Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кейстер / Зиянды өтеу туралы талап-арыздың соттылығы

Зиянды өтеу туралы талап-арыздың соттылығы

Зиянды өтеу туралы талап-арыздың соттылығы

Зиянды өтеу туралы талап-арыздың соттылығы

 

Жалпы ереже бойынша, оның ішінде мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап арыздар жауапкер орналасқан жері бойынша келтіріледі (АІЖК-нің 31 бабы). Сонымен бірге, АІЖК-нің 32-бабында аталған ерекше жағдайларда талап арыз талапкердің таңдауы бойынша келтіру құқығы көзделген. АІЖК-нің 32 бабының 5 бөлігіне сәйкес мертiгуге немесе денсаулығына зақым келтiрiлуге, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуына байланысты келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талап арызын талапкер оның мекен-жайы немесе мертігу орны бойынша келтірілуге мүмкін.

З.Т.Қ-аның Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі ММ-не қарсы берген денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру және моральдық зиянды өндіру туралы талап арызының соттылығы бір іс бойынша негізсіз екі рет ауыстырылған. З.Т.Қ-иева Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі ММ-не қарсы сотқа талап арызбен жүгіне отырып келесіні негіздеді, яғни 2014 жылдың 18 қараша айында 12 сағат 15 минут шамасында Талдықорған қаласының әскери госпиталінің бетонды қоршауы жерге құлап өзінің кәмелетке толмаған қызы Мадина Маратқызының екі аяғын жапырып кетті, соның нәтижесінде көпшілік жарақатпен с/3 деңгейінде сол жақ төменгі аяғына ампутация түрінде ота жасалып, денсаулығына ауыр зардап келтірілді.

Талапкер Талдықорған гарнизонының әскери сотына жүгініп, сотқа дейінгі дайындық кезеңінде 30.07.2015 жылы ұйғарыммен іс жауапкердің тұрғылықты мекен жайы бойынша Ақмола гарнизонының әскери сотына жолданған.

Жоғарыда аталған істі 02.09.2015 жылы өндіріске қабылдаған Ақмола гарнизонының әскери соты жауапкердің өтініші бойынша Талдықорған гарнизонының әскери сотына қайтарған.

Екі соттың негізсіз әрекеті АІЖК-нің 36-бабын дұрыс қолданбағандықтан туындаған. Талдықорған гарнизонының әскери соты Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі ММ-не қарсы берілген талап арызды өндіріске мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады деген АІЖК-нің 32-бабының 5-бөлігінің негізінде қабылдаған. Соттылықты өзгертудің негізі болмаған. Ақмола гарнизонының әскери соты істі өндіріске қабылдап, соттылықтың өзгеруімен келіспей, Талдықорған гарнизонының әскери сотының ұйғарымын заңмен белгіленген тәртіпте даулау құқығы болды.

Соттылығының дұрыс айқынданбауы сот актілерінің болжамды күшін жоюына ғана емес, даудың уақытылы шешілмеуіне және әуре-сарсаңға да апарып соғады.

Қазақстан Республикасының АК-нің 187 бабы 3 бөлігіне сәйкес талап қою: азаматтың өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиянның орнын толтыру туралы талаптарға қолданылмайды. Алайда, талап қою мерзiмi өтiп кеткеннен кейiн қойылған талаптар талап қойыла бастаған соң үш жылдан асырмай қанағаттандырылады.

Әдетте соттардың жаппай осы практиканы ұстанатындығы атап өтілуі қажет.

 

Назар аударыңыз!

«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкендігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды.

Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.

Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.

 

 

Құжатты жүктеп алу