Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың, мамандандырылған сот құрамдарының соттылығына жатқызылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың, мамандандырылған сот құрамдарының соттылығына жатқызылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

27-бап. Азаматтық істердің мамандандырылған соттардың, мамандандырылған сот құрамдарының соттылығына жатқызылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 

 

      1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар, басқа соттың соттылығына жататындығы заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді.

      Корпоративтік дауларға олардың тарапы коммерциялық ұйым, коммерциялық ұйымдар қауымдастығы (одағы), коммерциялық ұйымдар және (немесе) жеке кәсіпкерлер қауымдастығы (одағы), Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым мәртебесі бар коммерциялық емес ұйым және (немесе) оның акционерлері (қатысушылары, мүшелері), оның ішінде бұрынғы акционерлері (бұдан әрі – корпоративтік даулар) болып табылатын:

      1) заңды тұлғаны құруға, қайта ұйымдастыруға және таратуға;

      2) өзіне акционерлік қоғамның акцияларын, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін, кооперативтер мүшелерінің пайларын қамтитын мұраға қалдырылған мүлікті бөлуге немесе ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін бөлуге байланысты туындайтын дауларды қоспағанда, акционерлік қоғамдар ақцияларының, шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерінің, кооперативтер мүшелері пайларының тиесілілігіне, олардың ауыртпалықтарын анықтауға және олардан туындайтын құқықтарды іске асыруға, оның ішінде олармен жасалған мәмілелерді жарамсыз деп тануды;

      3) лауазымды адамдардың, құрылтайшылардың, акционерлердің, қатысушылардың (бұдан әрі – заңды тұлғаға қатысушылар) және өзге де тұлғалардың әрекеттерімен (әрекетсіздігімен) заңды тұлғаға келтірілген залалдарды өтеу туралы талаптарға;

      4) мәмілелерді жарамсыз деп тануға және (немесе) осындай мәмілелердің жарамсыздығының салдарларын қолдануға;

      5) заңды тұлғаның басқару органдарының құрамына кіретін немесе кірген адамдарды тағайындауға немесе сайлауға, өкілеттіктерін тоқтатуға, тоқтата тұруға және олардың жауаптылығына, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін жүзеге асыруға, тоқтатуға, тоқтата тұруға байланысты осындай адамдар мен заңды тұлға арасындағы азаматтық құқықтық қатынастардан туындайтын дауларға;

      6) бағалы қағаздар эмиссиясына;

      7) акцияларға және өзге де бағалы қағаздарға құқықтарды ескере отырып, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінің жүргізілуіне, сондай-ақ бағалы қағаздарды орналастыруға және (немесе) олардың айналымына байланысты дауларға;

      8) акциялар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тануға;

      9) заңды тұлғаға қатысушылардың жалпы жиналысын шақыру мен өткізуге және онда қабылданған шешімдерге;

      10) заңды тұлғаның басқару органдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айтуға байланысты даулар жатады.

1-1. Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттар дара кәсіпкерлердің және заңды тұлғалардың берешегін қайта құрылымдау, оларды оңалту және олардың банкроттығы, сондай-ақ оларды банкроттық рәсімін қозғамай тарату туралы істерді де қарайды.

      1-2. Астананың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты, астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының соттылығына жататын істерден басқа, инвестициялық даулар бойынша азаматтық істерді, сондай-ақ инвестордың инвестициялық қызметіне байланысты мемлекеттік органдардың инвесторларға талап қоюларын:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаның (оның филиалының, өкілдігінің);

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдіктің қатысуымен құрылған, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы шетелдік инвесторға тиесілі заңды тұлғаның;

      3) инвестицияларды жүзеге асыруға мемлекетпен жасалған келісімшарты болған кезде инвесторлардың қатысуымен қарайды.

      2. Мамандандырылған басқа соттардың соттылығына жататын істерді қоспағанда, егер тараптардың бірі әскери қызметші, әскери басқару органдары, әскери бөлім болып табылса, әскери соттар азаматтық істерді қарайды.

      3. Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмаған ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар арасындағы некені бұзу, мүлікті бөлу (кәмелетке толмаған балалар болған кезде) туралы, баланың тұрғылықты жерін айқындау, соның ішінде бала ата-аналарының біреуімен республикадан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін кеткен кезде айқындау; ата-анасының, жақын туыстарының олардан бөлек тұратын баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау; заңның негізінсіз басқа адамдардың қолындағы баланы алып қою туралы; ата-ана құқықтарынан айыру (оларды шектеу) және оларды қалпына келтіру (шектеулерді жою) туралы; бала асырап алу және оның күшін жою, бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы; кәмелетке толмағандарды арнаулы білім беру ұйымдарына немесе ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберу туралы; кәмелетке толмағандарға қатысты қорғаншылық пен қамқоршылықтан (патронаттан) туындайтын даулар бойынша; әкесін анықтау және алименттер өндіріп алу туралы; он төрттен он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адамның өз кірістеріне өз бетінше иелік ету құқықтарын шектеу немесе олардан айыру туралы арыздар бойынша; кәмелетке толмаған адамды әрекетке толық қабілетті деп жариялау (эмансипация) туралы; алименттердің мөлшерін өзгерту туралы, кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағуға алимент төлеуден, алименттер бойынша берешекті төлеуден босату туралы; кәмелетке толмағандардың еңбек, мұрагерлік, тұрғын үй құқықтарын қорғау туралы; Қазақстан Республикасына заңсыз алып келген немесе Қазақстан Республикасында ұсталып отырған баланы кері қайтару туралы немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттың негізінде осындай балаға қатысты қол жеткізу құқықтарын жүзеге асыру туралы; кәмелетке толмағандар және кәмелетке толғандар бірлесіп, оның ішінде әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеттілігі шектеулі кәмелетке толғандардың қатысуымен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық істерді қарайды және шешеді.

      Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын даулар бойынша азаматтық істерді қарайды және шешеді.

      Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың соттылығына жатқызылған істер кәмелетке толмаған адамның заңды өкілдерінің өтінішхаты бойынша, астананың және республикалық маңызы бар қалалардың",, облыс орталықтарының шегінде орналасқан аудандық (қалалық) соттардың соттылығына жатқызылған істерді қоспағанда, баланың тұрғылықты (болатын) жеріндегі аудандық (қалалық) сотта қаралуы мүмкін немесе оған берілуі мүмкін. Өтінішхат істі сот талқылауына дайындау аяқталғанға дейін берілуі мүмкін.

      4. Алып тасталды - ҚР 29.06.2020 № 351-VI Заңымен (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

      5. Инвестор қатысатын құқықтық қатынастардан туындайтын, инвестициялық қызметке байланысты емес өзге де даулар, сондай-ақ оңайлатылған іс жүргізумен қарауға жататын инвестор қатысатын даулар осы Кодекстің 3-тарауында белгіленген соттылыққа сәйкес аудандық (қалалық) және оларға теңестірілген соттардың соттылығына жатады.

 

  

 

Қазақстан Республикасының  

Президенті  

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК  

 Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы 

631-бап. Істердің алқабилер қатысатын сотқа соттылығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

631-бап. Істердің алқабилер қатысатын сотқа соттылығы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi1. Сот алқабилердің қатысуымен: 1) төтенше ахуал жағдайларынд...

Толық оқу »

33-бап. Өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

33-бап. Өзара байланысты бірнеше істердің соттылығы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Дербес талапты мәлімдеуші үшінші тұлғаның талап қоюы және қарсы...

Толық оқу »

27-2-бап. Азаматтық істердің азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың соттылығына жатқызылуы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

27-2-бап. Азаматтық істердің азаматтық істер жөніндегі кассациялық соттың соттылығына жатқызылуыҚазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің      Азаматтық істер ж...

Толық оқу »

103-бап. Әкімшілік істердің әскери соттарға соттылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

103-бап. Әкімшілік істердің әскери соттарға соттылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі Әскери соттар, егер әскери басқару органдары, әскери бөлі...

Толық оқу »

28-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына азаматтық істердің соттылығы

28-бапқа түсініктемелер. Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотына азаматтық істердің соттылығыҚазақстан Республикасының Жоғ...

Толық оқу »

30-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің

30-бап. Талап қоюшының таңдауы бойынша соттылық Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 1. Тұрғылықты жері белгісіз не Қазақстан Республикасында тұрғылықты же...

Толық оқу »

Заңгер-жер мүліктік даулары бойынша жер дауларын қарау жөніндегі Адвокат. Соттылық. Іске қатысатын адамдар тобын анықтау

Заңгер-жер мүліктік даулары бойынша жер дауларын қарау жөніндегі Адвокат. Соттылық. Іске қатысатын адамдар тобын анықтауЖер учаскелерін бөлу және қайта бөлу, жерге орналастыру...

Толық оқу »

Соттылық-талапкер әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу туралы талаптарды өзінің тұрғылықты жері бойынша да ұсына алады

Соттылық-талапкер әке болуды анықтау және алимент өндіріп алу туралы талаптарды өзінің тұрғылықты жері бойынша да ұсына аладыАІЖК-нің 29-бабының 1-бөлігіне байланысты талап қо...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылық

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты, бұрынғы лауазымын қалпына келтірудіе, жалақысын өндіріп алуды және моральдық зиянды өтеуді даулауға байланысты еңбек даулары бойынша Соттылы...

Толық оқу »

309-бап. Қылмыстық істердің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың әскери соттарының соттылығына жатуы ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

309-бап. Қылмыстық істердің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттардың және гарнизондардың әскери соттарының соттылығына жатуы ҚР ҚПК Қазақстан Ре...

Толық оқу »

Даулардың соттылығы бойынша заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды

Даулардың соттылығы бойынша заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайдыТалап қоюшы Ж. жауапкер А.-ның серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлес...

Толық оқу »

102-бап. Әкімшілік істердің соттылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

102-бап. Әкімшілік істердің соттылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Әкімшілік сот ісін жүргізуді мамандандырылған аудандық және оларға тең...

Толық оқу »

27-бапқа түсініктемелер. Азаматтық істердің мамандандырылған соттарға, Соттың мамандандырылған құрамдарына және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің Астана қаласы сотына соттылығы

27-бапқа түсініктемелер. Азаматтық істердің мамандандырылған соттарға, Соттың мамандандырылған құрамдарына және Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің Астана қ...

Толық оқу »

Сот практикасы өз қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тарату туралы істерді соттау

Сот практикасы өз қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын заңды тұлғаларды тарату туралы істерді соттауӨз қызметін заңнаманы өрескел бұза отырып жүзеге асыратын...

Толық оқу »

311-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу Кодексінің Әскери сотына істердің соттылығы

311-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік Кодексінің Әскери сотына істердің соттылығыӘскери сот апелляциялық және кассациялық сатылардағы сот ретінде ә...

Толық оқу »

Азаматтық істердің соттылығы жеке тұлғаға талап - арыздар оның тұрғылықты жері бойынша; заңды тұлғаға-құрылтай құжаттарына сәйкес оның орналасқан жері бойынша қойылады

Азаматтық істердің соттылығы жеке тұлғаға талап - арыздар оның тұрғылықты жері бойынша; заңды тұлғаға-құрылтай құжаттарына сәйкес оның орналасқан жері бойынша қойылады Іст...

Толық оқу »

Соттылық-жер қойнауын пайдаланушылар мен салық органдары арасындағы салықтық даулар

Соттылық-жер қойнауын пайдаланушылар мен салық органдары арасындағы салықтық даулар2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жер қойнауын пайдаланушылар мен салық органдары арасындағы сал...

Толық оқу »

Мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істердің соттылығы және ведомстволық бағыныстылығы

Мүліктік және мүліктік емес даулар бойынша азаматтық істердің соттылығы және ведомстволық бағыныстылығыАІЖК-нің 27-бабының 1-бөлігіне сәйкес мамандандырылған ауданаралық эконо...

Толық оқу »

311-бап. Әскери соттың соттылығына жататын істер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi

311-бап. Әскери соттың соттылығына жататын істер ҚР ҚПК Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексi 1. Әскери сот апелляциялық сатыдағы сот ретінде әрекет етеді. 2....

Толық оқу »

107-бап. Істердің байланыстылығы бойынша және тараптардың таңдауы бойынша соттылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

107-бап. Істердің байланыстылығы бойынша және тараптардың таңдауы бойынша соттылық Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі1. Бірнеше жауапкерге талап қо...

Толық оқу »

105-бап. Әкімшілік істердің Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына соттылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

105-бап. Әкімшілік істердің Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотына соттылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 1. Қазақстан Республикасының Жоға...

Толық оқу »

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексі Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери соттарға және гарнизондардың әскери соттарына қылмыстық істердің соттылығы

309-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексі Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери соттарға және гарнизондардың әскери со...

Толық оқу »

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша соттылық

Азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және қайтыс болды деп жариялау туралы істер бойынша соттылықАзаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану және қайтыс болды деп жариялау туралы і...

Толық оқу »

Атқару парағын беру туралы өтініштің нысаны мен мазмұны Соттылығымен Мемлекеттік баж

Атқару парағын беру туралы өтініштің нысаны мен мазмұны Соттылығымен Мемлекеттік бажАПК-нің 253-бабының бірінші бӛлігіне сәйкес тӛрелік шешімді мәжбүрлеп орындату туралы ӛтіні...

Толық оқу »

104-1-бап. Әкімшілік істердің кассациялық соттарға соттылығы Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі

104-1-бап. Әкімшілік істердің кассациялық соттарға соттылығыҚазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі      1. Осы Кодекстің 105-бабында көзделген істерді...

Толық оқу »

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты даулау, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта алу және жалақыны өндіріп алу туралы істердің соттылығы

Еңбек шартын бұзу туралы бұйрықты даулау, бұрынғы лауазымына жұмысқа қайта алу және жалақыны өндіріп алу туралы істердің соттылығыАзаматтық процестік кодекстің 26-бабына сәйке...

Толық оқу »