375-бап. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Сот тергеп-тексеру барысында iске қоса тiгiлген және жаңадан ұсынылған заттай дәлелдемелерді сот тергеуi барысында қарап-тексеруге және тараптарға ұсынуға тиiс. Заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру сот тергеуiнiң кез келген сәтiнде тараптардың өтiнiшхаты бойынша да, сондай-ақ соттың бастамасы бойынша да жүргiзiледi. Заттай дәлелдемелер куәлардың, сарапшының, маманның қарап-тексеруі үшiн ұсынылуы мүмкiн. Өздеріне заттай дәлелдемелер ұсынылған адамдар соттың назарын заттай дәлелдемелердi қарап-тексеру кезінде анықталған, iс үшiн маңызы бар мән-жайларға аударуға құқылы.
2. Сот заттай дәлелдемелердi қарап-тексеруді олар тұрған жерде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде белгiленген қағидаларды сақтай отырып жүргiзе алады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы