Қызметтер үшін төлем тек компанияның шотына төленеді. Сізге ыңғайлы болу үшін біз Kaspi RED / CREDIT /БӨЛІП ТӨЛЕУДІ іске қостық 😎

Басты бет / Кодекстер / 110-бап. Қинау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

110-бап. Қинау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

АMANAT партиясы және Заң және Құқық адвокаттық кеңсесінің серіктестігі аясында елге тегін заң көмегі көрсетілді

110-бап. Қинау  ҚР ҚК, Қылмыстық кодексi Қазақстан Республикасының

1. Жәбірленушіні азаптау мақсатында аса қатыгездікпен, қорлаумен жасалған зорлық-зомбылық әрекеттері арқылы тән зардабына немесе психикалық зардап шегуге ұшырату, егер бұл іс-әрекет денсаулыққа ауыр немесе ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келмесе, –  

      бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2 Мынадай:

      1) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты;

      2) екi немесе одан да көп адамға қатысты;

      3) кiнәлi адамға жүктiлiк жағдайда екенi көрінеу белгiлi әйелге қатысты;

      4) алып тасталды – ҚР 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

      5) жалдау бойынша;

      6) әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжі бойынша жасалған дәл сол іс-әрекет –

   төрт жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

 

Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (коментарии), Жоғарғы Соттың

нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша азаптау

Әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе араздық себебі бойынша азаптау1. Қылмыс құрамының нормативтік негізіҚР ҚК-нің 110-бабының қолданыстағы редакциясы азаптау...

Толық оқу »

164-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру

164-бапқа түсініктеме. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ҚР ҚК әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни араздықты қоздыру 1. Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсіл...

Толық оқу »