544-бап. Мүлiктік жалдау шартының нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi
1. Бiр жылдан астам мерзiмге жасалған, ал егер тараптардың бiреуi заңды тұлға болса, мерзiмiне қарамай-ақ, мүлiктік жалдау шарты жазбаша түрде жасалуға тиiс.
2. Алып тасталды - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Азаматтар арасындағы бiр жылға дейiнгi мерзiмге оны қоса алғанда мүлiктік жалдау шарты ауызша түрде жасалуы мүмкiн.
4. Мүлiкке меншiк құқығының кейiннен жалға алушыға ауысуын көздейтiн мүлiктік жалдау шарты сондай мүлiктi сатып алу-сату шарты үшiн көзделген нысанда жасалады.
Ескерту. 544-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Азаматтық кодексi Қылмыстық-процестік кодексi, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық кодекске түсініктеме (комментарии), Жоғарғы Соттың нормативтік қаулысы, Қылмыстық заңнама, Нормативті құқықтық актілер Қазақстан Республикасы