563-бап. Шет мемлекеттің аумағында алынған дәлелдемелердің жол берілетіндігі ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
Шет мемлекеттің аумағында құқықтық көмек көрсету туралы сұрау салуларды (тапсырмаларды, өтінішхаттарды) орындау барысында оның лауазымды адамдары алған немесе Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес немесе өзара түсіністік қағидаты негізінде қылмыстық қудалауды жүзеге асыру туралы сұрау салуға (тапсырмаларға, өтінішхаттарға) қосымша ретінде Қазақстан Республикасына жіберілген, белгіленген тәртіппен куәландырылған және берілген дәлелдемелер, егер оларды алу кезінде әділ сот ісін жүргізу қағидаттары, адамның құқықтары мен негізгі бостандықтары бұзылмаса, жол берілетін дәлелдемелер деп танылады.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы