Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті жасырын ұрлау деп қайта сараланды.
Қызылорда облысы Жалағаш аудандық сотының 2012 жылғы 15 тамыздағы үкімімен: Е., бұрын: 20.10.2004 жылы ҚК-нің 178-бабы 2 -бөлігінің «а» тармағымен 3 жылға бас бостандығынан айыруға сотталып, 14.04.2006 жылы 1 жыл 5 ай 13 күнге мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған. Енді ҚК-нің 179-бабының 2-бөлігінің «в,г» тармақтарымен мүлкін тәркілеп, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруға, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге сотталған. ҚК-нің 13-бабы 2-бөлігінің «б» тармағымен оның әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы бар деп танылған. Е.-ден жәбірленушінің пайдасына 6700 теңге өндірілген. Сот үкімімен Е. бөтен мүлікті ұрлау мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті күш көрсету арқылы тұрғын үйге заңсыз кіріп, қару ретінде пайдаланатын затты қолдану арқылы қарақшылық жасағаны үшін кінәлі болып танылған. Қызылорда облыстық соты апелляциялық сот алқасының қаулысымен сот үкімі өзгерізсіз қалдырылған. Облыстық соттың кассациялық сот алқасы сот актілерін өзгеріссіз қалдырған. Е.-нің қорғаушылары Жоғарғы Сотттың қадағалау сот алқасына берген өтініштерінде Е.-нің қарақшылық жасамағанын, тергеу айыптау бағытында жүргізіліп, істің нақты мән-жайлары анықталмағанын, сондықтан сот қаулыларының күшін жойып, оның әрекетін ҚК-нің 179-бабынан осы кодекстің 175-бабының 1-бөлігімен қайта саралап, жазасын жеңілдетуді сұраған. Өтініште көрсетілген уәждерді талқылап, прокурордың сотталған Е.-нің әрекетін ҚК-нің 175-бабының 1-бөлігіне ауыстырып қайта саралауды сұраған пікірін тыңдап, қылмыстық істегі дәлелдемелерді жан-жақты тексеріп, қадағалау сот алқасы сотталған Е. жөніндегі сот қаулылары төмендегі мән-жайлардың негізінде өзгертілуге жатады деп есептейді.
Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті жасырын ұрлау деп қайта сараланды.
Қылмыстық істегі дәлелдемелерге қарағанда, жәбірленуші Д. алдын ала тергеуде және сотта берген жауаптарында Е. оның үйінің сыртқы есігін қатты күшпен жұлқып ашып кіріп келіп, сөзге келместен қатты затпен басынан ұрып, ішінен тепкен кезде есеңгіреп қалғанын, содан есін жиып далаға қарай қашқанын, сол кезде Е. оның костюмінің қалталарын қарап жатқанын көріп қалғанын, есік алдында Е.-нің автокөлігі тұрғанын, өзі үйдің артындағы жыңғыл ағаштардың арасына барып тығылып отырғанын, содан кейін басынан қан кетіп, басы қатты айналған соң көршісі Ж.-ның үйіне барып, өзін себепсіз Е.-нің ұрғанын айтқанын, көршісімен бірге үйіне келгенде үй іші шашылып жатқанын, костюмінің қалтасындағы әмианы, оны ішіндегі 2000 теңгесі, 3000 теңгеге сатып алған кроссовкасы мен 600 теңге тұратын күнге қарсы киетін көзілдірігі, жалпы бағасы 7300 теңгеге бағаланған заттары ұрланғанын көрсетіп жауап берген. Куә Ж. жауабында таңертеңгі уақытта үйіне Д. бет-ауызы, үстіндегі киімі қан-қан күйінде келіп, бір балалар ұрып кеткенін айтып, жедел жәрдем шақыртуды сұрағанын, онымен бірге үйіне барғанда үй іші шашылып, жеке куәлігі жерде жатқанын, Д. әмианын, аяқ киімін таба алмағанын, жедел жәрдем оны ауруханаға алып кеткенін көрсеткен. Сот-дәрігерлік сараптама қорытындысына сәйкес, жәбірленуші Д.-ның басында жабық түрдегі жарақат бары, миының 1 дәрежелі шайқалуы, сол жақ қабағында жара, кеудесінің сол жағында көгерген іздер болғаны, оның денсаулығына өміріне қауіпті емес жеңіл зиян келтірілгені анықталған. Сотталған Е. сотта берген жауабында Д.-ның үйінде екеуі қосылып арақ ішіп отырғанда жоғалған телефон жайлы әңгіме болып, онымен сөзге келісіп қалғанын, сол кезде Д. үйден шық деп төсегінің астынан пышақ алып шығып өзіне ұмтылғанын, одан қорғанып жүріп, бауырынан бір тепкенін, Д. төсекке аяғы шалынып, жерде тұрған шәйнекке құлап қасын жарып алғанын, өзінің оны орнынан тұрғызып, бет-ауызын жуғанын, Д. жедел жәрдем шақыртудан бас тартқанын, ішетін арақ таусылған соң, ол автокөлігінің ішінде болған арақты алып келіп, екеуі бірге ішіп, татуласқаннан кейін сағат түнгі 1 шамасында үйіне кетіп қалғанын, оны ұрмағанын, заттарын алмағанын көрсеткен. Тергеу барысында Е.-нің үйіне тінту жүргізу кезінде «Romantik» деген жазуы бар күнге қарсы киетін көзілдірік алынған. Оны жәбірленуші Д. жазуынан, бес ойық нүктелерінен танып, өзінің үйінен ұрланғанын көрсеткен. Қадағалау сот алқасы қылмыстық істегі жәбірленуші Д. мен Е.-нің тергеуден бастап сотқа дейінгі берген жауаптарын істегі дәлелдемелермен салыстырып, талдап, тексеріп, сотталған Е. жәбірленушінің заттарын иемдену үшін қару ретінде пайдаланылатын затты қолданумен оның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып, қарақшылық шабуыл жасаған деген сот тұжырымы күмәнді болғандықтан, сейілмеген күмән айыпталушының пайдасына шешілуі тиіс деп санайды. Заң талабы бойынша қарақшылық жасау кезінде күш қолдану бөтеннің мүлкін заңсыз иелену мақсатында жасалады. Кінәлі адам күш қолдану арқылы жәбірленуінің қарсылығын басады немесе мүлкін беруге мәжбүрлейді, яғни оның ниеті мүлікті иеленуге бағытталады. Ал істегі мән-жайларға қарағанда, Е. мен Д. екеуі арақ ішіп отырып, сөзге келген, Е. жәбірленушіні ұрып-соққан кезде ол үйінен қашып кеткен. Д. заттарының жоқ екенін кейін білген, ол Е.-ның өз үйінен не алғанын көрмеген. Осы жауабын жәбірленуші бірнеше рет көрсеткен. Демек, Е.-нің жәбірленушіге күш қолданып, мүлкін иемдену ниеті болмаған. Сондықтан қадағалау сот алқасы сотталған Е.-нің қылмыстық әрекетін ҚК-нің 179-бабы 2-бөлігінің «в,г» тармақтарынан ҚК-нің 175-бабының 1- бөлігімен қайта саралауға жатады деген тұжырымға келіп, оған 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚК-нің 13-бабының 1-бөлігіне сәйкес, оның әрекетінде қылмыстың қайталануы бар деп таныды. Жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге белгіледі. Сот қаулыларының қалған бөлігін өзгеріссіз қалдырды.
Назар аударыңыз!
«Заң және Құқық» адвокаттық кеңсесі, бұл құжаттың жалпылама екендігіне және нақты сіздің жағдайыңыздың талаптарына сәйкес келмеуі мүмкіндігіне көңіл бөлуіңізді сұрайды. Біздің заңгерлер сіздің нақты жағдайыңызға сәйкес келетін кез келген құқықтық құжатты әзірлеп көмектесуге дайын.
Қосымша ақпарат алу үшін Заңгер/Адвокат телефонына хабарласуыңызға болады: +7 (708) 971-78-58; +7 (700) 978 5755, +7 (700) 978 5085.
Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы
Құжатты жүктеп алу
-
Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті жасырын ұрлау деп қайта сараланды.
229 рет жүктеп алынды -
Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті жасырын ұрлау деп қайта сараланды.
182 рет жүктеп алынды -
Сотталғанның бөтен мүлікті заңсыз иелену мақсатында адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін күш қолданып шабуыл жасағаны дәлелденбегендіктен оның әрекеті бөтен мүлікті жасырын ұрлау деп қайта сараланды.
255 рет жүктеп алынды