103-бап. Жалға берушiнiң талап етуi бойынша мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шартын бұзу Тұрғын үй қатынастары туралы Заңы
1. Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi жалдау (қосымша жалдау) шарты жалға берушiнiң талап етуiмен осы Заңда белгiленген негiздер бойынша ғана бұзылуы мүмкiн.
2. Жалдау (қосымша жалдау) шарты бұзылған жағдайда, сондай-ақ осы Заңда көзделген басқа да негіздер бойынша жалдаушы (қосымша жалдаушы) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді босатуға тиіс. Олай болмаған жағдайда ол сот шешімі негізінде шығарылуы мүмкін.
3. Ата-анасының қамқорлығысыз қалған кәмелетке толмаған балаларға қатысты мемлекеттік тұрғын үй қорынан басқа жарамды тұрғын үй және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйлер берілместен тұрғын үйді босату немесе одан шығару туралы талаптар қоюға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi N 94 Заңы.
Қазақстан Республикасының Президенті
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Конституция Заң Кодекс Норматив Жарлық Бұйрық Шешім Қаулы Адвокат Алматы Заңгер Қорғаушы Заң қызметі Құқық қорғау Құқықтық қөмек Заңгерлік кеңсе Азаматтық істері Қылмыстық істері Әкімшілік істері Арбитраж даулары Заңгерлік кеңес Заңгер Адвокаттық кеңсе Қазақстан Қорғаушы Заң компаниясы