380-бап. Дәлелдемелердi зерттеудi шектеу ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi
1. Мемлекеттiк айыптаушы айыптау дәлелдемелерiнің зерттелуін көрсетілген өтiнiшхат қозғалған кезге қаралған дәлелдемелермен шектеу туралы өтiнiшхат беруге құқылы. Сот тараптардың пiкiрлерiн тыңдап, бұл өтiнiшхатты қанағаттандыруға құқылы.
2. Қорғаушы тарап сотталушының, қорғаушының, сотталушының заңды өкiлiнiң, азаматтық жауапкердiң немесе оның өкiлiнiң өтiнiшхаты бойынша ұсынылған және iске қоса тiгiлген дәлелдемелердi зерттеуден бас тартуға құқылы. Мұндай бас тарту сот үшiн мiндеттi.
Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы