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

124-бап. Дәлелдемелердi зерттеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Iс бойынша жиналған дәлелдемелер жан-жақты және объективтi түрде зерттелуге жата...

Толық оқу »

238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

238-бап. Жасырын тергеу әрекетін жүргізу нәтижесінде алынған ақпаратты зерттеу және оны дәлелдемелер ретінде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік код...

Толық оқу »

366-бап. Дәлелдемелердi ұсыну және зерттеу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

366-бап. Дәлелдемелердi ұсыну және зерттеу тәртiбi ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот тергеуiнде айыптаушы және қорғаушы тараптар ұсынған дә...

Толық оқу »

375-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

375-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сот тергеп-тексеру барысында iске қоса тiгiлген және жаңадан ұсы...

Толық оқу »

380-бап. Дәлелдемелердi зерттеудi шектеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

380-бап. Дәлелдемелердi зерттеудi шектеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау дәлелдемелерiнің зерттелуін көрсетілге...

Толық оқу »

410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердiұсыну және жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

410-бап. Тараптардың бастамасы бойынша дәлелдемелердiұсыну және жинау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Қылмыстық құқық бұзушылықтың жасалғаны...

Толық оқу »

561-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және беру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

561-бап. Заттай дәлелдемелерді сақтау және беру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Сұрау салынатын тарап Қазақстан Республикасы құзыретті органы...

Толық оқу »

563-бап. Шет мемлекеттің аумағында алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

563-бап. Шет мемлекеттің аумағында алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi Шет мемлекеттің аумағында құқықтық...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 380. Ограничение исследования доказательств Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 380. Ограничение исследования доказательствУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Государственный обвинитель вправе ходатайствовать о т...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 375. Осмотр вещественных доказательств Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 375. Осмотр вещественных доказательствУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан Приобщенные к делу в ходе расследования и вновь представ...

Толық оқу »

Комментарий к  статье 366. Порядок представления и исследования доказательств Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан

Комментарий к статье 366. Порядок представления и исследования доказательствУголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан В судебном следствии исследуются доказа...

Толық оқу »

125-бап. Дәлелдемелердi бағалау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

125-бап. Дәлелдемелердi бағалау ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әрбiр дәлелдеме оның қатыстылығы, жол берілетіндігі, анықтығы, ал барлық жин...

Толық оқу »

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

239-бап. Жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерін бағалау және дәлелдеуде пайдалану ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Жасырын тергеу әрекеттері...

Толық оқу »

Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы

Қылмыстық істер бойынша дәлелдемелерді бағалаудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 20 сәуірдегі N 4 Нормативтік қаулысы. Ескерту....

Толық оқу »